Об утверждении положения о государственном учреждении "Сырымский районный отдел сельского хозяйства и ветеринарии"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении положения о государственном учреждении "Сырымский районный отдел сельского хозяйства и ветеринарии"
- Атауы (қаз.)
- "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi туралы ереженi бекiту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 107
- Қабылданған күні
- 04.05.2014
- Көрсетілген редакция
- 02.03.2015 80170_67186.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.03.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14ZJ003537
- ЭКБ идентификаторы
- 80170
- Редакция идентификаторы
- 80170_67186
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:47
0 "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы
және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк
мекемесi туралы ереженi бекiту туралы
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексiне, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органның үлгi ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 29 қазандағы №410 Жарлығына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қоса берiлiп отырған "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi туралы ереже бекiтiлсiн.
2 2. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Т. Төреғалиевке жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi.
5 2014 жылғы 4 мамырдағы № 107
Сырым ауданы әкiмдiгiнiң
қаулысымен бекiтiлдi
"Сырым аудандық ауыл шаруашылығы
және ветеринария бөлiмi"
мемлекеттiк мекемесiнiң ережесi
1 1. Жалпы ережелер
1 1. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi – Сырым ауданы аумағында ауыл шаруашылығы және ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2
2. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi туралы ережеге (бұдан әрi-Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
3
3. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4 4. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
5 5. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6
6. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
7 7. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
8 8. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексi 090900, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жымпиты ауылы, Қазақстан көшесi, №8.
9 9. Мемлекеттiк органның толық атауы – "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi.
10 10. Осы Ереже "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.
11 11. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.
12 12. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2 2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi
13 13. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң миссиясы:
1 1) Сырым ауданының жергiлiктi атқарушы органының қызметiн сапалы және мерзiмдi ақпараттық-талдаулық қолдау және ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету;
2 2) ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттiк қызметтердi көрсету саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру.
14 14. Мiндеттерi:
"Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң негiзгi мiндетi ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру болып табылады.
15 15. Функциялары:
1 1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiн заңнамаға сәйкес және осы саладағы және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;
2 2) агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
3 3) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингiн жүргiзу;
4 4) елдi мекендерде ауыл шаруашылығы малын ұстау мен жаюдың ережелерiн әзiрлеу;
5 5) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi жүргiзудi, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, күтiп-ұстау мен реконструкциялауды ұйымдастыру;
6 6) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргiзу және оны облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) беру;
7 7) тиiстi өңiрде азық-түлiк тауарлары қорларын есепке алуды жүргiзу және облыстың жергiлiктi атқарушы органына (әкiмдiгiне) есептiлiк ұсыну;
8 8) "Агроөнеркәсiп кешенiндегi үздiк кәсiп иесi" конкурсын өткiзу;
9 9) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшiн жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
10 10) мүдделi тұлғаларға өткiзiлiп жатқан ветеринариялық iс-шаралар туралы ақпарат берудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
11 11) ветеринария мәселелерi бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу;
12
12) жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларды ұйымдастыру;
13 13) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
14 14) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын иелерiне өтеу;
15 15) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантиндi немесе шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы жұмыстарды ұйымдастыру;
16 16) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралар кешенi жүргiзiлгеннен кейiн тиiстi аумақтың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу iс-шараларын немесе карантиндi тоқтату туралы жұмыстарды ұйымдастыру;
17 17) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық iс шаралар өткiзудi ұйымдастыру;
18 18) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбе бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық iс-шаралар өткiзудi ұйымдастыру;
19 19) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру, ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi дерекқорды жүргiзу бойынша iс-шаралар өткiзудi ұйымдастыру;
20 20) ветеринариялық есепке алу мен есептiлiктi жинақтау, талдау және оларды облыстың жергiлiктi атқарушы органына ұсыну;
21 21) облыстың жергiлiктi атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық iс-шаралар жөнiнде ұсыныстар енгiзу жұмыстарын ұйымдастыру;
22 22) облыстың жергiлiктi атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тiзбесi жөнiнде ұсыныстар енгiзу жұмыстарын ұйымдастыру;
23 23) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
24 24) облыстың жергiлiктi атқарушы органына тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында ветеринариялық-санитарлық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi ветеринариялық iс-шаралар туралы ұсыныстар енгiзу;
25 25) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
26
26) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады;
27
27) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырады;
28
28) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық байқаудан өткiзудi жүзеге асырады;
29 29) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жүргiзу құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер берудi жүргiзедi;
30 30) заңнамада белгiленген тәртiппен ауыл шаруашылығы саласындағы субсидия төлеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның жұмыс органын ұйымдастырады және жүзеге асырады.
16 16. Құқықтары мен мiндеттерi:
1 1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтауға;
2 2) заңнамаларда белгiленген тәртiппен салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге;
3 3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жауапты болуға;
4 4) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
5 5) мемлекеттiк органдардың иелiгiндегi ақпараттық деректер банкiн пайдалануға;
6 6) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдармен және мемлекеттiк емес мекемелермен және ұйымдармен "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қызметтiк хат алмасуға;
7 7) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының, Президент актiлерiнiң, Үкiмет қаулыларының, әкiмдiк қаулыларының, аудан әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң орындалуын тексеруге, анықталған кемшiлiктердi жою жөнiндегi шаралар алуға;
8 8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асырады.
3 3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру
17
17. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне басшылықты "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
18 18. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ауданының әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19 19. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
20 20. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:
1 1) мемлекеттiк мекеменiң жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық жасайды және мемлекеттiк мекемеге жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыру үшiн дербес жауап бередi;
2 2) өзiнiң орынбасарының және мемлекеттiк органның қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен құзiреттерiн анықтайды;
3 3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4 4) заңнамаларда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орган қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады және ынталандыру бойынша шараларды алады, өз құзiретiне жататын еңбек қатынастарының мәселелерiн шешедi;
5 5) бұйрықтарға қол қояды;
6 6) барлық мемлекеттiк органдарда және басқа да ұйымдарда мемлекеттiк мекеменiң мүддесiн бiлдiредi;
7 7) мемлекеттiк функцияларды атқарумен байланысты емес, үшiншi жақтарға қатысты мемлекеттiк мекеме атынан шешiм қабылдауға сенiмхат бередi;
8 8) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнiндегi жұмыстарды жүргiзедi және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауапты болады;
9
9) мемлекеттiк органға жүктелген мiндеттердiң, заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi актiлерiнiң, Үкiмет қаулыларының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi өкiмдерiнiң, Батыс Қазақстан облысы әкiмдiгi мен әкiмiнiң, аудан әкiмдiгi мен әкiмi актiлерiнiң, әкiм орынбасарларының тапсырмаларының, өз өкiлеттiктерi шегiнде қабылдаған облыстық және аудандық мәслихат актiлерiнiң жедел және нақты орындалуы үшiн дербес жауапты болады;
10 10) өзiне жүктелген мiндеттердiң орындалмағаны үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен жауапты болады;
11 11) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
21 21. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22 22. Бiрiншi басшы өз орынбасарының өкiлеттiгiн қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгiлейдi.
4 4. Мемлекеттiк органның мүлкi
23 23. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.
"Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.
24 24. "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
25
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сырым аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.