Құжат мәтініне өту

О введении временного запрета на вывоз с территории Республики Казахстан необработанных драгоценных металлов, лома и отходов драгоценных металлов и сырьевых товаров, содержащих драгоценные металлы

Қаулы · № 606 · қабылданған 03.06.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80437/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О введении временного запрета на вывоз с территории Республики Казахстан необработанных драгоценных металлов, лома и отходов драгоценных металлов и сырьевых товаров, содержащих драгоценные металлы Қолданыста Қаулы ·№ 606 ·03.06.2014
03.06.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.06.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О введении временного запрета на вывоз с территории Республики Казахстан необработанных драгоценных металлов, лома и отходов драгоценных металлов и сырьевых товаров, содержащих драгоценные металлы

Қолданыста Қаулы ·№ 606 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О введении временного запрета на вывоз с территории Республики Казахстан необработанных драгоценных металлов, лома и отходов драгоценных металлов и сырьевых товаров, содержащих драгоценные металлы
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының аумағынан өңделмеген бағалы металдарды, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкетуге уақытша тыйым салу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
606
Қабылданған күні
03.06.2014
Көрсетілген редакция
03.06.2014 AI80437_0.kaz
Соңғы өзгеріс
03.06.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000606
ЭКБ идентификаторы
80437
Редакция идентификаторы
AI80437_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:30

0 Қазақстан Республикасының аумағынан өңделмеген бағалы металдарды, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкетуге уақытша тыйым салу туралы

2008 жылғы 25 қаңтардағы Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары туралы келісімнің 9-бабына және 2009 жылғы 9 маусымдағы Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік аумақта тауарлармен жасалатын сыртқы сауданы қозғайтын шараларды енгізу және қолдану тәртібі туралы келісімнің 8-бабына сәйкес Қазақстан Респубикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан өңделмеген бағалы металдарды, бағалы металдардың сынықтары

мен қалдықтарын және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын әкетуге уақытша тыйым салу енгізілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағының орындалуын қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тыйым салудың енгізілгені туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін;

2 2) Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына Кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттердің осы қаулының 1-тармағында көрсетілген шараларды қолдануы туралы ұсыныстар енгізсін.

4

4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік он төрт күннің ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграциялық комитетінің Хатшылығын хабардар етсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай бойы қолданылады.

0 Қазақстан Республикасының аумағынан уақытша әкетуге тыйым салынған өңделмеген бағалы металдар, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 3 маусымдағы
№ 606 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының аумағынан уақытша әкетуге тыйым салынған өңделмеген бағалы металдар, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары
Р/с №
Та­у­ар­дың қы­сқа­ша ата­уы
СЭҚ ТН ко­ды
1.
Өң­дел­ме­ген неме­се жар­ты­лай өң­дел­ген, неме­се ұн­тақ тү­рін­де­гі ал­тын (пла­ти­на­дан алын­ған галь­ва­ни­ка­лық қап­та­ма­сы бар ал­тын­ды қо­са ал­ған­да):
– мо­не­тар­лық емес:
– – ұн­тақ;
– – өзге де өң­дел­ме­ген ны­сан­дар­да:
– – – өзге­ле­рі (өң­де­ле­ме­ген, сол си­яқ­ты та­зар­ты­л­ған түр­де­гі, та­за­лы­ғы ли­га­ту­ра­лық сал­мақ­тың 1000 үле­сіне қа­ты­сты 995 мың үлес­ке тең неме­се одан ар­тық, бұл 995 сы­на­ма­ға, 995 про­мил­ле­ге, 99,5 пай­ыз­ға неме­се 23,88 ка­рат­қа сәй­кес түй­ір­шік­тел­ген ал­тын­ды қо­с­па­ған­да)
7108 11 000 0
7108 12 000 9
2.
Ба­ға­лы ме­тал­дар­дың неме­се ба­ға­лы ме­тал­дар жа­ла­ты­л­ған ме­тал­дар­дың қал­дық­та­ры мен сы­нық­та­ры; негі­зі­нен ба­ға­лы ме­тал­дар­ды шы­ға­ру үшін пай­да­ла­ны­ла­тын, құ­ра­мын­да ба­ға­лы ме­талл неме­се ба­ға­лы ме­тал­дар­дың қо­сы­лы­ста­ры бар өзге қал­дық­тар мен сы­нық­та­ры:
– – ал­тын жа­ла­ты­л­ған ме­тал­ды қо­са ал­ған­да, бі­рақ құ­ра­мын­да бас­қа да ба­ға­лы ме­тал­дар бар қал­дық­тар­ды қо­с­па­ған­да, ал­тын
7112 91 000 0

Қолданыстағы