О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индиувидуальному учебному плану
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индиувидуальному учебному плану
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 337
- Қабылданған күні
- 22.05.2014
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2023 80651_640109.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14KG002655
- ЭКБ идентификаторы
- 80651
- Редакция идентификаторы
- 80651_640109
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:37
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарына сәйкес, Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) тәртібі айқындалсын.
2 2. Екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын әлеуметтік көмек төлемі айқындалсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Саран қалалық мәслихатының әлеуметтік саланы дамыту және азаматтардың құқығын қорғау заңдылығының мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 сәуірде туындаған қатынастарға таратылады.
5 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы тәртібі
Саран қалалық мәслихатының
2014 жылғы 22 мамырдағы
№ 337 шешімімен бекітілген
Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту
жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын
өндіріп алу туралы тәртібі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) ата – аналар немесе басқа да заңды өкілдер (бұдан әрі – алушы) өтінішті келесідей құжаттар ұсынумен "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне береді:
1 1) алушының жеке басын куәландыратын құжат;
2
3 3) психологиялық – медициналық - педагогикалық кеңес қорытындысы;
4 4) мүгедектігі туралы анықтама;
5 5) банк шотының болуы туралы құжат;
6 6) мүгедек баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады.