Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Муктикольского сельского округа Житикаринского района Костанайской области

Ереже · № 227 · қабылданған 23.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80560/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Муктикольского сельского округа Житикаринского района Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 227 ·23.04.2014
17.10.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Муктикольского сельского округа Житикаринского района Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 227 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Муктикольского сельского округа Житикаринского района Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
227
Қабылданған күні
23.04.2014
Көрсетілген редакция
17.10.2017 80560_252478.kaz
Соңғы өзгеріс
17.10.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14NJ004807
ЭКБ идентификаторы
80560
Редакция идентификаторы
80560_252478
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:54

0 Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы Жітіқара
ауданы Мүктікөл ауылдық
округінің әкімі
_______________ И. Диркс

4 Мәслихаттың

2014 жылғы 23 сәуірдегі
№ 227 шешімімен бекітілген
Қостанай облысы Жітіқара ауданы
Мүктікөл ауылдық округінің бөлек
жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізудің қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қостанай облысы Жітіқара ауданының Мүктікөл ауылдық округінің (бұдан әрі - Мүктікөл ауылдық округі) бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Мүктікөл ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Мүктікөл ауылдық округінің аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Мүктікөл ауылдық округінің әкімімен шақырылады.

Жітіқара ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Мүктікөл ауылдық округі ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Мүктікөл ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Мүктікөл ауылдық округі ауылдарының тұрғындары қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Мүктікөл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Мүктікөл ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Мүктікөл ауылдық округі, ауылдарының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Жітіқара аудандық маслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Мүктікөл ауылдық округі тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Мүктікөл ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

17 Мәслихатың

2014 жылғы 23 сәуірдегі
№ 227 шешіміне қосымшасы
Қостанай облысы Жітіқара ауданы
Мүктікөл ауылдық округінің жергілікті
қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар
тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Мүктікөл ауылдық округінің ауылдарының, көшелерінің атауы
Өкілдерінің саны (адам)
1
Мүктікөл ауылы
соның ішінде
Животноводчекая көшесі
Ленин көшесі
Новая көшесі
Торговая көшесі
Минская көшесі
Семенюк көшесі
Урожайная көшесі
20
4
3
2
4
1
3
3
2
Жалтыркөль ауылы
соның ішінде
Новая көшесі
Набережная көшесі
Садовая көшесі
Целинная көшесі
6
2
2
1
1
3
Кондыбай ауылы
соның ішінде
Клубная көшесі
Школьная көшесі
2
1
1
Барлығы
28

Қолданыстағы