Об утверждении регламента государственной услуги "Присвоение статуса оралмана"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении регламента государственной услуги "Присвоение статуса оралмана"
- Атауы (қаз.)
- "Оралман мәртебесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2/342
- Қабылданған күні
- 11.05.2014
- Көрсетілген редакция
- 23.07.2015 80175_136990.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14R0001048
- ЭКБ идентификаторы
- 80175
- Редакция идентификаторы
- 80175_136990
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:43
0 "Оралман мәртебесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 22 шілдедегі «Халықтың көші-қоны туралы» және 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Оралман мәртебесін беру туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2 2. Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ю. Ильинге жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы «11» мамырдағы
№ 2/342 қаулысымен бекітілген
«Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1 1. Жалпы ережелер
1
1. «Оралман мәртебесін беру» осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының негізінде әзірленген.
2
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.
4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушы(лар)ға оралман куәлігін (куәліктерін) беру, не құжаттар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда бас тарту.
5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы
6 6. Стандарттың 9 тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті алушы(лар)дан өтініш пен құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің алуы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) басталуы үшін негіздеме болып табылады.
7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар), оны орындау ұзақтығы:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің маманы Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады.
2 2) құжаттар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің маманы өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама береді. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыға қолхатты немесе хабарламаны беру – 15 минут.
3 3) «Оралман» деректер қоры» автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ААЖ) арқылы ұсынылған құжаттарды тексеру, көрсетілетін қызметті беруші маманының көрсетілетін қызметті алушылар туралы деректерді ААЖ-ға енгізуі – 15 минут;
4 4) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі маманының өтінішті тіркеуі – 15 минут;
5 5) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы іс материалдарымен танысады – 15 минут. Нәтижесі – орындауға арналған қарар;
6 6) көрсетілетін қызметті беруші маманының материалдарды оралман мәртебесін беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) қарауына әзірлеуі – 3 жұмыс күні;
7 7) комиссияның құжаттарды сәйкестік тұрғысында қарауы – 15 минут;
Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы(лар)ға оралман мәртебесін беру туралы ұсынысы. Оралман мәртебесін беруден бас тартқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға екі жұмыс күнінің ішінде дәлелді жауап жіберіледі;
8 8) көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі – 2 жұмыс күні;
9 9) көрсетілетін қызметті беруші маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруі – 15 минут.
3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
8 8. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің маманы;
4 4) комиссия.
9 9. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) мен көрсетілетін қызметті алушының арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігінің сипаттамасы:
1 1) көрсетілетін қызметті берушінің маманы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына сәйкестік тұрғысында тексереді – 15 минут;
2 2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі тіркейді және бұрыштама қою үшін басшылыққа жібереді – 15 минут;
3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама қояды, құжаттарды орындау үшін маманға жібереді – 15 минут;
4 4) көрсетілетін қызметті берушінің маманы материалдар дайындайды және оларды комиссияның қарауына ұсынады – 3 жұмыс күні;
5 5) комиссия іс материалдарын қарайды және оралман мәртебесін беру туралы ұсыныс шығарады – 15 минут;
6 6) көрсетілетін қызметті берушінің маманы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдейді, тиісті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді және көрсетілетін қызметті берушінің елтаңбалы мөрін басады – 2 жұмыс күні;
7 7) көрсетілетін қызметті берушінің маманы көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің дайын нәтижесін береді – 15 минут.
10 10. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасында рәсімдер үдерісі жүйелілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес кестеде берілген.
11
11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) жүйелілігін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
40 «Оралман мәртебесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
1 қосымша
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкерлері арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) жүйелілігінің сипаттамасы
41 «Оралман мәртебесін беру»
Мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2 қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес–процестерінің анықтамалығы
«Оралман мәртебесін беру туралы»
(мемлекеттік қызмет көрсетудің атауы)