Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О мерах по обеспечению безопасности на водоемах области в зимний период

Өзге акт · № 652 · қабылданған 17.11.2000
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-8049/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О мерах по обеспечению безопасности на водоемах области в зимний период Қолданыста 17.11.2000 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О мерах по обеспечению безопасности на водоемах области в зимний период

Қолданыста Өзге акт № 652 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О мерах по обеспечению безопасности на водоемах области в зимний период
Атауы (қаз.)
Қыс мезгілдері су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
652
Қабылданған күні
17.11.2000
Көрсетілген редакция
17.11.2000 8049_215488.kaz
Соңғы өзгеріс
17.11.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00T000330_
ЭКБ идентификаторы
8049
Редакция идентификаторы
8049_215488
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:10
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қыс мезгілдері су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы

Қыс мезгілдері облыс су айдындарында адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз
ету мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Қала және аудандар әкімдері ауа райы жағдайын ескеріп, мұз үстінен

жаяу және көлікпен өтуге тиым салсын, су объектілері бар меншік
нысанындағы мекемелер мен кәсіпорындар басшыларына облыстың су
айдындарында судан құтқару бекеттерін ұйымдастыру міндеттелсін.

2. Облыстық судан құтқару қызметі мекемесі (Б. Қойшыбаев) іздестіру

тобының және қысқы құтқару құралдарының даярлығын қамтамасыз етсін.

3. Ішкі істер басқармасы (Қ. Мырзабаев) Солтүстік-Каспий аймақтық

биоресурстар қорғау жөніндегі басқармасымен (К. Сүлейменов) бірлесіп облыс
су айдындарында, оның ішінде Каспий теңізінің жағалауында күзетті
күшейтсін.

4. Білім басқармасы (С. Еспосынова) мектеп және оқу орындары

оқушылары арасында қыс мезгілінде су айдындарында қауіпсіздікті сақтау
шараларының алдын алу жұмыстарын ұйымдастырсын.

5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары

Н. Мақашевқа жүктелсін.