Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность Енбекшиказахского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность Енбекшиказахского района
- Атауы (қаз.)
- Еңбекшіқазақ ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 495
- Қабылданған күні
- 10.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 10.04.2014 80294_135297.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.04.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14DH002729
- ЭКБ идентификаторы
- 80294
- Редакция идентификаторы
- 80294_135297
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:07
0 Еңбекшіқазақ ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидаларын бекіту туралы
"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 49-ө Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Еңбекшіқазақ ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
Алтай Машикұлы Досумбаевқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
"Еңбекшіқазақ ауданының қаржы
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
"10" сәуір 2014 жыл
Бакыт Есенханұлы Жексембиев
"Еңбекшіқазақ ауданының
ветеринария бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
"10" сәуір 2014 жыл
Бисенғали Мыныханұлы Бименов
4 Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "10" сәуірдегі № 495
қаулысымен бекітілген
Еңбекшіқазақ ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен,
қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану
Қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 01 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.
2 2. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес, адам бағуында болған жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде, олар Еңбекшіқазақ ауданының коммуналдық меншігіне түседі және осы Қағидаларға сәйкес пайдаланылады.
2 2. Жануарлардың Еңбекшіқазақ ауданының коммуналдық меншігіне келіп түсу тәртібі
3
3. Қараусыз қалған жануарлардың Еңбекшіқазақ ауданының коммуналдық меншігіне келіп түсуі қабылдау-тапсыру актісі негізінде жүзеге асырылады. Қабылдау-тапсыру актісінде Еңбекшіқазақ ауданының коммуналдық меншігіне түсетін жануарлардың түрі, жынысы, түсі, жасы міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Қабылдау-тапсыру актісі жануарларды тапсырған тұлғаның, "Еңбекшіқазақ ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Еңбекшіқазақ ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - қаржы бөлімі) жауапты қызметкерлерінің қатысуы кезінде жасалады. Қабылдау-тапсыру актісін қаржы бөлімінің басшысымен бекітіледі.
4 4. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін жануарларды қабылдау-тапсыру актісі негізінде теңгерімге алу "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
3 3. Жануарларды бағалау, есепке алу және бекiтiп беру
5
5. Еңбекшіқазақ ауданының коммуналдық меншiгіне түскен жануарларды одан әрi пайдалану үшiн оларды Еңбекшіқазақ ауданының коммуналдық мүлiктер тiзбесiне енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жүргiзiледi. Тiзбеге енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржы бөлiмi жүзеге асырады.
6 6. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейiн, жануарларды аудан әкiмдiгінің қаулысы негізінде тиiстi әкiмдер аппараттарының теңгерiмiне бекiтiлiп берiледi. Теңгерiмге алу Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен қабылдау - тапсыру актiсi негiзiнде жүзеге асырылады.
4 4. Еңбекшіқазақ ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен жануарларды пайдалану тәртібі
7 7. Еңбекшіқазақ ауданының коммуналдық меншiгіне түскен қараусыз жануарлар мынадай тәсiлдердiң бiреуiмен пайдаланылады:
1 1) қосалқы шаруашылығы бар мемлекеттiк заңды тұлғалардың теңгерiмiне өтеусiз беру;
2 2) аукцион арқылы сату;
3 3) сауда ұйымдары арқылы сату;
4 4) жануарларды (ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарын қоспағанда) қорғайтын арнайы орындарға немесе жеке адамдарға өтеусiз беру.
8 8. Еңбекшіқазақ ауданының коммуналдық меншiгіне түскен жануарларды одан әрi пайдалану тәсiлiн әрбiр нақты жағдайда аудан әкiмдiгінің қаулысымен құрылған тұрақты комиссия шешеді.
5 5. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару тәртібі
9
9. Жануарлар Еңбекшіқазақ ауданының коммуналдық меншігіне өткеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал не өзгедей мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін мән-жайлар болған кезде – ол тиісті жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша айқындалатын шарттармен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде сот тәртібімен оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы.