Құжат мәтініне өту

Об определении мест для осуществления выездной торговли по Урджарскому району

Қаулы · № 164 · қабылданған 21.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80429/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об определении мест для осуществления выездной торговли по Урджарскому району Күшін жойған Қаулы ·№ 164 ·21.04.2014
02.03.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении мест для осуществления выездной торговли по Урджарскому району

Күшін жойған Қаулы ·№ 164 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мест для осуществления выездной торговли по Урджарскому району
Атауы (қаз.)
Үржар ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
164
Қабылданған күні
21.04.2014
Көрсетілген редакция
02.03.2016 80429_60909.kaz
Соңғы өзгеріс
02.03.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14VR003366
ЭКБ идентификаторы
80429
Редакция идентификаторы
80429_60909
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:58

0 Үржар ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 21 сәуiрдегi № 371 «Iшкi сауда ережесiн бекiту туралы» қаулысына сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Үржар ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Б. Сейтқановқа жүктелсін.

3 3. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Үржар ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін белгіленген орындар

Үржар ауданы әкімдігінің
2014 жылғы « 21 » сәуірдегі
№ 164 қаулысына қосымша
Үржар ауданы бойынша көшпелі сауданы
жүзеге асыру үшін белгіленген орындар

р/с
Ауыл атауы
Көшпелі саудаға белгіленген орындар
1
Бақты
Алтынсарин көшесіндегі «№ 1а» дүкенінің маңында
2
Бестерек
Ардагерлер көшесіндегі «Шолпан» дүкенінің маңында
3
Келдімұрат
Школьная көшесіндегі жеке кәсіпкер «Б.Исмаилова» дүкенінің маңында
4
Қабанбай
Қабанбай көшесіндегі № 163 үй мен «Болашақ» демалыс үйінің ортасында
5
Қарабұлақ
Найманбай және Ұлы Отан Соғысы ардагерлері көшелерінің қиылысында
6
Қарабұта
Абай көшесіндегі «Сарқыт» дүкенінің маңында
7
Қарақол
Әзербаев көшесіндегі № 7 екі қабатты үй мен «Жансая» дүкеннің ортасында
8
Таскескен
Балғабаев көшесіндегі жеке кәсіпкер «Т.Абылкасымов» дүкенінің маңында
9
Үржар ( 20 шілдеден-15 қазанға дейінгі мерзімде көкөніс сатуға арналған маусымдық орын)
«Дастархан» автобус аялдамасы маңында
«ДЭУ» автобус аялдамасы маңында
Абылайхан даңғылы бойындағы «Артур» сауда үйінің аумағының маңында
Абылайхан даңғылы бойындағы «Швабские колбаски» дүкенінің маңында
«Комхоз» автобус аялдамасының маңында
Абылайхан даңғылы бойындағы күнделікті «Қуаныш» базарының алдында
Сейфуллин және Титова көшелерінің қиылысындағы автобус аялдамасы маңында
Абылайхан даңғылы бойындағы Крупская атындағы мектеп пен «Ақжан» дүкенінің ортасында
Абылайхан даңғылы бойындағы «Саят» пен «Сағидолла» дүкендерінің маңында

Қолданыстағы