Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность Аксуского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил поступления и использования безнадзорных животных, поступивших в коммунальную собственность Аксуского района
- Атауы (қаз.)
- Ақсу ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 171
- Қабылданған күні
- 20.05.2014
- Көрсетілген редакция
- 20.05.2014 80594_135300.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.05.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14DD002741
- ЭКБ идентификаторы
- 80594
- Редакция идентификаторы
- 80594_135300
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:39
0 Ақсу ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидаларын бекіту туралы
"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 49-ө Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Ақсу ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
Базарханов Есім Сейілханұлына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
"Ақсу аудандық қаржы
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
"20" 05 2014 ж
Аманжолова Камаш Ерасылқызы
"Ақсу ауданының ветеринария
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
басшысы
"20" 05 2014 ж
Исапанов Сағынбек Кенжеғазыұлы
4 Ақсу ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "20"мамыр
"Ақсу ауданының коммуналдық
меншігіне келіп түскен, қараусыз
қалған жануарларды келіп түсу
және пайдалану қағидаларын
бекіту туралы" № 171
қаулысына қосымша
Ақсу ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен, қараусыз
қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану
Қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 01 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.
2 2. Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес, адам бағуында болған жануарларды меншігіне алудан бас тартқан кезде, олар Ақсу ауданының коммуналдық меншігіне түседі және осы Қағидаларға сәйкес пайдаланылады.
2 2. Жануарлардың Ақсу ауданының коммуналдық меншігіне келіп түсу тәртібі
3
3. Қараусыз қалған жануарлардың Ақсу ауданының коммуналдық меншігіне келіп түсуі қабылдау-тапсыру актісі негізінде жүзеге асырылады. Қабылдау-тапсыру актісінде Ақсу ауданының коммуналдық меншігіне түсетін жануарлардың түрі, жынысы, түсі, жасы міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Қабылдау-тапсыру актісі жануарларды тапсырған тұлғаның, "Ақсу ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі және "Ақсу ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - қаржы бөлімі) жауапты қызметкерлерінің қатысуы кезінде жасалады. Қабылдау-тапсыру актісін қаржы бөлімінің басшысымен бекітіледі.
4 4. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін жануарларды қабылдау-тапсыру актісі негізінде теңгерімге алу "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
3 3. Жануарларды бағалау, есепке алу және бекiтiп беру
5
5. Ақсу ауданының коммуналдық меншiгіне түскен жануарларды одан әрi пайдалану үшiн оларды Ақсу ауданының коммуналдық мүлiктер тiзбесiне енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жүргiзiледi. Тiзбеге енгiзу және бағалау (қайта бағалау) жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржы бөлiмi жүзеге асырады.
6 6. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейiн, жануарларды аудан әкiмдiгінің қаулысы негізінде тиiстi әкiмдер аппараттарының теңгерiмiне бекiтiлiп берiледi. Теңгерiмге алу Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен қабылдау - тапсыру актiсi негiзiнде жүзеге асырылады.
4 4. Ақсу ауданының коммуналдық меншігіне келіп түскен жануарларды пайдалану тәртібі
7 7. Ақсу ауданының коммуналдық меншiгіне түскен жануарлар мынадай тәсiлдердiң бiреуiмен пайдаланылады:
1 1) қосалқы шаруашылығы бар мемлекеттiк заңды тұлғалардың теңгерiмiне өтеусiз беру;
2 2) аукцион арқылы сату;
3 3) сауда ұйымдары арқылы сату;
4 4) жануарларды (ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарын қоспағанда) қорғайтын арнайы орындарға немесе жеке адамдарға өтеусiз беру.
8 8. Ақсу ауданының коммуналдық меншiгіне түскен жануарларды одан әрi пайдалану тәсiлiн әрбiр нақты жағдайда аудан әкiмдiгінің қаулысымен құрылған тұрақты комиссия шешеді.
5 5. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару тәртібі
9
9. Жануарлар Ақсу ауданының коммуналдық меншігіне өткеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал не өзгедей мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін мән-жайлар болған кезде – ол тиісті жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша айқындалатын шарттармен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде сот тәртібімен оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы.