Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах субсидирования в области животноводства

Қаулы · № 93 · қабылданған 29.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80176/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О некоторых вопросах субсидирования в области животноводства Күшін жойған Қаулы ·№ 93 ·29.04.2014
20.01.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах субсидирования в области животноводства

Күшін жойған Қаулы ·№ 93 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах субсидирования в области животноводства
Атауы (қаз.)
Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
93
Қабылданған күні
29.04.2014
Көрсетілген редакция
20.01.2015 AI80176_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14Z0003539
ЭКБ идентификаторы
80176
Редакция идентификаторы
AI80176_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:50

0 Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекiту туралы" 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған бюджеттік субсидиялар нормативі;

2 2) жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар бекітілсін.

2 2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі және аудандар мен Орал қаласының әкімдері осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
_____________А. С. Мамытбеков
05.05.2014 жыл

7 2014 жылғы 29 сәуір № 93

Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы
ірі қара малдың аналық мал басын қолдан
ұрықтандыруды ұйымдастыру жөніндегі
шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған
бюджеттік субсидиялар
нормативі

Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге
Ірі қара мал шаруашылығы
1
Жеке қосалқы
шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын
қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
бас
2167,3

8 2014 жылғы 29 сәуір № 93

Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген
Жеткізушілерге қойылатын
өлшемдер мен талаптар

Субсидиялау бағыттары
Өлшемдер мен талаптар
1.
Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру
1. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы
ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер
көрсету жөніндегі шарттың
түпнұсқасы мен көшірмесінің болуы;
2. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы
ірі қара малдың бір аналық мал
басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі
шығындарды есептеу-анықтамасының болуы;
3. Ұрықтандырылған ірі қара малдың
аналық басына ұрықтандыру
актісінің және тексеру жүргізу актісінің түпнұсқалары мен көшірмелерінің болуы;
4. Отандық асылдандыру орталығынан
(асылдандыру орталықтарын есепке алмағанда) ұрықты сатып алуға
шарттың түпнұсқасы мен көшірмесінің болуы;

Қолданыстағы