Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в поселках и сельских округах города Семей
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества в поселках и сельских округах города Семей
- Атауы (қаз.)
- Семей қаласының кент және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 29/153-V
- Қабылданған күні
- 19.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 10.11.2023 80265_680053.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14VB003347
- ЭКБ идентификаторы
- 80265
- Редакция идентификаторы
- 80265_680053
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:58
0 Семей қаласының кент және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Казақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» каулысына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Семей қаласының кент және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Семей қаласының кент және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасы
Семей қаласы мәслихатының
2014 жылғы 19 сәуірдегі № 29/153-V
шешімімен бекітілген
Семей қаласының кент және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізу және ауылдық округтерінде бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті
қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын
үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Семей қаласының кент және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау қағидасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Казақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» каулысына сәйкес әзірленді және бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарды өткізу тәртібін айқындайды.
2. Семей қаласының кент және ауылдық округтерінде бөлек жергілікті бөлек жиындарын өткізу қағидасы (бұдан әрі –бөлек жиын) кент, ауылдық округтер аумағында өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды кент,ауылдық округтің әкімі шақырады.
Семей қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді кенттің және ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардан тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды ауылдық округі, кент әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауылдық округ, кент әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын 100 тұрғыннан 1 өкілі құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидасы негізінде айқындалады.