Об утверждении расчета ставки арендной платы при передаче областного коммунального имущества в имущественный наем (аренду)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении расчета ставки арендной платы при передаче областного коммунального имущества в имущественный наем (аренду)
- Атауы (қаз.)
- Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеуді бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 191
- Қабылданған күні
- 04.05.2014
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2014 80426_125771.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14N0004773
- ЭКБ идентификаторы
- 80426
- Редакция идентификаторы
- 80426_125771
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:47
0 Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеуді бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және "Мемлекеттiк мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Әкімдіктің
2014 жылғы 4 мамырдағы
№ 191 қаулысымен бекітілген
Облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының
мөлшерлемесін есептеу
Облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор объектілерінің 1 шаршы метрiн пайдалану үшiн жылдық жалдау ақысының базалық мөлшерлемесi 1 айлық есептік көрсеткiштi құрайды.
1 1. Мемлекеттік тұрғын емес қор объектісін мүліктік жалдауға (жалға алуға) арналған жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формула бойынша есептеледi:
Жа = Бм *К1 *К2 *К3 *S, мұндағы:
Жа – мемлекеттік тұрғын емес қор объектісінің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Бм - базалық мөлшерлеме;
К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
К2 - объектiнiң Қостанай қаласында орналасқан жерiн есепке алатын коэффициент;
К3 - құрылыстың түрiн есепке алатын коэффициент;
S - жалдауға алынған үй-жайдың ауданы (шаршы метр).
Объектiнің аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент:
Аумақтық аймақ
К1
Қостанай қаласы, Лисаков қаласы, Рудный қаласы, Арқалық қаласы
2,3
Облыстың аудандары
1,6
Объектiнiң Қостанай қаласында орналасқан жерiн есепке алатын коэффициент:
Объектiнiң Қостанай қаласында орналасқан жерi
К2
Орталық Қайырбеков-Темiрбаев (вокзал маңы аумағын қосқанда), Павлов-Шевченко көшелерiнiң шекарасында
2
Қаланың басқа аудандары (қаласының құрамды бөліктеріне қоспағанда)
1
Қаланың құрамды бөліктеріне (Амангелдi, Геофизик, Дружба, Қонай, Жылы жай, Ударник тұрғын үй алабы)
0,9
Құрылыс түрiн есепке алатын коэффициент:
Құрылыс түрi
К3
Жеке тұрған
1
Қосымша салынған
1
Жартылай жертөле
0,85
Жертөле
0,70
Қоймалық
0,60
2 2. Құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа пайдаланылмайтын заттарды мүлiктiк жалдау (жалға алу) үшiн жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формула бойынша анықталады:
Жн = АТ + (БҚ*ҚМ), мұндағы:
Жн - құрал-жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
АТ – 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 120-бабымен анықталған амортизацияның шектелген нормаларына сәйкес амортизациондық төлемдердiң сомасы;
БҚ - баланстық құны;
ҚМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта қаржыландыру мөлшерлемесі.
3 3. Жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын (сағаттар бойынша) объектiнi жалдау (жалға алу) үшін жалдау ақысының мөлшерлемесi мынадай формулалар бойынша есептеледi:
облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы мемлекеттік тұрғын емес қор үшiн: Ж = S* Бм *К1*К2*К3/ЖУ*N, мұндағы:
Ж - жұмыс уақытын толық пайдаланбайтын объектінің жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
S - ауданы (шаршы метр);
Бм - базалық мөлшерлеме;
К1 - объектiнiң аумақтық қатыстылығын есепке алатын коэффициент;
К2 - объектiнiң Қостанай қаласында орналасқан жерiн есепке алатын коэффициент;
К3 - құрылыстың түрiн есепке алатын коэффициент;
ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
N - жылдық сағат саны;
құрал-жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа пайдаланылмайтын заттар үшiн: Ж= (Жн/ЖУ)*N, мұндағы:
Ж – құрал-жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа пайдаланылмайтын заттардың жылдық жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Жн – негiзгi құрал-жабдықтарды (ғимараттардан басқа) жалдауға (жалға алуға) алу үшiн жылдық жалдау ақысы;
ЖУ - жылдық жұмыс уақытының балансы;
N - жылдық сағат саны.