Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги "Аттестация производителей оригинальных, элитных семян, семян первой, второй и третьей репродукций и реализаторов семян"

Қаулы · № 544 · қабылданған 15.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80285/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги "Аттестация производителей оригинальных, элитных семян, семян первой, второй и третьей репродукций и реализаторов семян" Күшін жойған Қаулы ·№ 544 ·15.04.2014
13.11.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги "Аттестация производителей оригинальных, элитных семян, семян первой, второй и третьей репродукций и реализаторов семян"

Күшін жойған Қаулы ·№ 544 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги "Аттестация производителей оригинальных, элитных семян, семян первой, второй и третьей репродукций и реализаторов семян"
Атауы (қаз.)
"Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
544
Қабылданған күні
15.04.2014
Көрсетілген редакция
13.11.2014 AI80285_2.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14L0004685
ЭКБ идентификаторы
80285
Редакция идентификаторы
AI80285_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:04

0 "Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған "Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. С. Нұртаевқа жүктелсін.

3

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ "Бiрегей, элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтілген тұқым өндiрушiлердi және тұқым өткiзушiлердi аттестаттау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы N 199 қаулысы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.

4 Қызылорда облысы әкімдігінің

2014 жылғы "16" сәуірдегі
N 544 қаулысымен бекітілген
"Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: облыстың жергілікті атқарушы органы ("Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)).

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші;

2 2) "электронды үкіметтің" www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы аттестаттау туралы куәлікті (бұдан әрі- куәлік) беру.

Көрсетілетін қызметті берушіге куәлікті қағаз жеткізгіште алуға өтініш берген жағдайда, аттестаттау туралы куәлік электронды форматта ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен расталады және оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды.

4 4. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлім қызмет алушыға ұсынады (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

5

5. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 наурыздағы N 199 қаулысымен бекітілген "Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және тұқым өткізушілерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынуы.

6 6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;

2

2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні, сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні (уақыты) және құжаттарды беру орны, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдаған жауапты лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (жиырма минуттан аспайды);

3 3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және орындаушыға жолдайды (жиырма минуттан аспайды);

4 4) орындаушы құжаттарды қарайды және облыс әкімдігінің қаулысымен құрылатын сараптамалық комиссияның қарауына (бұдан әрі - комиссия) ұсынады (екі жұмыс күні ішінде);

5 5) комиссия құжаттарды зерттейді, тұқым шаруашылығы егістігіне барып, талаптарға сәйкестік дәрежесін анықтайды, тексеру актісін жасайды және комиссия отырысының хаттамасын көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды (бес жұмыс күні ішінде);

6

6) көрсетілетін қызметті беруші комиссияның шешіміне сәйкес бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндіруші және тұқым өткізуші мәртебесін беру (бұдан әрі - мәртебе) жөнінде қаулының қабылдануын қамтамасыз етеді және қаулы көшірмесін орындаушыға жолдайды (он жұмыс күні ішінде);

7 7) орындаушы қаулы негізінде көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша түрде мәртебе берілгені жөнінде хабардар етеді, бұйрықтың жобасы мен куәлікті дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (бір жұмыс күні ішінде);

8 8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұйрық пен куәлікке қол қояды және кеңсе қызметкеріне жолдайды (жиырма минуттан аспайды);

9 9) кеңсе қызметкері куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді (жиырма минуттан аспайды).

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

7 7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3 3) орындаушы;

4 4) комиссия.

8 8. Құрылымдық бөлімшілер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

9 9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) өту блок-схемасында келтірілген.

4 4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

10 10. Қызметті портал арқылы көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы әрекеттерінің кезектілігі мен жүгіну тәртібінің сипаттамасы:

1 1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған өтініш пен стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды жолдайды;

2 2) орындаушы электрондық өтініш пен құжаттарды қабылдайды, көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" құжаттардың қабылданғаны және қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген хабарлама жолданады және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады (жиырма минуттан аспайды);

3 3) электрондық өтініш және құжаттар қабылданғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-қимылы осы регламенттің 6-тармағының 2-8 тармақшаларына сәйкес жүргізіледі;

4 4) орындаушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолдайды (жиырма минуттан аспайды).

Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.

5 5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

11 11. Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы (бұдан әрі – лауазымды тұлға) мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге жауапты тұлға болып табылады.

Лауазымды тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапкершілікте болады.

12 12. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүргізіледі.

13 13. Қызмет көрсету жөнінде ақпарат алуға, сондай-ақ, оның сапасын бағалау (оның ішінде шағымдану) қажет болған жағдайда ақпарат алу үшін байланыс телефонының нөмірі: 8(7242) 605444, бірыңғай байланыс орталығы (1414).

42 "Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және

үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және
тұқым өткізушілерді аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігі мен ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) сипаттамасы
1
Іс-әре­кет­тің (ба­ры­сы, жұ­мыстар ағы­ны, нө­мі­рі)
1
2
3
4
5
6
7
8
2
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше­лер­дің ата­уы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се қыз­мет­ке­рі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Орын­да­у­шы
Ко­мис­сия
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші
Орын­да­у­шы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се қыз­мет­ке­рі
3
Іс-әре­кет­тер­дің (үде­рі­стің, опе­ра­ция рә­сі­мі­нің) ата­уы және олар­дың си­патта­ма­сы
құ­жат­тар­ды тір­кей­ді және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға құ­жат­тар­дың қа­был­дан­ға­ны жө­нін­де қол­хат бе­ре­ді
құ­жат­тар­ды қа­рай­ды
құ­жат­тар­ды қа­рай­ды
құ­жат­тар­ды қа­рай­ды, тұқым ша­ру­а­шы­лы­ғы егі­сті­гіне ба­ра­ды және тек­се­ру ак­ті­сін жа­сай­ды
ко­мис­сия ше­ші­мі­нің негі­зін­де мәр­те­бе бе­ру жө­нін­де қа­улы­ның қа­был­да­нуын қам­та­ма­сыз ете­ді
бұй­рық­тың жо­ба­сы мен ку­ә­лік­ті дай­ын­дай­ды
бұй­рық пен, ку­ә­лік­ке қол қо­яды
ку­ә­лік­ті тір­кей­ді
4
Аяқ­та­лу ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім)
құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на ұсы­на­ды
орын­да­у­шы­ға жол­дай­ды
құ­жат­тар­ды ко­мис­си­я­ның қа­ра­уы­на ұсы­на­ды
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге ко­мис­сия оты­ры­сы­ның хат­та­ма­сын жол­дай­ды
қа­улы­ның жо­ба­сын орын­да­у­шы­ға жол­дай­ды
көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на жол­дай­ды
кең­се қыз­мет­ке­ріне жол­дай­ды
ку­ә­лік­ті көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға бе­ре­ді
5
Орын­да­лу мер­зі­мі
20 ми­нут­тан ас­пай­ды
20 ми­нут­тан ас­пай­ды
2 жұ­мыс кү­ні ішін­де
5 жұ­мыс кү­ні ішін­де
10 жұ­мыс кү­ні ішін­де
1 жұ­мыс кү­ні ішін­де
20 ми­нут­тан ас­пай­ды
20 ми­нут­тан ас­пай­ды

43 "Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және

үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және
тұқым өткізушілерді аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігі сипаттамасының өту блок-схемасы

44 "Бірегей, элиталық тұқым, бірінші, екінші және

үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді және
тұқым өткізушілерді аттестаттау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы

Қолданыстағы