Құжат мәтініне өту

Об установлении категорий и увеличение размеров базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)

Өзге акт · № 17-8 · қабылданған 18.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80278/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об установлении категорий и увеличение размеров базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги) Күшін жойған Өзге акт ·№ 17-8 ·18.04.2014
25.04.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении категорий и увеличение размеров базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)

Күшін жойған Өзге акт ·№ 17-8 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении категорий и увеличение размеров базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)
Атауы (қаз.)
Автотұрақтар (паркингтер) үшін белінген жерлерге санатын белгілеу және салынатын жер салығының базалық ставкасын ұлғайту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17-8
Қабылданған күні
18.04.2014
Көрсетілген редакция
25.04.2018 80278_324111.kaz
Соңғы өзгеріс
25.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14VN003348
ЭКБ идентификаторы
80278
Редакция идентификаторы
80278_324111
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:59

0 Автотұрақтар (паркингтер) үшін белінген жерлерге санатын белгілеу және салынатын жер салығының базалық ставкасын ұлғайту туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 381 бабына, 386 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Автотұрақтар (паркингтер) санаты 1 қосымшаға сәйкес белгiленсiн.

2

2. Тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық ставкалар бойынша салық салуға жататын автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлінген жерлерге автотұрақтардың санатына қарай базалық ставкалардың мөлшерi 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.

3 3. Күршім ауданына жататын автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген басқа санаттағы жерлерге базалық салық ставкаларын қолдануға жақын жатқан елдi мекен болып Күршім ауылы айқындалсын.

4 4. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

5 Күршім ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердін) түріне қарай автотұрақтардың (паркингтердін) санаттары

Күршім аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 18 сәуірдегі
№ 17-8 шешіміне
1 қосымша
Күршім ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердін) түріне
қарай автотұрақтардың (паркингтердін) санаттары
Р/с

Автотұрақтардың (паркингтердін) түрлері
Санаты
1
Жер үстіндегі жабық түрлі автотұрақтар, ашық түрлі автотұрақтар
1 санат
2
Басқа маңыздағы ғимараттарға жалғастырылған автотұрақтар, басқа маңыздағы ғимараттың ішінде салынған автотұрақтар
2 санат
3
Ғимараттардың жер астындағы, үй астындағы, жер үстіндегі төменгі немесе цокольдық қабаттарында орналасқан автотұрақтар
3 санат

6 Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге салынатын салық ставкасын автотұрақтардың (паркингтердін) санаттарына қарай көбейту туралы

Күршім аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 18 сәуірдегі
№ 17-8 шешіміне
2 қосымша
Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге салынатын салық
ставкасын автотұрақтардың (паркингтердін) санаттарына қарай
көбейту туралы
Р/с

Автотұрақтардың (паркингтердін) санаттары
Салық ставкасын көбейту мөлшері
1
1 санат
10 есе
2
2 санат
9 есе
3
3 санат
8 есе

Қолданыстағы