Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества села Тогузак Карабалыкского района Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества села Тогузак Карабалыкского района Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 240
- Қабылданған күні
- 29.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 04.08.2020 80351_476176.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NL004769
- ЭКБ идентификаторы
- 80351
- Редакция идентификаторы
- 80351_476176
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:50
0 Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Тоғызақ ауылының әкімі
____________ И. Проскурникова
4 Мәслихаттың
2014 жылғы 29 сәуірдегі
№ 240 шешіміне қосымша
Қостанай облысы Қарабалық ауданы
Тоғызақ ауылының жергілікті қоғамдастық
жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары
өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылының тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылының тұрғындары үшін
33
5 Мәслихаттың
2014 жылғы 29 сәуірдегі
№ 240 шешімімен бекітілген
Қостанай облысы Қарабалық ауданы
Тоғызақ ауылының бөлек жергілікті
қоғамдастық жиындарын өткізудің
қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қостанай облысы Қарабалық ауданы Тоғызақ ауылының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Тоғызақ ауылы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2 2. Тоғызақ ауылының аумағындағы тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3 3. Бөлек жиынды Тоғызақ ауылының әкімі шақырады.
Қарабалық ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5 5. Тоғызақ ауылының шегінде бөлек жиынды өткізуді Тоғызақ ауылының әкімі ұйымдастырады.
6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Тоғызақ ауылының тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7 7. Бөлек жиынды Тоғызақ ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Тоғызақ ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.