Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О создании в городе Алматы "Лиги отличников"

Қаулы · № 1104 · қабылданған 28.11.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-8061/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О создании в городе Алматы "Лиги отличников" Күшін жойған 28.11.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О создании в городе Алматы "Лиги отличников"

Күшін жойған Қаулы № 1104 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании в городе Алматы "Лиги отличников"
Атауы (қаз.)
Алматы қаласында "Оқу озаттары бірлестігін" құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1104
Қабылданған күні
28.11.2000
Көрсетілген редакция
28.11.2000 8061_222504.kaz
Соңғы өзгеріс
28.11.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00R000277_
ЭКБ идентификаторы
8061
Редакция идентификаторы
8061_222504
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:09
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Алматы қаласында "Оқу озаттары бірлестігін" құру туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 25.07.2012 N 3/641 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы N 3002
"Дарынды балалар үшін мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту
туралы" Өкімі негізінде және қаладағы дарынды балалардың ойлау
бейімділіктерін дамыту, оқуда жоғары жетістіктерге жеткен оқушылардың
қарым-қатынасын арттыру, сонымен қатар жеткілікті қамтамасыз етілмеген
жанұяның оқу озаты-оқушыларына көмек және қолдау көрсетуді ұйымдастыру
мақсатында, Алматы қаласының Әкімі
шешім қабылдады:

1. Алматы қаласында алты аудандық "Оқу озаттары клубынан" тұратын

"Оқу озаттары бірлестігі" құрылсын.
2. Оқу озаттары бірлестігінің Ережесі бекітілсін (N№1 қосымша).
3. Аудан Әкімдерімен жеткілікті қамтамасыз етілмеген жанұяның оқу
озаттары балаларын оқу құралдарымен, мектеп бағдарламасынан көлемі жоғары
ғылыми-танымал және энциклопедиялық әдебиеттермен қамтамасыз етуде
материалдық көмек көрсетілсін.
4. Осы шешімге бақылау жасау Әкімнің орынбасары Ә.Ж.Ыбыраевқа
жүктелсін.

2 Әкiмнiң

2000 жылғы 28 қарашадағы
N 1104 шешiмiне N 1 қосымша
"Оқу озаттары Бiрлестiгi туралы"
ЕРЕЖЕ

1

1. Жалпы ережелер

1.1. "Оқу озаттарының Бiрлестiгi" (бұдан былай Бiрлестiк деп аталады)

заңды тұлға құрмаған, мектептерде "үздiк" оқитын 9-11 сыныптардың
оқушыларын, олардың рухани сауығу мен жетiлу мақсатындағы ортақ мүддесiнiң
негiзiнде ерiктi түрде, бiрiктiретiн қоғамдық ағартушылық коммерциялық
емес ұйым болып табылады.

1.2. Бiрлестiк жергiлiктi статусқа ие және өз қызметiн Алматы

қаласының аумағында жүзеге асырады. Осы Ереженiң негiзiнде жұмыс iстейдi.

1.3. Бiрлестiк аудандық "Оқу озаттары клубтарының" жұмысын бағыттайтын

орган болып табылады.

1.4. Бiрлестiк мектепте "үздiк" оқитын оқушыларға қолдау көрсетедi

және көңiл бөледi.

1.5. Бiрлестiктi құру жастарды оқыту және тәрбиелеу iсiнің өзектi

мәселелерiн шешуге ықпал етедi, озық педагогикалық тәжiрибелердi жинақтап
таратуға көмектеседi.

1.6. Бiрлестiктiң мекен-жайы: Алматы қаласы, Сейфуллин проспектiсi

(Райымбек проспектiсiмен қиылысы), Қалалық бiлiм беру жүйесi кадрларының
бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау институты.

2

2. Бiрлестiк қызметiнiң мәнi мен мақсаттары

2.1. Бiрлестiк қаланың аса дарынды балаларының интеллектуалдық

қабiлеттерiн дамыту, оқуда жоғары жетiстiктерге жеткен оқушылардың имиджiн
көтеру және бiр-бiрiмен қарым-қатынасын арттыру мақсатында ұйымдастырылады.

2.2. Осы мақсатқа сәйкес Бiрлестiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар

болып табылады:

2.3. Оқушылардың өз бетiмен бiлiм алу, өзiн-өзi жаңарту, өзiн-өзi

дамыту механизмдерiн жүзеге асыру жолдарын iздеу әдiстерi мен тәсiлдерiмен
байыту және өз мүшелерiн бiлiмдерi мен бiлiктерiн үнемi толықтырып отыруға
ынталандыру;

2.4. Оқушылардың бастамашылдығы мен шығармашылығын дамыту үшiн

қажеттi жағдай туғызу, Бiрлестiктiң жұмысына қатысты қызметкерлерге
ғылыми-теориялық, әдiстемелiк көмектер көрсету;

2.5. Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған басқа да

қызметтер.

3

3. Бiрлестiктiң мiндеттерi мен құқықтары

3.1. Бiрлестiк өзiнiң негiзгi мiндеттерiн орындау үшiн және өз

қызметiнiң қағидаларына сәйкес мынандай құқықтарға ие:

3.1.1. Өз қызметi туралы ақпарат тарату;

3.1.2. Бiрлестiк мүшелерiнiң интеллектуалдық өсуiне ықпал ету;

3.1.3. Көрмелер, кеңестер, презентациялар өткiзу;

3.1.4. Бiрлестiктiң мiндеттерiне сай келетiн iс-шаралардың,

семинарлардың, дәрiстердiң өткiзiлуiне қатысу;

3.1.5. Шығармашылық және өндiрiстiк ұжымдар құру және қолданылып

жүрген заңдардың шегiнде олардың қызметiн ұйымдастыру;

3.1.6. Осы Ереже қызметiнiң шегiнде халықаралық ұйымдарға, съездерге,

және басқа iс-шараларға қатысу.

4

4. Оқу озаттары Бiрлестiгiне мүшелiк

4.1. "Үздiк" оқитын 9-11 сыныптардың оқушылары Бiрлестiкке мүше бола

алады.

4.2. Бiрлестiкке мүшелiкке қабылдау мәселесi аудандық "Оқу озаттары

клубтарының" басшыларымен немесе бiрлесiп шешiледi.

4.3. Бiрлестiк мүшесi құқылы:

4.3.1. Бiрлестiктiң жұмысына дауыс құқығына ие болып қатысуға;

4.3.2. Бiрлестiктiң және оның құрылымдарының қызметiне байланысты

мәселелердi талқылауға қатысуға;

4.3.3. Бiрлестiктiң және оның құрылымдарының қызметiнiң барлық

бағыттары бойынша ұсыныстар мен кепiлдемелер енгiзуге;

4.3.4. Бiрлестiкке берiлген өзiнiң әлеуметтiк, құқықтық және

материалдық мүдделерiнiң барлық түрiн пайдалануға;

4.3.5. Алматы қаласының Әкiмi (Бiрлестiк мүшелерiне арналған гранттар

туралы Ережеге сәйкес) тағайындаған Алматы қаласының жоғары оқу орнында
оқудың түгел мерзiмiне грант алуға;

4.3.6. Алматы қаласының Әкiмi (Бiрлестiк мүшелерiне арналған

стипендиялар туралы Ережеге сәйкес) тағайындаған стипендия алуға;

4.3.7. Алматы қаласының кiтапханаларының қызметiн жеңiлдiкпен

пайдалануға;

4.3.8. Интернет жүйесiн жеңiлдiкпен пайдалануға;

4.3.9. Бiрлестiк мүшелiгiнен шығуға;

4.3.10. Бiрлестiк жұмысының жағдайы туралы ақпарат алуға.

4.4. Бiрлестiк мүшесi мiндеттi:

4.4.1. Бiрлестiк Ережесiн сақтауға;

4.4.2. Бiрлестiк қызметiне атсалысуға;

4.4.3. Бiрлестiк өткiзетiн жалпы жиналыстарға және iс-шараларға

қатысуға.

5

5. Бiрлестiктiң басқару органдары

5.1. Бiрлестiктiң жоғары басқару органы аудандық клубтардың

басшы-ұйымдастырушылары енетiн Бiрлестiк Кеңесi болып табылады.

5.2. Бiрлестiк Кеңесi:

5.2.1. Кеңестiң төрағасы мен хатшысын сайлайды;

5.2.2. Бiрлестiктiң Ережесiне өзгертулер мен толықтырулар қабылдайды

және енгiзедi;

5.2.3. Бiрлестiктiң қызметiнiң негiзгi бағыттары мен даму

перспективасын талқылайды және бекiтедi;

5.2.4. Жылына екi рет аудандық "Оқу озаттары клубтарының"

басшы-ұйымдастырушыларының есебiн тыңдайды.

5.3. Жалпы жиналыс жылына бiр реттен артық өткiзiлмейдi.