Құжат мәтініне өту

Об утверждении Отраслевой рамки квалификаций в сфере оптовой и розничной торговли

Бұйрық · № 120 · қабылданған 30.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80528/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об утверждении Отраслевой рамки квалификаций в сфере оптовой и розничной торговли Күшін жойған Бұйрық ·№ 120 ·30.04.2014
08.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Отраслевой рамки квалификаций в сфере оптовой и розничной торговли

Күшін жойған Бұйрық ·№ 120 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Отраслевой рамки квалификаций в сфере оптовой и розничной торговли
Атауы (қаз.)
Көтерме және бөлшек сауда саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
120
Қабылданған күні
30.04.2014
Көрсетілген редакция
08.06.2015 AI80528_2.kaz
Соңғы өзгеріс
08.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009480
ЭКБ идентификаторы
80528
Редакция идентификаторы
AI80528_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:48

0 Көтерме және бөлшек сауда саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 138-4–бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Көтерме және бөлшек сауда саласындағы салалық біліктілік шеңбері бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Т.М. Жақсылықовқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Көтерме және бөлшек сауда саласындағы салалық біліктілік шеңбері

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігінің
2014 жылғы 30 сәуірдегі
№ 120 бұйрығымен
бекітілді
Көтерме және бөлшек сауда саласындағы салалық біліктілік шеңбері

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Көтерме және бөлшек сауда саласындағы салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - Салалық біліктілік шеңбері) – саланың еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау.

2 2. Экономикалық қызмет түрінің негізгі мақсаты: нарықты талдау, тауарлар мен қызметтерді жылжыту және өткізу.

3 3. Салалық біліктілік шеңбері біліктіліктердің салааралық салыстырмалылығын қамтамасыз ете отырып, салалық біліктілік шеңберін, кәсіби стандарттарды әзірлеу үшін бірыңғай шәкілді айқындайды және мамандар біліктілігінің сәйкестігін растау және оны беру жүйесі үшін негіз болып табылады.

4 4. Салалық біліктілік шеңбері әртүрлі сауда саласын пайдаланушылар тобына (жұмыс берушілерге, білім беру органдарына, қызметкерлерге) арналған және:

1 1) кәсіби және білім беру стандарттарын әзірлеу кезінде қызметкерлер мен білім беру ұйымдарын бітірушілердің біліктілігіне қойылатын талаптарды бірыңғай көзқараста сипаттауға;

2 2) қызметкерлер мен кәсіби білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқу бітірушілердің біліктілігін бағалау материалдары мен айқындау рәсімін әзірлеуге;

3 3) нақты біліктілікті алуға, біліктілік деңгейін арттыруға, мансаптық өсуге әкелетін білім берудің әртүрлі траекториясын жоспарлауға мүмкіндік береді.

5 5. Салалық біліктілік шеңбері Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес келетін сегіз біліктілік деңгейінен тұрады.

6 6. Салалық біліктілік шеңберінде нәтижелердің жиынтық сипаттамасы келтіріледі, нақтылау кәсіби стандарттарында жүзеге асырылады.

7 7. Салалық біліктілік шеңберінде қолданылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

1 1) білік – қызметті жүзеге асыру және міндеттерді шешу мақсатында білімді пайдалану және құзыреттілік таныту қабілеті (логикалық, интуитивтік, шығармашылық және практикалық ойлауды пайдалану);

2 2) білім – оқу және жеке тәжірибесі арқылы ақпаратты меңгеру нәтижесі, оқу немесе жұмыс істеу саласына қатысты фактілер, қағидаттар, теория мен практика жиынтығы, бағалануға ұшырайтын біліктілік құрамдауышы;

3 3) дағды – оқыту немесе белгілі бір зерттеулер, жұмыстар жүргізу арқылы дамитын қасиет және жұмыс орнында, сол сияқты күнделікті тіршілікте белгілі бір зияткерлік немесе дене іс-қимылдарын орындау қабілетін сипаттайды;

4 4) қабілеттілік – қызметтің белгілі бір түрін табысты жүзеге асырудың объективті шарты болып табылатын тұлғаның жеке басының ерекшелігі;

5 5) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

6 6) құзыреттілік – белгілі бір біліктілік деңгейіндегі кәсіби қызметтің міндеттерін орындауды қамтамасыз ететін қызмет субъектісінің сапасы;

7 7) тәжірибе – саналы қызмет, белгілі бір уақыт аралығында меңгерілуі және тиімді пайдаланылуы мүмкін білім мен білік;

8 8) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық сипаттама;

8 8. Салалық біліктілік шеңбері саланың кәсіби қызметінің әрбір саласы үшін Ұлттық біліктілік шеңбері мен саланы дамыту стратегиясының негізінде жасалған.

9 9. Саланың кәсіби қызметі саласына:

сауда қызметі, саудадағы логистика, тауартану, материалдық техникалық жабдықтау және өткізу, сауда-делдалдық қызмет саласындағы процестерді ұйымдастыру, басқару және жобалау;
көтерме сауда кәсіпорындары мен бөлшек сауда желісінің жағдайын талдау және оларды дамытуды жоспарлау;
сауда кәсіпорындарын сауда-технологиялық (механикалық емес, салмақ өлшеу, тоңазыту және бақылау-кассалық) жабдықпен жарақтандыруды ұйымдастыру;
дүкендерді және олардың сауда үй-жайларын технологиялық жоспарлау;
сауда кәсіпорындарының жеткізушілермен және тұтынушылармен шаруашылық байланысын ұйымдастыру, тұтынушылардың белгілі бір нарық сегменттеріндегі талаптарын ескере отырып, сұранысты зерттеу және болжау;
тауар қозғалысын басқару, оның есебін жүргізу және оңтайландыру, тауарлар шығындарын, материалдық және еңбек ресурстарының шығындарын азайту;
тауарлар мен қызметтердің ассортиментін және сапасын басқару;
сауда кәсіпорындарындағы тауар қорларын басқару: тауар қорларының нормативтерін әзірлеу, тауар қорларын бақылауды ұйымдастыру, оларды реттеу шаралары;
саудадағы тауарларды қабылдауды, сауда залында тауарларды орналастыруды және қоюды ұйымдастыру, тауарларды сақтау процестерін реттеу, түгендеу жүргізу және шығындарды есептен шығару, тауарларды сатудың технологиялық операциялары;
саудадағы жарнама қызметін ұйымдастыру, оның тиімділігін арттыру.

10 10. Салалық біліктілік шеңбері осы Салалық біліктілік шеңберінің қосымшасына сәйкес құрылым бойынша ресімделген шеңберлік құрылым болып табылады.

11 11. Салалық біліктілік шеңберінде біліктілік деңгейлерін әзірлеудің негізгі қағидаты біліктілік деңгейлерінің төменнен жоғарыға қарай дамуының үздіксіздігі мен сабақтастығы, оларды сипаттау ашықтығы болып табылады.

12 12. Бiлiктiлiк белгiлi бiр бiлiм беру бағдарламасын және практикалық тәжiрибені игерудің нәтижесi болып табылады.

13 13. Бiлiктiлiктi арттыру немесе оның бейiнiн өзгерту үшiн әрбiр деңгейде кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау жүйесiнiң қосымша бiлiм беру бағдарламалары бойынша тиiстi лицензиялары бар ұйымдарда оқыту қажет.

14 14. Бiлiктiлiк деңгейi іс жүзінде жұмыс тәжiрибесiн меңгеруiне, өз бетiнше бiлiм алуына және оқуына қарай өсуi мүмкiн.

Бiлiм беру мен оқытудың әртүрлi нысандарын есепке алу салалық бiлiктiлiк жүйесінің iшiнде жүргiзiлетiн болады.
Жеке бiлiм беру траекториясын құру қызметкердiң білімі мен практикалық тәжiрибесiн, бiлiктiлiктi арттыру курстарын ескеру арқылы жүзеге асырылады, бұл барлық бiлiктiлiк деңгейлерi бойынша ілгері жылжуға мүмкiндiк бередi.

2 2. Салалық біліктілік шеңберінің паспорты

1 1. Экономикалық қызмет саласы: көтерме және бөлшек сауда.

2 2. Кәсіби қызмет саласы ҚР МЖ 03-2007: «46 – автомобильдер мен мотоциклдерді қоспағанда, көтерме сауда», «47 – автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, бөлшек сауда».

3 3. Еңбек қызметінің түрлері:

тауарларға сұранысты және олардың нарықтық ұсынысын зерттеу, ұсыныс пен сұраныс арасындағы балансты қолдау;
қажеттілікті және сұранысты бағалау;
сауда ассортиментін қалыптастыру, халықтың тауарларға сұранысын қанағаттандыру;
сауда орындарын безендіру, арнайы сауда жабдықтарын орнату;
тауармен сауда технологиялық операцияларын жүзеге асыру: сақтау, өндірістік өңдеу (орау, қаптау); дүкен ішінде орнын ауыстыру, сауда залына орналастыру және қою, тауарларды сату, сауда технологиясын жетілдіру және сатып алушыларға қызмет көрсетуді жақсарту;
белгіленген сақтандыру қоры бар қоймадағы өнімнің толық ассортиментіне мониторинг жүргізу;
тауарларды жеткізу, сақтау және тиеу процестерін оңтайландыру бойынша жеткізушілермен және клиенттермен жұмыс.

1 Көтерме және бөлшек сауда саласындағы салалық біліктілік шеңберінің құрамы

Көтерме және бөлшек сауда саласындағы
салалық біліктілік шеңберіне
қосымша
Көтерме және бөлшек сауда саласындағы салалық біліктілік шеңберінің құрамы
Ұлт­тық бі­лік­ті­лік шең­бе­рі­нің дең­гей­ле­рі
Са­ла­лық бі­лік­ті­лік шең­бе­рі­нің дең­гей­ле­рі
Кә­сі­би қыз­мет са­ла­сы: кө­тер­ме және бөл­шек са­уда
Қа­бі­ле­тіне қой­ы­ла­тын та­лап­тар
Дағдыс­ы­на және еп­ті­лік­ке қой­ы­ла­тын та­лап­тар
Бі­лі­міне қой­ы­ла­тын та­лап­тар
1
1
Дер­бес­ті­гі: мін­дет­тер­ді орын­дау ба­ры­сын­да­ғы дер­бес­тіктің өте тө­мен дең­гейі жағ­дай­ын­да ті­ке­лей бас­шы­лық ету­мен жа­са­ла­тын ат­қа­ру­шы­лық қыз­мет­тер.
Жа­у­ап­ты­лы­ғы: жұ­мыстар­дың қа­ра­пай­ым түр­ле­рін орын­дау, өзі­нің қа­уіп­сіз­ді­гі.
Күр­де­лі­лі­гі: нұс­қа­улық бой­ын­ша жұ­мыс іс­теу
Бір үл­гі­де­гі же­ңіл прак­ти­ка­лық тап­сыр­ма­лар­ды орын­дау, өзін-өзі ба­қы­лау және өзін-өзі бас­қа­ру дағ­ды­ла­рын көр­се­ту
Ең­бек мәні, оны өзгер­ту про­це­сте­рі және ти­іс­ті орын­да­у­шы­лық әре­кет­тер топ­та­ма­сы, қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы бой­ын­ша нұс­қа­улық­тар, ең­бек қор­ғау та­лап­та­ры ту­ра­лы ба­за­лық бі­лім
2
2
Дер­бес­ті­гі: дер­бес­тіктің бел­гі­лі дә­ре­же­сін бо­лжам­дай­тын бас­шы­лық ету­мен жа­са­ла­тын нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша ат­қа­ру­шы­лық қыз­мет­тер
Жа­у­ап­ты­лы­ғы: та­у­ар­ды са­уда­ға дай­ын­дау, та­у­ар­лар­ды сақ­тау шар­тта­рын сақ­тау, жаб­дық­тар­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу, олар­ды ауы­сты­ру, өз қа­уіп­сіз­ді­гі мен бас­қа­лар­дың қа­уіп­сіз­ді­гін сақ­тау.
Күр­де­лі­лі­гі: бір үл­гі­де­гі прак­ти­ка­лық, нақ­ты бел­гі­лен­ген стан­дарт­ты мін­дет­тер­ді ше­шу, нұс­қа­улық бой­ын­ша жұ­мыс іс­теу
Жұ­мыс тә­сі­лін нұс­қа­улық негі­зін­де таң­дау және же­ңіл прак­ти­ка­лық тап­сыр­ма­лар­ды орын­дау, қа­ра­пай­ым өн­ді­рі­стік жағ­дай­лар­да­ғы әре­кет­тер­ді өзді­гі­нен ба­қы­лау және тү­зе­ту дағ­ды­ла­рын көр­се­ту. Қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ді орын­дау ке­зін­де өз бе­тін­ше оқып-үй­ре­ну
Ең­бек мәні, оны өзгер­ту про­це­сте­рі және ти­іс­ті орын­да­у­шы­лық әре­кет­тер топ­та­ма­сы, қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы бой­ын­ша нұс­қа­улық­тар, ең­бек қор­ғау та­лап­та­ры ту­ра­лы бі­лім
3
3
Дер­бес­ті­гі: өз бе­тін­ше жос­пар­ла­уды көз­дей­тін, бас­шы­лық ету­мен үл­гі­лік жағ­дай­лар­да іс­ке асы­ру бой­ын­ша ат­қа­ру­шы­лық қыз­мет, қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ді орын­дау ке­зін­де өз бе­тін­ше оқып-үй­ре­ну.
Жа­у­ап­ты­лы­ғы: буып-түю ма­те­ри­а­лын алу және дай­ын­дау бой­ын­ша қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ді орын­дау, жаб­дық­тың бар бо­луын және жа­рам­ды­лы­ғын тек­се­ру, өз қа­уіп­сіз­ді­гін және бас­қа­лар­дың қа­уіп­сіз­ді­гін сақ­тау.
Күр­де­лі­лі­гі: бір үл­гі­де­гі прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді ше­шу, бі­лім және прак­ти­ка­лық тә­жі­ри­бе негі­зін­де бел­гі­лі әре­кет­тер­ді таң­дай бі­лу
Прак­ти­ка­лық стан­дарт­тық тап­сыр­ма­лар­ды орын­дау, өзін-өзі ба­ға­лау, өзін-өзі би­леу және өзін-өзі ұй­ым­да­сты­ру дағ­ды­ла­рын көр­се­ту. Қой­ы­л­ған ең­бек нор­ма­сын, мәнін және құ­рал­да­рын орын­дау тә­сіл­де­рін өз бе­тін­ше бел­гі­леу
Іш­кі са­уда ере­же­ле­рі, са­ты­л­ған та­у­ар­лар­ға мем­ле­кет­тік және кә­сі­по­рын­ның стан­дарт­та­рын, кә­сі­по­рын­дар­дың жұ­мыс ере­же­ле­рі, тұр­ғын­дар­дың та­у­ар­лар­ды са­тып алу пси­хо­ло­ги­я­сы, ұсы­ны­л­ған өнім, іс­кер­лік әде­бі, ең­бек қор­ғау та­лап­та­ры ту­ра­лы бі­лім
4
4
Дер­бес­ті­гі: ба­ғы­ны­шты қыз­мет­кер­лер­дің мін­дет­тер­ді өз ер­кі­мен бел­гі­ле­уін, нор­ма­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру және іс­ке асы­ру­ды ба­қы­ла­у­ын көз­дей­тін, бас­шы­лық ету­мен іс­ке асы­ру бой­ын­ша ат­қа­ру­шы­лық-бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет.
Жа­у­ап­ты­лы­ғы: қой­ы­л­ған мін­дет­тер­ді ше­шу, та­у­ар­лар­дың сақ­та­луы, са­уда-тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­ты дұ­рыс пай­да­ла­ну­ды ба­қы­лау, өз қа­уіп­сіз­ді­гін және бас­қа­лар­дың қа­уіп­сіз­ді­гін сақ­тау. Тә­лім­гер­лік.
Күр­де­лі­лі­гі:. жұ­мыс жағ­дай­ын өз бе­тін­ше тал­да­уды та­лап ете­тін әр­түр­лі үл­гі­де­гі прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді ше­шу. Ағым­да­ғы қо­ры­тын­ды ба­қы­лау, қыз­мет­ті ба­ға­лау және тү­зе­ту
Жұ­мыс жағ­дай­ын өз бе­тін­ше тал­да­уды та­лап ете­тін әр­түр­лі прак­ти­ка­лық ше­шім­дер­ді ше­шу, ба­ғы­ны­шты­лар­дың мін­дет­те­рін бел­гі­леу, қыз­мет­те­рі­нің нәти­же­сін ба­ға­лау, бі­лім және дағ­ды­лар­дың же­тіс­пе­уін анық­тау, қыз­мет­кер­лер­ді кә­сіп­қой­лы­ғын жо­ға­ры­ла­ту­ға ын­та­лан­ды­ру
Іш­кі са­уда ере­же­ле­рі, кә­сі­по­рын­дар­дың жұ­мыс ере­же­ле­рі, са­уда са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­ті-құқық­тық ак­ті­лер, кә­сі­би та­лап­тар­ды ше­шу үшін қой­ы­л­ған амал­дар, қа­ғи­дат­тар және тә­сіл­дер, эти­ка және қа­рым-қа­ты­нас пси­хо­ло­ги­я­сы, мо­ти­ва­ция және ең­бек­ті ын­та­лан­ды­ру тә­сіл­де­рі, тех­ни­ка­лық қа­уіп­сіз­дік жө­нін­де­гі нұс­қа­улық ең­бек қор­ғау та­лап­та­ры, ме­недж­мент ту­ра­лы бі­лім
5
5
Дер­бес­ті­гі: кә­сі­по­рын қыз­ме­ті стра­те­ги­я­сы шең­бе­рін­де­гі бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет.
Жа­у­ап­ты­лы­ғы: про­грес­сив­ті әді­стер­ді ен­гі­зу бой­ын­ша жұ­мыстар­ды жү­зе­ге асы­ру, үз­дік­сіз жұ­мыс, ба­ға са­я­са­тын әзір­леу, іс­ке асы­ры­ла­тын та­у­ар­лар­дың са­па­сы мен қа­уіп­сіз­ді­гі, жа­ңа тех­но­ло­ги­я­лар мен жаб­дық­тар­ды әзір­ле­у­ге және бұ­рын­нан ба­рын жаң­ғыр­ту­ға қа­ты­су, ең­бек­ті ба­ға­лау және же­тіл­ді­ру, өзі­нің оқуы және бас­қа­лар­ды оқы­ту, өз қа­уіп­сіз­ді­гін және бас­қа­лар­дың қа­уіп­сіз­ді­гін сақ­тау.
Күр­де­лі­лі­гі: әр түр­лі жұ­мыс жағ­дай­ын­да ше­шім та­бу тә­сіл­де­рін таң­дап алу негі­зін­де прак­ти­ка­лық мін­дет­тер­ді ше­шу
Жос­пар­лау дағдыс­ын көр­се­ту, жағ­дай­ды тал­дай алу, өзін-өзі тек­се­ре бі­лу, ше­шім қа­был­дай бі­лу және олар­ды іс­ке асы­ру­ға жағ­дай жа­сау, бас­қа­ру­шы­лық және орын­да­у­шы­лық кә­сі­би жо­ға­ры­ла­та­тын ко­ман­да­лық жұ­мыста қыз­мет­тер­ді ба­қы­лау және тү­зе­ту дағ­ды­ла­рын көр­се­ту
Кә­сі­по­рын­дар­дың жұ­мыс ере­же­ле­рі, са­уда са­ла­сын­да­ғы құқық­тық ак­ті­лер, кә­сіп­қой­лық жағ­дай­лар­ды жүй­е­лік тал­дау және жо­ба­лау әдіс­на­ма­сы, бас­қа­ру­шы­лық ше­шім­дер­ді қа­был­дау тә­сіл­де­рі, ұжым және ұжым­дық құ­ры­лым­ның прин­ципте­рін бі­лу, ең­бек ме­недж­мен­ті, оны ұй­ым­да­сты­ру ту­ра­лы бі­лім
6
6
Дер­бес­ті­гі: жұ­мыстар жө­нін­де бас­қа учас­ке­лер­мен ке­лі­сім жа­са­уды бо­лжам­дай­тын, кә­сі­по­рын қыз­ме­ті стра­те­ги­я­сы­ның шең­бе­рін­де­гі бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет.
Қыз­мет­кер­лер­дің және ара­лас бө­лім­ше­лер­дің өза­ра іс-қи­мы­лын қам­та­ма­сыз ету. Бө­лім­ше­нің неме­се ұй­ым­ның дең­гей­ін­де жұ­мыстар­дың орын­да­лу нәти­же­сі бой­ын­ша жа­у­ап­ты­лық.
Жа­у­ап­ты­лы­ғы: кә­сі­по­рын­ның жұ­мысын ұй­ым­да­сты­ру және үй­ле­сті­ру, та­у­ар­лар­ды іс­ке асы­ру­дың мер­зі­мін ба­қы­лау, қа­жет­ті ас­сор­ти­мент­тің бар бо­луын ба­қы­лау, са­ту жос­па­рын орын­да­уды ба­қы­лау, ба­ға са­я­са­тын жү­зе­ге асы­ру­ды ба­қы­лау, қыз­мет­кер­лер­ді бас­қа­ру, қа­был­дау және кә­сіп­қой­лы­ғын жо­ғар­ла­ту, кә­сі­би қыз­мет­тің да­муы мен нәти­же­сі.
Күр­де­лі­лі­гі: ше­шім қа­был­дау тә­сіл­де­рін таң­дау мен олар­дың әр­түр­лі­лі­гін көз­дей­тін мін­дет­тер­ді ше­шу жұ­мыстар мен про­це­стер­ді әзір­леу, ен­гі­зу, ба­қы­лау, ба­ға­лау (про­це­стер­ді бас­қа­ру, ше­шім­дер­ді тал­дау, әзір­леу)
Про­бле­ма­лар­ды ше­шу және әле­умет­тік пен кә­сі­би жағ­дай­лар­да ше­шім қа­был­дау, өзін-өзі бас­қа­ру бі­лу­ді көр­се­ту, бай­ла­ны­сты ұй­ым­да­сты­ру және көз­қа­рас­тар­ға ке­лі­сім жа­сау, нәти­же­лер­ді ре­сім­деу және та­ны­сты­ру, қа­зір­гі за­ман­ғы бағ­дар­ла­ма­лық өнім­дер­ді және тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­ды пай­да­ла­ну дағ­ды­ла­рын көр­се­ту
Әле­умет­тік және кә­сіп­тік күр­де­лі жағ­дай­лар­ды бір­ле­сіп тал­дау, жо­ба­лау және ше­шім қа­был­дау, бай­ла­ны­сты ұй­ым­да­сты­ру және көз­қа­рас­тар­ға ке­лі­сім жа­сау, ана­ли­ти­ка­лық және жо­ба­лық құ­жат­та­ма­лар­ды ре­сім­деу және та­ны­сты­ру ту­ра­лы бі­лім. Кә­сі­по­рын­ды бас­қа­ру құ­ры­лы­мы, кә­сі­по­рын қыз­мет­кер­ле­рі­нің құқық­та­ры мен мін­дет­те­рі және олар­дың жұ­мыс іс­теу ре­жи­мі, эко­но­ми­ка­ның негіз­де­рі, ең­бек ме­недж­мен­ті мен бас­қа­ру­ды ұй­ым­да­сты­ру ту­ра­лы бі­лім
7
7
Дер­бес­ті­гі: са­ла құ­ры­лым­да­ры­ның жұ­мыс іс­те­уі мен олар­ды да­мы­ту стра­те­ги­я­сын жа­са­уды, ең­бек жағ­дай­ла­рын ұй­ым­да­сты­ру­ды бо­лжам­дай­тын бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет.
Жа­у­ап­ты­лы­ғы: стра­те­ги­я­ны анық­тау, ірі ин­сти­ту­ци­о­нал­дық құ­ры­лым­дар мен олар­дың бө­лім­ше­ле­рі дең­гей­ін­де ше­шім қа­был­да­у­мен про­це­стер­ді және қыз­мет­ті бас­қа­ру (оның ішін­де ин­но­ва­ци­я­лық), жыл­дық жос­пар­лау, ком­мер­ци­я­лық ке­ліс­сө­здер жүр­гі­зу және ын­та­мақ­та­стық, қой­ы­л­ған мақ­сат­тар­ға сәй­кес кә­сі­по­рын­ның қа­жет­ті­лі­гін ай­қын­дау, бө­лім­ше­лер қыз­мет­кер­ле­рі­нің са­ны мен құ­зы­рет­те­рін тал­дау.
Күр­де­лі­лі­гі: тех­но­ло­ги­я­лық про­це­стер­ді тал­дау және оны же­тіл­ді­ру бой­ын­ша ше­шім­дер­ді тал­дау және әзір­леу, жа­ңа тә­сіл­дер әзір­леу, әр­түр­лі әді­стер­ді (со­ны­мен бір­ге ин­но­ва­ци­я­лық) пай­да­ла­ну
Мә­се­ле­лер­ді ал­ға қоя бі­лу және ше­шу, өз әре­ке­тін шы­найы ба­ға­лай бі­лу, ин­но­ва­ци­я­лы көз­қа­рас­ты қол­да­на оты­рып, мін­дет­тер­ді және мә­се­ле­лер­ді жүй­е­мен ше­шу тұ­жы­рым және қыз­мет ету стра­те­ги­я­сын құ­ру тә­сіл­де­рін, дағ­ды­ла­рын көр­се­ту
Қыз­мет ету және әре­кет­те­су тұ­жы­рым­да­ры, стра­те­ги­я­сы, функ­ци­о­нал­дық үл­гі­ле­рін құ­ру әдіс­на­ма­сы, жо­ға­ры да­му дең­гей­іне қол жет­кі­зе­тін мүм­кін­дік­ті қам­та­ма­сыз ете­тін ғы­лы­ми про­грес­сив­тік тә­сіл­дер­ді қол­да­на оты­рып, мә­се­ле­лер­ді ал­ға қоя бі­лу және ше­шу тә­сіл­де­рі ту­ра­лы бі­лім­де­рі
8
8
Дер­бес­ті­гі: мем­ле­кет­тік ауқым­да­ғы са­ла­ның ірі ин­сти­ту­ци­о­нал­дық құ­ры­лым­да­ры­ның жұ­мыс іс­те­уі және олар­ды да­мы­ту стра­те­ги­я­сын құ­ру­ды бо­лжам­дай­тын бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет.
Жа­у­ап­ты­лы­ғы: пер­спек­ти­ва­лы жыл­дық жос­пар­лау бой­ын­ша ше­шім қа­был­дау, қыз­мет про­це­сте­рін әзір­леу және оның нәти­же­ле­рі, ком­мер­ци­я­лық ке­ліс­сө­здер жүр­гі­зу, қой­ы­л­ған мақ­сат­тар­ға сәй­кес ком­па­ни­я­ның қа­жет­ті­лі­гін ай­қын­дау.
Күр­де­лі­лі­гі: күр­де­лі, әле­умет­тік, өн­ді­рі­стік және ғы­лы­ми про­це­стер­ді да­мы­ту­ға және ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру­ға бай­ла­ны­сты әдіс­на­ма­лық, зерт­те­улік және жо­ба­лық си­патта­ғы про­бле­ма­лар­ды ше­шу
Стра­те­ги­я­лық ой­лай бі­лу дағдыс­ын, көш­бас­шы­лық дағ­ды­лар­ды, ло­ги­ка­лық әді­стер­ді, кә­сі­би қыз­мет­тер мен өза­ра қа­рым-қа­ты­нас үл­гі­ле­рін құ­ру және ой­на­ту әді­сте­рін қол­да­на оты­рып өза­ра ти­ім­ді ше­шім қа­был­дау дағ­ды­ла­рын көр­се­ту
Қыз­мет­тер мен олар­дың өза­ра әре­кет­те­стіктің ко­опе­ра­тив­тік жүй­е­ле­рін құ­ру, мак­ро­әле­умет­тік және мак­ро­эко­но­ми­ка­лық жүй­е­лер­ді үл­гі­леу және бас­қа­ру әдіс­на­ма­сы ту­ра­лы бі­лім­дер, кә­сі­по­рын­ның бө­лім­ше­ле­рін бас­қа­ру құ­ры­лы­мын ва­ли­да­ци­я­лау және ве­ри­фи­ка­ци­я­лау

Қолданыстағы