Құжат мәтініне өту

Об установлении карантина на территории Талдинского сельского округа

Қаулы · № 10/01 · қабылданған 22.05.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80213/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении карантина на территории Талдинского сельского округа Күшін жойған Қаулы ·№ 10/01 ·22.05.2014
14.07.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении карантина на территории Талдинского сельского округа

Күшін жойған Қаулы ·№ 10/01 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении карантина на территории Талдинского сельского округа
Атауы (қаз.)
Талды ауылдық округінің аумағында карантин белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
10/01
Қабылданған күні
22.05.2014
Көрсетілген редакция
14.07.2014 80213_200917.kaz
Соңғы өзгеріс
14.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14KQ002651
ЭКБ идентификаторы
80213
Редакция идентификаторы
80213_200917
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:37

0 Талды ауылдық округінің аумағында карантин белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" қаулысына сәйкес, Шет ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Талды ауылдық округінің аумағында құстар арасында Ньюкасл ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.

2

2. "Шет ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабында белгіленген, құстың жұқпалы ауруының таралуына жол бермеу мақсатында, эпизоотия ошағында және қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу, қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды өткізсін.

3

3. "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Шет аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі (А. Рахымжанов келісім бойынша) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабымен көзделген шектеу іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Шоқан Кәмелұлы Жүніске жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы Министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау Комитетінің
Шет аудандық аумақтық
инспекциясы" басшысы
А.Н. Рахымжанов
22 мамыр 2014 жыл

Қолданыстағы