Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в Железинском районе

Қаулы · № 155/5 · қабылданған 15.05.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80344/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в Железинском районе Күшін жойған 16.05.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в Железинском районе

Күшін жойған Қаулы № 155/5 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов в Железинском районе
Атауы (қаз.)
Железин ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
155/5
Қабылданған күні
15.05.2014
Көрсетілген редакция
16.05.2016 80344_83418.kaz
Соңғы өзгеріс
16.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14PF003831
ЭКБ идентификаторы
80344
Редакция идентификаторы
80344_83418
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:41
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Железин ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1-тармақшасына сәйкес, жұмысқа орналастыруды қажет ететін мүгедектерге жұмыспен қамтылуға қолдау көрсету мақсатында Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Железин ауданының ұйымдарындағы жұмыс орындары жалпы санының үш пайызының мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

2. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі квотаға сәйкес жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру үшін мүгедектерді жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.