О подготовке, проведении и обработке материалов первой национальной сельскохозяйственной переписи в Атырауской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О подготовке, проведении и обработке материалов первой национальной сельскохозяйственной переписи в Атырауской области
- Атауы (қаз.)
- Атырау облысы бойынша бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағының материалдарын әзірлеу, жүргізу және оңдеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 551
- Қабылданған күні
- 07.08.2000
- Көрсетілген редакция
- 07.08.2000 8044_215487.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.08.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00T000317_
- ЭКБ идентификаторы
- 8044
- Редакция идентификаторы
- 8044_215487
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:19
0 Атырау облысы бойынша бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағының материалдарын әзірлеу, жүргізу және оңдеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында бірінші ұлтық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу туралы» 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 463 және «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі № 463 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2000 жылғы 21 ақпандағы № 268 қаулыларын іске асыру сондай-ақ, бірінші ұлтық ауыл шаруашылығы санағының материалдарын уақтылы және сапалы әзірлеу, жүргізу және өндеу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Атырау қаласы мен аудан әкімдері мынадай шаралардын орындалуын қамтамасыз етсін:
1) ауылдық жерлерде – 2001 жылдың 1 шілдесіне дейін елді-мекендердің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының шаруа (фермер) қожалықтарының ұжымдық бағбандық кооперативтер мен бау-бақшалардың жері малы мен құсы бар өзге де қосалқы шаруашылықтардың тізімдерін нақтыласын;
2) қалалық елді-мекендерде 2001 жылдың 1 тамызына дейін мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлерінен және жұмыссыздардан іріктеліп алынған тіркеушілер үй шаруашылықтарының ұжымдық бағбандық кооперативтер мен жері, малы мен құсы бар өзге де қосалқы шаруашылықтардың тізімдерін жасауды қамтамасыз етсін;
3) осы шараларды өткізу кезенінде мемлекеттік статистика органдарын мен қала әкімдері бекіткен кестелер бойынша үй-жайлармен, жабдықталған байланыс құралдарымен, жиhазбен және қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етсін;
4) Атырау облыстық статистика басқармасымен келісілген кезеңге санақ қызметкерлері үшін қалалық және қала маңындағы бағыттарда, таксиден өзге, жолаушылар көліктерінің барлық түрлерінде жол жүру билеттерін беру туралы мәселені шешсін;
5) негізі Санақты өткізу үшін санақшы кадрларды мемлекеттік үйымдар қызметкерлерінің ішінен, сондай-ақ жұмыссыздардың ішінен іріктеуді және толықтыруды жүзеге асырсын.
2. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Қайрешев С.) мемлекеттік статистика органдарына барлық деңгейгі әкімдерге санақ кадрларын жұмыссыздардың ішінен іріктеуге және жинақтауға жәрдем көрсетсін.
3. Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет ( Жмыхов А.) 2001 жылғы 1 қазанға дейін қалалық және ауылдық мекендердегі жерді пайдаланушыларды орналастыру сызбасын нақтыласын және мемлекеттік статистика органдарына берсін.
4. Облыстық телекоммуникация дирекциясы ( Ибрашев А.), Облыстық мемлекеттік пошталық байланыс кәсіпорындары (Бүқтыбаев М.), « Алсад тобы» ЖШС ( Төлеков А.), Атырау теміржол тасымалдау бөлімі (Нарегеев Б.), «Атырауәуежолы «Ашық Акционерлік Қоғамы (Бөлекбаев З.), «Халықаралық Атырау әуежайы» Ашық Акционерлік Қоғамы ( Көшқалиев С.) қамтамасыз етсін: