Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Карабалыкского сельского округа Карабалыкского района Костанайской области

Ереже · № 232 · қабылданған 29.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80320/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Карабалыкского сельского округа Карабалыкского района Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 232 ·29.04.2014
30.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Карабалыкского сельского округа Карабалыкского района Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 232 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Карабалыкского сельского округа Карабалыкского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
232
Қабылданған күні
29.04.2014
Көрсетілген редакция
30.10.2020 80320_489410.kaz
Соңғы өзгеріс
30.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NL004761
ЭКБ идентификаторы
80320
Редакция идентификаторы
80320_489410
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:50

0 Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қарабалық ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
_____________ М. Велин

4 Мәслихаттың

2014 жылғы 29 сәуірдегі
№ 232 шешіміне қосымша
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округінің ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округінің Қособа ауылының тұрғындары үшін
30
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округінің Қарашакөл ауылының тұрғындары үшін
10

5 Мәслихаттың

2014 жылғы 29 сәуірдегі
№ 232 шешімімен бекітілген
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қостанай облысы Қарабалық ауданы Қарабалық ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Қарабалық ауылдық округі ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Қарабалық ауылдық округінің аумағындағы ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Қарабалық ауылдық округінің әкімі шақырады.

Қарабалық ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Қарабалық ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Қарабалық ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Қарабалық ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Қарабалық ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Қарабалық ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қарабалық ауылдық округі ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Қарабалық аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Қарабалық ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Қолданыстағы