Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта "Лифтовое хозяйство и эскалаторы"

Бұйрық · № 94 · қабылданған 13.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80718/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта "Лифтовое хозяйство и эскалаторы" Күшін жойған Бұйрық ·№ 94 ·13.03.2014
30.03.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении профессионального стандарта "Лифтовое хозяйство и эскалаторы"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 94 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта "Лифтовое хозяйство и эскалаторы"
Атауы (қаз.)
"Лифт шаруашылығы және эскалаторлар" кәсіби стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
94
Қабылданған күні
13.03.2014
Көрсетілген редакция
30.03.2016 AI80718_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009356
ЭКБ идентификаторы
80718
Редакция идентификаторы
AI80718_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:30

0 "Лифт шаруашылығы және эскалаторлар" кәсіби стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 138-5-баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар» кәсіби стандарты бекітілсін.

2 2. Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті (Н.С. Құнанбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін және оны заңнамамен белгіленген тәртіпте арнайы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы Н.С. Құнанбаевқа жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық бірінші арнайы жариялаудан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енгізілсін.

«Келісілді»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
____________ Т.Дүйсенова
2014 жылғы 17 наурыз

5 «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар» кәсіби стандарты

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 13 наурыздағы
№ 94 бұйрығымен
бекітілген
«Лифт шаруашылығы және эскалаторлар» кәсіби стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1 1. «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) кәсіби қызмет саласындағы еңбектің мазмұнына, сапасына, жағдайына, қызметкерлердің біліктілігі мен құыретіне қойылатын талаптарды анықтайды және:

1 1) еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды жасауға;

2 2) персоналды басқару саласындағы кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;

3 3) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;

4 4) кәсіби даярлыққа бағалау жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған.

2 2. КС негізгі қолданушылары:

1 1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2 2) ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың персоналды басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3 3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4 4) кәсіптік даярлықтарын бағалау және мамандардың біліктілік сәйкестігін растау саласындағы мамандары болып табылады.

3 3. КС негізінде қызметтің, лауазымның, біліктілікті арттырудың, қызметкерлерді аттестаттаудың, еңбекті ынталандыру жүйесінің және т.б. функционалдық модельдеріне арналған ішкі, корпоративтік стандарттары әзірленеді.

4 4. Осы КС-да келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1 1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір қызмет түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайын болуы;

2 2) біліктілік деңгейі – атқарылатын жұмыстардың күрделілігі, дербестігі мен жауаптылығы көрінетін қызметкердің біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар деңгейі;

3 3) еңбек мәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;

4 4) еңбек құралы – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;

5 5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының тұтас жиынтығымен және оларды орындау үшін қажетті құзыреттілікпен құрылған кәсіби қызмет саласындағы құрамдас бөлік;

6 6) еңбек функциясы – бизнес-процеспен анықталатын және олардың еңбек қызметінің нақты түрінің шеңберінде орындалуы үшін тиісті құзыреттіліктің болуын көздейтін еңбек әрекеттерінің интеграцияланған және тиісінше автономды жиынтығы;

7 7) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграцияланған негізі (ұқсас және жуық мәндер, объектілер, технологиялар, соның ішінде еңбек құралдары) және еңбек функцияларының ұқсас жиынтығын және оларды орындау үшін құзыреттілікті көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8 8) КС – нақты кәсіби қызмет саласындағы еңбек сапасы мен жағдайы, біліктілігі, құзыреттілігі, мазмұны деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

9 9) КС бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, тиісінше автономды және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;

10 10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы білімді, ептілікті және практикалық дағдыларды талап ететін және білімі туралы тиісті құжаттармен нақтыланатын адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;

11 11) құзыреттілік – қызметкердің кәсіби қызметте білімін және іскерлігін қолдану қаблеті;

12 12) лауазым – лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

13 13) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

14 14) сала – шығарылатын өнімнің, өндіріс технологиясының, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби дағдыларының жалпылығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;

15 15) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

16 16) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

17 17) функционалдық карта – әр түрлі кәсіби қызметтер саласының шеңберінде белгіленген, қызметкер орындайтын еңбек қызметінің түрінің еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымданған сипаттамасы.

2 2. КС паспорты

5 5. Экономикалық қызметтің түрі (кәсіби қызмет саласы): ҚР ГК – 03-2007: «33.12 Машиналар мен жабдықтарды жөндеу».

6 6. Кәсіби қызмет саласы: Лифт шаруашылығы және эскалаторлар.

7 7. Кәсіби қызмет саласының негізгі мақсаты: лифттер мен эскалаторларды монтаждау, жөндеу, техникалық пайдалану және техникалық күтім жасау.

8 8. Кәсіби қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында көрсетілген.

3 3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптерінің) карточкасы

1 1-параграф. Лифт электромеханигі

9 9. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 2-4.

10 10. Мүмкін болатын лауазым атауы:

лифт электромеханигі.

11 11. Орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы – лифт жабдықтарын монтаждау, жөндеу және пайдалану.

12 12. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

13 13. Лифт электромеханигінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

14 14. Еңбек функцияларын айқындайтын, лифт электромеханигі орындайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.

15 15. Лифт электромеханигінің орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 2-қосымшасының 4 кестесінде көрсетілген.

16 16. Лифт электромеханигінің құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5-7 кестелеріңде көрсетілген.

2 2-параграф. Электрлі көтергіштер (лифттердің) монтажшысы

17 17. СБШ бойынша біліктілік деңгейі - 2-4.

18 18. Мүмкін болатын лауазым атауы:

электрлік көтергіштер (лифттердің) монтаждаушысы.

19 19. Орындалатын еңбек қызметінің жалпыланған сипаттамасы – электр көтергіштерді (лифттерді, эскалаторларды) монтаждау, жөндеу және пайдалану.

20 20. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

21 21. Электрлі көтергіштер (лифттердің) монтажшысының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

22 22. Кәсіби стандарттың мамандықтың еңбек атқарымдарының тізімі осы КС 3-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілген.

23 23. Электрлі көтергіштер (лифтердің) монтажшысының орындайтын еңбек іс-әрекеттері және кәсіби стандарттың мамандықтың еңбек атқарымдарының тізімін сипаттайтын атқарымдық картасы осы КС 3-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

24 24. Электрлі көтергіштер (лифтердің) монтажшысының құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5-7 кестелеріңде көрсетілген.

4 4. КС әзірлеушілер

25 25. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі болып табылады.

26 Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері

26. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 4-қосымшасында келтірілген.
«Лифт шаруашылығы және эскалаторлар»
кәсіби стандартына
1-қосымша
Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері
Рет­тік №
Қыз­мет тү­рі­нің ата­уы
Ең­бек на­ры­ғы­ның ба­ғыт­та­ры ес­ке­рі­л­ген кә­сіп ата­уы
01-2005 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік кә­сіп­тер жік­те­уі­ші­сіне сәй­кес кә­сіп­тер ата­уы
Cа­ла­лық бі­лік­ті­лік шең­бе­рі­нің бі­лік­ті­лік дең­гей­ле­рі
1.
Лифт жаб­дық­та­рын бап­тау, жөн­деу және пай­да­ла­ну
Лифт элек­тро­ме­ха­ни­гі
Лифт элек­тро­ме­ха­ни­гі
2-4
2.
Эс­ка­ла­тор­ды бап­тау, жөн­деу және пай­да­ла­ну
Элек­тр­лі кө­тер­гіш­тер (лиф­тер­дің) мон­та­ж­шы­сы
Элек­тр­лі кө­тер­гіш­тер (лиф­тер­дің) мон­та­ж­шы­сы
2-4
«Лифт шаруашылығы және эскалаторлар»
кәсіби стандартына
2-қосымша
Лифт электромеханигі
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
«Қыз­мет­тер­дің жік­те­уі­ші» 01-2005 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік кә­сіп
Ба­за­лық топ
7137 - Құ­ры­лыс сле­са­рі мен электр сле­са­рі, электр мон­та­ж­шы және туы­с­тас кә­сіп­тер
Жұ­мыс және жұ­мыс­шы­лар кә­сіп­те­рі­нің бі­рың­ғай та­риф­тік-бі­лік­ті­лік анық­та­ма­сы (БТ­БА)
БТ­БА шы­ға­ры­лы­мы, та­ра­уы
1- шы­ға­ры­лы­мы. «Ха­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның бар­лық са­ла­ла­ры үшін ор­тақ жұ­мыс­шы­лар­дың кә­сіп­те­рі» бө­лі­мі (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стрі­нің 2009 жы­л­ғы «30» қа­ра­ша­да­гы № 343-п бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген)
БТ­БА бой­ын­ша кә­сіп
Лифт элек­тро­ме­ха­ни­гі(2-6р.)
Са­ла­лық бі­лік­ті­лік шең­бе­рі­нің (СБШ) бі­лік­ті­лік дең­гейі
БТ­БА бой­ын­ша раз­ряд­та­ры
2
2
3
3-4
4
5-6
2-кесте. Лифт электромеханигінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кә­сі­бі бой­ын­ша бо­луы мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры (кә­сі­по­рын­дар, ұй­ым­дар)
Ком­му­нал­дық кә­сі­по­рын­дар, лифт ша­ру­а­шы­лы­ғын кү­тіп-бап­тай­тын қыз­мет көр­се­ту­ші ұй­ым­дар.
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек шар­тта­ры
Ең­бек шар­тта­ры қол­да­ны­с­та­ғы нор­ма­тив­тік ак­ті­лер­мен және ере­же­лер­мен бе­кі­ті­ле­ді
Жұ­мысқа жі­бе­ру­дің ерекше шар­тта­ры
Жұ­мысқа қол­да­ны­с­та­ғы ере­же­лер мен та­лап­тар­ға сәй­кес қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы бой­ын­ша дай­ын­дық­тан өт­кен тұ­лға­лар жі­бе­рі­ле­ді
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сі­би бі­лі­мі мен оқу дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
2
Жал­пы ор­та және кә­сі­би-тех­ни­ка­лық бі­лім. Ті­ке­лей өн­ді­рі­сте­гі кә­сі­би дай­ынды­ғы неме­се кә­сі­по­рын ба­за­сын­да қы­сқа мер­зім­ді кур­ста­ры, жұ­мыс ор­нын­да оқуы, же­тек­ші­нің нұс­қа­улы­ғы. Тех­ни­ка­лық бі­лі­мі­нің бі­лік­ті­лі­гі­нің бел­гі­лен­ген дең­гейі.
Жұ­мыс ор­нын­ды оқуы ке­зін­де. Нұс­қа­улық.
3
Прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сін­сіз кә­сі­би неме­се тех­ни­ка­лық бі­лі­мі­нің бі­лік­ті­лі­гі неме­се тех­ни­ка­лық бі­лім және прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі бі­лік­ті­лі­гі­нің бел­гі­лен­ген дең­гейі.
2-ші дең­гей­де 1 жыл
4
Кә­сі­би неме­се тех­ни­ка­лық бі­лі­мі бі­лік­ті­лі­гі­нің, прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі­нің жо­ға­ры дең­гейі, тә­жі­ри­бе­лік жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі, неме­се жо­ға­ры тех­ни­ка­лық бі­лім бі­лік­ті­лі­гі­нің және прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі­нің дең­гейі.
3-ші дең­гей­де 3 жыл
3-кесте. Лифт электромеханигі орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның №
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның ата­уы
(кә­сі­би стан­дарт­тың бір­лі­гі)
1
Пай­да­ла­ны­ла­тын ме­ха­низмдер мен жаб­дық­тар­дың жағ­дай­ын тек­се­ру. Ма­те­ри­ал­дар мен жаб­дық­тар­ды жұ­мысқа дай­ын­дау
2
Мон­таж­дау және/неме­се жөн­деу жұ­мыста­рын орын­дау, бұ­зы­лу­лар­ды жою. Лифт­тер­дің сыз­ба­ла­рын және элек­тро-сыз­ба­ла­рын оқу.
3
Жаб­дық­тар­дың жағ­дай­ын қай­та­лап тек­се­ру. Дай­ын­да­у­шы за­уыт­тың нұс­қа­улық­та­ры­на және өн­ді­рі­стік қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­ры­на сәй­кес орын­дал­ған жұ­мыстың са­па­сын ба­ға­лау.
4-кесте. Лифт электромеханигі орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның №
Ең­бек мәні
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
(ең­бек әре­кет­те­рі)
1
Ал­ғаш­қы ең­бек ұжы­мы Құ­ры­лы­стық лифт жаб­дық­та­ры және қо­рек кө­зі, же­ке қор­ға­ныс құ­рал­да­ры, сыз­ба­лар
Нұс­қа­улық­тар, шаб­лон­дар, ре­жим­дер, сыз­ба­лар элек­тро өл­ше­уіш құ­рал­дар мон­таж­дал­ған жаб­дық­тар
1-1) Тап­сыр­ма­ны орын­да­у­ға қа­жет­ті сай­ман­дар­ды, ма­те­ри­ал­дар­ды анық­тау және дай­ын­дау.
1-2) Лифт жаб­дық­та­ры жұ­мысы­ның оп­ти­маль­дық ре­жим­де­рін ірік­теу, ор­на­ту және пай­да­ла­ну. Жұ­мыста қол­да­ны­ла­тын бар­лық жаб­дық­тар­ды, құ­рал-сай­ман­дар­ды және ме­ха­низмдер­ді тек­се­ру. Жаб­дық­тар мен ме­ха­низмдер­дің жұ­мысын­да­ғы бұ­зы­лы­стар­ды анық­тау, олар­дың се­бе­бін ай­қын­дау және жою.
2-1) Лифт жаб­дық­та­рын жөн­деу, мон­таж­дау және қай­та мон­таж­дау бой­ын­ша қа­ра­пай­ым жұ­мыстар­ды орын­дау. Лифт же­те­гін жа­рық­тан­ды­ру, сиг­на­ли­за­ция және бас­қа­ру тіз­бек­те­рін­де­гі қа­ра­пай­ым бұ­зы­лу­лар­ды анық­тау және жою.
2
2-2) Лифт жаб­дық­та­рын жөн­деу, мон­таж­дау және қай­та мон­таж­дау бой­ын­ша ор­та­ша күр­де­лі жұ­мыстар­ды орын­дау. 1 м/сек дей­ін­гі жыл­дам­дық­та қоз­ға­ла­тын бір жер­ден бас­қа­ры­ла­тын, элек­тр­лік және ме­ха­ни­ка­лық лифт жаб­дық­та­рын бап­тау, рет­теу және сы­нау.
2-3) Лифт жаб­дық­та­рын жөн­деу, мон­таж­дау, қай­та мон­таж­дау бой­ын­ша күр­де­лі жұ­мыстар­ды орын­дау.
3
3-1) Жаб­дық­тар­дың жағ­дай­ын қай­та­лап тек­се­ру. Дай­ын­да­у­шы за­уыт­тың нұс­қа­улық­та­ры­на және өн­ді­рі­стік қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­ры­на сәй­кес орын­дал­ған жұ­мыстың са­па­сын ба­ға­лау.
3-3) Ба­ғы­ны­шты жұ­мыс­кер­лер­дің орын­да­ған жұ­мыста­ры­ның са­па­сын тал­дау. Объ­ек­ті­ні қа­был­да­уда ко­мис­сия жұ­мысы­на қа­ты­су. Мон­таж­дал­ған жаб­дық­ты пай­да­ла­ну­ға бе­ру.
5-кесте. СБШ біліктіліктің 2-деңгейлі лифт электромеханигінің құзыретіне қойылатын талаптар
мін­дет №
Же­ке және кә­сі­би құ­зы­рет­те­рі
Дағ­ды­ла­ры мен бі­лік­те­рі
Бі­лі­мі
1-1)
Жұ­мыс үшін қа­жет­ті ме­ха­низмдер мен құ­рал­дар­дың ма­те­ри­ал­да­рын дай­ын­дау ке­зін­де шек­тел­ген жа­у­ап­ты­лық­ты және дер­бес­тіктің бел­гі­лі бір дә­ре­же­сін қа­рас­ты­ра­тын бас­шы­лық­тың бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша ат­қа­ру­шы­лық қыз­мет
Лифт жаб­дық­та­рын мон­таж­дау және/неме­се жөн­деу үшін қа­жет­ті жұ­мыс ор­нын, ма­те­ри­ал­дар­ды, ме­ха­низмдер­ді және сай­ман­дар­ды дай­ын­дау.
Лифт жаб­дық­та­рын мон­таж­дау және/неме­се жөн­деу үшін қа­жет­ті жұ­мыс ор­нын, ма­те­ри­ал­дар­ды, ме­ха­низмдер­ді және сай­ман­дар­ды, дай­ын­дау қа­ғи­да­ла­ры.
2-1)
Жо­ға­ры бі­лік­ті­лік­ті ма­ман­ның бас­шы­лы­ғы­мен лифт жабды­ғын мон­таж­дау және/неме­се жөн­деу ке­зін­де негіз­гі про­це­стер­ге қа­ты­су ке­зін­де шек­тел­ген жа­у­ап­ты­лық пен дер­бес­тіктің бел­гі­лі бір дә­ре­же­сін қа­рас­ты­ра­тын бас­шы­лық­тың бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша ат­қа­ру­шы­лық қыз­мет
11-14 ква­ли­тет­тер (4-7 дәл­дік кла­ста­ры) бой­ын­ша де­таль­дар­ды сле­сар­лық өң­деу. Ме­ха­ни­ка­лық және ав­то­мат­ты құлып­тар­ды, ысыр­ма­лар­ды, түй­ін­ді ажы­рат­қы­штар­ды, қа­бат­ты қо­сқы­штар­ды түй­ме­лі және ша­қы­ру ап­па­рат­та­рын бөл­шек­теу және жи­нау. Жа­рық­тан­ды­ру, даб­ыл және лифт же­те­гін бас­қа­ру тіз­бек­те­рін­де­гі қа­ра­пай­ым бұ­зу­шы­лық­тар­ды анық­тау және жою.
Лифт­тер­дің қа­ра­пай­ын то­рап­та­ры мен ме­ха­низмде­рін бөл­шек­теу және жи­нау тәр­ті­бін, де­таль­да­рын сле­сарь­лық өң­деу опе­ра­ци­я­сы­ның әді­сте­рі мен ке­зек­ті­лі­гі; ме­талл­дар­дың қа­си­ет­те­рі мен мар­ка­ла­нуы; жол бе­ру­лер және отыр­ғы­зу­лар ту­ра­лы жал­пы мә­лі­мет­тер және олар­дың сыз­ба­лар­да көр­се­ті­луі; бо­лат ар­қан­дар мен шы­н­жыр­лар­мен жұ­мыс іс­теу қа­ғи­да­сы; кө­тер­гіш ме­ха­низмдер­дің (шы­ғыр­лар), бл­ок­тар­дың, шкив­тер­дің, ба­ра­бан­дар­дың құ­ры­л­ғы­сы; тип­тік лифт­тер­дің құ­ры­л­ғы­сы мен қол­да­ны­луы ту­ра­лы негіз­гі мә­лі­мет­тер; лифт­тер­ді жа­рық­тан­ды­ру және даб­ы­лы және лифт­тер­дің же­тек­ті бас­қа­ру жүй­е­ле­рі тіз­бе­гі­нің элек­тр­лік және электр кү­ш­ті сыз­ба­ла­ры.
6-кесте. СБШ біліктілігінің 3-деңгейлі лифт электромеханигінің құзыретіне қойылатын талаптар
мін­дет №
Же­ке және кә­сі­би құ­зы­рет­те­рі
Дағ­ды­ла­ры мен бі­лік­те­рі
Бі­лі­мі
3-1)
Жаб­дық­тар мен ме­ха­низмдер­дің жұ­мысын­да бұ­зу­шы­лық­тар анық­тал­ған, олар­дың се­беп­те­рін ай­қын­дау және тү­зе­ту ке­зін­де өзді­гі­нен жос­пар­ла­уды, жа­у­ап­ты­лық­ты көз­дей­тін бас­шы­лық­тың бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру жө­нін­де­гі ат­қа­ру­шы­лық қыз­мет
Жаб­дық­тар мен ме­ха­низмдер­дің жұ­мысын­да­ғы ша­ғын және қа­ра­пай­ым бұ­зу­шы­лық­тар­ды анық­тау және жою.
Жаб­дық­тар мен ме­ха­низмдер­дің құ­ры­лы­сы мен жұ­мыс тәр­ті­бі
3-2)
Лифт жабды­ғын жөн­деу, мон­таж­дау, де­мон­таж­дау бой­ын­ша ор­та­ша күр­де­лі­лік­те­гі жұ­мыстар­ды орын­дау ке­зін­де өзді­гі­нен жос­пар­ла­уды, жа­у­ап­ты­лық­ты қа­рас­ты­ра­тын бас­шы­лық­тың бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру жө­нін­де­гі ат­қа­ру­шы­лық қыз­мет
0,71 м/се дей­ін­гі және одан жо­ға­ры жыл­дам­дық­пен қоз­ға­ла­тын же­ке бас­қа­руы бар лифт­тер­дің ме­ха­ни­ка­лық және элек­тр­лік жаб­дық­та­рын бап­тау, рет­теу және сы­нау.
Лифт­тер­ді жа­рық­тан­ды­ру, сиг­на­ли­за­ци­я­сы және бас­қа­ру же­те­гі тіз­бек­те­рін­де­гі күр­де­лі бұ­зы­лым­дар­ды анық­тау және жою. 7-11 ква­ли­тет бой­ын­ша де­таль­дар­ды сле­сар­лық өң­деу (2-4 клас­сты нақ­ты­лық). Электр қоз­ғалт­қы­штар­ды ор­на­ту, ор­та­лық­тан­ды­ру, қо­су. Шах­та және жаб­дық­тың ма­ши­на­лық үй-жайы бой­ын­ша құ­быр­лар­да­ғы неме­се бұ­ра­у­лар­да­ғы тө­сем­дер­ді, сым­дар­ды, ка­бель­дер­ді бө­лу. Мон­таж­дау және жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу­ді же­дел­де­те­тін және же­ңіл­де­те­тін ор­на­ту және бел­гі­леу шаб­лон­да­рын және ас­пап­тар­ды дай­ын­дау.
Лифт­тер­ді мон­таж­да­у­ға, жөн­де­у­ге және қай­та мон­таж­да­у­ға ар­нал­ған тех­ни­ка­лық шар­ттар; лифт­тер­ді же­ке бас­қа­ру­дың прин­ци­пи­ал­ды сыз­ба-нұс­қа­сы; ме­ха­ни­ка­лық то­рап­тар мен электр ап­па­рат­та­рын бөл­шек­теу және жи­нау ке­зек­ті­лі­гі; рет­тел­мей­тін асин­хрон­ды қоз­ғалт­қы­штар, транс­фор­ма­тор­лар, ре­ле және маг­нит­ті жі­бер­гіш­тер, ұста­ғы­штар­дың құ­ры­л­ғы­сы; лифт жабды­ғы­ның ор­та­ша күр­де­лі және күр­де­лі то­рап­та­ры­ның тех­но­ло­ги­я­сы; кү­тім көр­се­те­тін лифт­тер­дің прин­ци­пи­ал­ды элек­тр­лік же­лі­ле­рі; «Электр қон­дыр­ғы­ла­ры­ның құ­ры­л­ғы­сы­ның қа­ғи­да­сы» лифт­тер­ді мон­таж­да­у­ға, тех­ни­ка­лық кү­тім жа­са­у­ға және жөн­де­у­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар бө­лі­гін­де
3-3)
Ат­қа­ры­л­ған жұ­мыстар­дың са­па­сын ба­қы­лау ке­зін­де өзді­гі­нен жос­пар­ла­уды, жа­у­ап­ты­лық­ты қа­рас­ты­ра­тын бас­шы­лық­тың бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша ат­қа­ру­шы­лық қыз­мет
Бас­қа­ру жүй­е­ле­рі­нің ка­бель­ді же­лі­ле­рі мен шы­н­жыр­ла­рын­да­ғы, электр қоз­ғалт­қы­шта­рын­да­ғы, транс­фор­ма­тор­лар­да­ғы оның ке­дер­гі­ле­рі­нің үл­кен­ді­гін өл­шеу және оқ­ша­у­лау жағ­дай­ын ме­го­метр­мен тек­се­ру. Лифт­ті Мем­та­у­кен қа­да­ға­лау ин­спек­то­ры­ның тех­ни­ка­лық ку­әлан­ды­руы­на дай­ын­дау
«Лифт­тер­дің құ­ры­л­ғы­сы­ның және қа­уіп­сіз пай­да­ла­ны­луы­ның қа­ғи­да­ла­ры» Мем­та­у­кен­қа­да­ға­лау. Құ­жат­та­ма­ны оқу.
7-кесте. СБШ біліктілігінің 4-деңгейлі лифт электромеханигінің құзыретіне қойылатын талаптар
мін­дет №
Же­ке және кә­сі­би құ­зы­рет­те­рі
Дағ­ды­ла­ры мен бі­лік­те­рі
Бі­лі­мі
4-1)
Лифт жаб­дық­та­рын мон­таж­дау, жөн­деу және де­мон­таж­дау бой­ын­ша ат­қа­ры­л­ған жұ­мыстар­дың нәти­же­сіне жа­у­ап­ты­лық­ты, нор­ма­лар­дың іс­ке асы­ры­луын ұй­ым­да­сты­ру және ба­қы­лау, тап­сыр­ма­лар­ды өзді­гі­нен ай­қын­да­уды көз­дей­тін бас­шы­лық­тың бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша ат­қа­ру­шы­лық-бас­қа­ру қыз­ме­ті
Қо­сар­лап бас­қа­ры­ла­тын, со­ның ішін­де бас­қа­ру­дың элек­тр­лік сыз­ба­ла­рын­да­ғы элек­трон­ды мик­ро­эле­мент­тер мен ло­ги­ка­лық эле­мент­тер­мен бас­қа­ру­дың элек­тр­лік сыз­ба­ла­ры­ның бас­па мон­та­жын қол­да­на оты­рып, жыл­дамды­ғы 1 м/сек дей­ін­гі және жо­ға­ры қоз­ға­ла­тын лифт­тер­ді ор­на­ту, рет­теу және сы­нау. Лифт­тер­дің ерекше күр­де­лі сыз­ба­ла­ры мен элек­тр­лік сыз­ба­ла­рын оқу.
Же­дел лифт­тер­ді мон­таж­дау және жөн­де­удің тех­ни­ка­лық шар­тта­ры;
Жыл­дам лифт­тер­дің элек­тр­лік сыз­ба­нұс­қа­ла­ры
4-2)
Лифт жаб­дық­та­ры­ның бұ­зу­шы­лы­ғын ба­қы­лау бой­ын­ша ат­қа­ры­ла­тын жұ­мыстар­дың нәти­же­сіне жа­у­ап­ты­лық­ты, нор­ма­лар­дың іс­ке асы­ры­луын ұй­ым­да­сты­ру және ба­қы­лау, тап­сыр­ма­лар­ды өзді­гі­нен ай­қын­да­уды көз­дей­тін бас­шы­лық­тың бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша ат­қа­ру­шы­лық-бас­қа­ру қыз­ме­ті.
Қо­сар­лап бас­қа­ру жүй­е­ле­рін­де­гі бұ­зу­шы­лық­тар­ды ай­қын­дау және олар­ды жою. Ме­ха­ни­ка­лық то­рап­тар­да­ғы, жыл­дам лифт­тер­дің бас­қа­ру, жа­рық­тан­ды­ру және даб­ыл жүй­е­ле­рін­де­гі бұы­лым­дар­ды ай­қын­дау және олар­ды жою. Жар­ты­лай өт­кіз­гіш­ті эле­мент­тер­дің си­патта­ма­сын алу.
Лифт­тер­ді сы­на­у­ға ар­нал­ған тех­ни­ка­лық шар­ттар. Лифт­тер­дің ме­ха­ни­ка­лық және элек­тр­лік жаб­дық­та­рын мон­таж­дау, жөн­деу және сы­нау са­па­сы­на қой­ы­ла­тын та­лап­тар, де­таль­да­ры мен то­рап­та­ры­ның қыз­мет мер­зім­де­рі және олар­ды бас­қа­ру­ды ұл­ғай­ту бой­ын­ша іс-ша­ра­лар мен то­рап­тар.
«Лифт шаруашылығы және эскалаторлар»
кәсіби стандартына
3-қосымша
Электрлік көтергіштердің монтаждаушылары
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
«Қыз­мет­тер­дің жік­те­уі­ші» 01-2005 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік жік­те­уі­ші
Ба­за­лық топ
7233 – Элек­тр­лік кө­тер­гіш­тер­дің мон­таж­да­у­шы­ла­ры
Жұ­мыс және жұ­мыс­шы­лар кә­сіп­те­рі­нің бі­рың­ғай та­риф­тік-бі­лік­ті­лік анық­та­ма­лы­ғы (БТ­БА)
БТ­БА шы­ға­ры­лы­мы, та­ра­уы
3- шы­ға­ры­лым. «Құ­ры­лыс, мон­таж­дау және жөн­деу - құ­ры­лыс жұ­мыста­ры» бө­лі­мі
(Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стрі­нің 2011 жы­л­ғы «13» жел­тоқ­сан­да­ғы № 432-п бұй­ры­ғы. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Әді­лет ми­ни­стр­лі­гін­де 2012 жы­л­ғы 9 қаң­тар­да № 7373 тір­кел­ген)
БТ­БА бой­ын­ша кә­сіп
Элек­тр­лі кө­тер­гіш­тер (лиф­тер­дің) мон­таж­да­у­шы­ла­ры (2-6 р.)
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
БТ­БА бой­ын­ша раз­ряд­та­ры
2
2
3
3-4
4
5-6
2-кесте. Электрлік көтергіштердің монтаждаушысының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кә­сі­бі бой­ын­ша бо­луы мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры (кә­сі­по­рын­дар, ұй­ым­дар)
Ком­му­нал­дық кә­сі­по­рын­дар, эс­ка­ла­тор ма­ши­на­ла­рын кү­тіп-бап­тай­тын қыз­мет көр­се­ту­ші ұй­ым­дар.
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дайы
Ең­бек шар­тта­ры қол­да­ны­с­та­ғы нор­ма­тив­тік ак­ті­лер­мен және ере­же­лер­мен бе­кі­ті­ле­ді
Жұ­мысқа рұқ­сат бе­ру­дің ерекше шар­ты
Жұ­мысқа қол­да­ны­с­та­ғы ере­же­лер мен та­лап­тар­ға сәй­кес қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы бой­ын­ша дай­ын­дық­тан өт­кен тұ­лға­лар жі­бе­рі­ле­ді
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сі­би бі­лі­мі мен оқу дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
2
Жал­пы ор­та және кә­сі­би-тех­ни­ка­лық бі­лі­мі. Ті­ке­лей өн­ді­рі­сте­гі кә­сі­би дай­ын­дық неме­се кә­сі­по­рын ба­за­сын­да­ғы қы­сқа мер­зім­ді кур­стар, жұ­мыс ор­нын­да оқы­ту, же­тек­ші­мен нұс­қа­улық. Тех­ни­ка­лық бі­лім бі­лік­ті­лі­гі­нің бел­гі­лен­ген дең­гейі.
Жұ­мыс ор­нын­да бі­лім алу ке­зе­ңін­де. Нұс­қа­улық.
3
Тех­ни­ка­лық бі­лім және прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі­нің бі­лік­ті­лі­гі­нің бел­гі­лен­ген дең­гейі неме­се прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сін­сіз кә­сі­би неме­се тех­ни­ка­лық бі­лім бі­лік­ті­лі­гі­нің бел­гі­лен­ген дең­гейі.
2-ші дең­гей­де 1 жыл
4
Кә­сі­би неме­се тех­ни­ка­лық бі­лі­мі бі­лік­ті­лі­гі­нің жо­ға­ры дең­гейі, прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі, неме­се жо­ға­ры тех­ни­ка­лық бі­лім және прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі бі­лік­ті­лі­гі дең­гейі.
3-ші дең­гей­де 3 жыл
3-кесте. Электрлік көтергіштердің монтаждаушысы орындайтын, еңбек функцияларын айқындайтын КС бірліктерінің тізбесі
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның №
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның ата­уы
(кә­сі­би стан­дарт­тың бір­лі­гі)
1
Пай­да­ла­ны­ла­тын ме­ха­низмдер мен жаб­дық­тар­дың жағ­дай­ын тек­се­ру. Ма­те­ри­ал­дар мен жаб­дық­тар­ды жұ­мысқа дай­ын­дау
2
Элек­тр­лік кө­тер­гіш­тер­ді (лифт­тер­ді) мон­таж­дау ке­зін­де­гі жұ­мыстар­ды орын­дау.
3
Орын­дал­ған жұ­мыстар­дың са­па­сын ба­қы­лау және ба­ға­лау.
4-кесте. Электрлік көтергіштердің монтаждаушысы орындайтын КС бірліктерінің сипаты
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның №
Ең­бек мәні
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
(ең­бек әре­кет­те­рі)
1
Эс­ка­ла­тор­лар және қо­рек кө­зі, же­ке қор­ға­ныс құ­рал­да­ры
Нұс­қа­улық­тар, шаб­лон­дар, ре­жим­дер, сыз­ба­лар электр өл­ше­уіш құ­рал­дар
1-1) Қа­жет­ті сай­ман­дар мен ма­те­ри­ал­дар­ды ай­қын­дау және дай­ын­дау.
2
2-1) Элек­тр­лік кө­тер­гіш­тер­ді (лифт­тер) мон­таж­дау ке­зін­де қа­ра­пай­ым жұ­мыстар­ды орын­дау.
2-2) Элек­тр­лік кө­тер­гіш­тер­ді (лифт­тер) мон­таж­дау ке­зін­де қа­ра­пай­ым және ор­та­ша күр­де­лі жұ­мыстар­ды орын­дау.
2-3) Элек­тр­лік кө­тер­гіш­тер­ді (лифт­тер­ді) мон­таж­дау ке­зін­де­гі күр­де­лі жұ­мыстар­ды орын­дау
3
3.1) Пай­да­ла­ны­л­ған жаб­дық­тар­дың жағ­дай­ын қай­та­лап тек­се­ру. Дай­ын­да­у­шы за­уыт­тың нұс­қа­улық­та­ры­на және өнер­к­ә­сіп­тік қа­уіп­сіз­дік та­лап­та­ры­на сәй­кес тап­сыр­ма­лар­дың орын­да­лу са­па­сын ба­ға­лау.
3.2) Лифт­тер­ді пай­да­ла­ну­ға бе­ру, қа­был­да­у­ға қа­ты­су және Мем­та­у­кен­қа­да­ға­лау қыз­ме­ті­нің ба­қы­лау тек­се­ру­ле­ріне қа­ты­су
5-кесте. СБШ біліктілігінің 2-деңгейлі электрлік көтергіштер (лифттердің) монтаждаушысының құзыретіне қойылатын талаптар
мін­дет №
Же­ке және кә­сі­би құ­зы­рет­те­рі
Дағ­ды­ла­ры мен бі­лік­те­рі
Бі­лі­мі
1-1)
Жұ­мыс үшін қа­жет­ті ме­ха­низмдер мен құ­рал­дар­дың ма­те­ри­ал­да­рын дай­ын­дау ке­зін­де шек­тел­ген жа­у­ап­ты­лық­ты және дер­бес­тіктің бел­гі­лі бір дә­ре­же­сін қа­рас­ты­ра­тын бас­шы­лық­тың бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша ат­қа­ру­шы­лық қыз­мет
Лифт жаб­дық­та­рын мон­таж­дау және/неме­се жөн­деу үшін қа­жет­ті жұ­мыс ор­нын, ма­те­ри­ал­дар­ды, ме­ха­низмдер­ді және сай­ман­дар­ды дай­ын­дау.
Лифт жаб­дық­та­рын мон­таж­дау және/неме­се жөн­деу үшін қа­жет­ті жұ­мыс ор­нын, ма­те­ри­ал­дар­ды, ме­ха­низмдер­ді және сай­ман­дар­ды дай­ын­дау қа­ғи­да­ла­рын бе­кі­ту
2-1)
Элек­тр­лік кө­тер­гіш­тер­ді (лифт­тер­ді) мон­таж­дау бой­ын­ша жұ­мыстар­ды орын­дау ке­зін­де дер­бес­тіктің анық­тал­ған дә­ре­же­сін және шек­тел­ген жа­у­ап­ты­лық­ты көз­дей­тін бас­шы­лық­тың бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша ат­қа­ру­шы­лық қыз­мет
Дай­ын бел­гі бой­ын­ша ме­тал­дар­ды ша­бу және ке­су. Еріт­кіш­те жуу және де­таль­дар­ды май­лау. Жаб­дық­тар­ды ше­шу. Ме­т­из­дер­ді, ма­те­ри­ал­дар­ды және сай­ман­дар­ды ірік­теу. Қа­ра­пай­ым элек­тро­ап­па­ра­ту­ра­лар­ды за­ряд­тау және ор­на­ту.
Ба­ғыт­та­у­шы, то­ғы­спа­лы тақ­тай­ша­лар­ды, крон­штейн­дер­ді жи­нақ­тау: ба­ғыт­та­у­шы, қа­бат­тық қо­сқы­штар, шунт­тар, дат­чик­тер және т.б.
Элек­тро­тех­ни­ка­лар­дың қа­ра­пай­ым ұғым­да­ры. Лифт­тер­ді мон­таж­дау жө­нін­де­гі нұс­қа­улық­тар­дың негіз­гі ере­же­ле­рі.
Лифт­тер­дің негіз­гі то­рап­та­ры­ның ата­уы және қол­да­ны­луы. Лифт­тер­ді мон­таж­дау ке­зін­де қол­да­ны­ла­тын ин­стру­мент­тер, ма­те­ри­ал­дар және та­ке­ла­жды жаб­дық­тар­дың түр­ле­рі мен та­ғай­ын­да­луы. Лифт­тер­де қол­да­ны­ла­тын сым­дар мен ка­бель­дер­дің негіз­гі мар­ка­ла­ры. Бе­кіт­кіш бұй­ым­дар­дың негіз­гі түр­ле­рі және жаб­дық­тар­дың бөл­шек­те­рін бе­кі­ту­дің қа­ра­пай­ым тә­сіл­де­рі.
6-кесте. СБШ біліктілігінің 3-деңгейлі электрлік көтергіштер (лифттердің) монтаждаушысының құзыретіне қойылатын талаптар
мін­дет №
Же­ке және кә­сі­би құ­зы­рет­те­рі
Дағ­ды­ла­ры мен бі­лік­те­рі
Бі­лі­мі
2-2)
Элек­тр­лік кө­тер­гіш­тер­ді мон­таж­дау ке­зін­де ор­та­ша күр­де­лі жұ­мыстар­ды орын­дау ке­зін­де­гі жа­у­ап­ты­лық­ты, өзді­гі­нен жос­пар­ла­уды көз­дей­тін бас­шы­лық­тың бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру жө­нін­де­гі ат­қа­ру­шы­лық қыз­мет
Кар­ка­стар мен ме­тал шах­та­ла­рын мон­таж­дау. Ка­би­на­лар мен қар­сы сал­мақ­тар­ды жи­нау және олар­ды ор­на­ту. Шах­та­лық есік­тер­ді ор­на­ту. Ма­ши­на­лық үй-жай­лар мен при­ям­ка­лар­ды мон­таж­дау, қоз­ға­лыс жыл­дамды­ғы 1 м/сек дей­ін­гі жүк және жо­ла­у­шы лифт­те­рі­нің ме­ха­ни­ка­лық және элек­тр­лік то­рап­та­рын рет­теу және олар­ды пай­да­ла­ну­ға бе­ру.
Жыл­дамды­ғы 1 м/сек дей­ін­гі лифт­тер­дің элек­тро­про­вод­ка­ла­рын тө­сеу және қо­су (топ­тық және қо­сар­лы бас­қа­ру лифт­те­рі­нен бас­қа). Ка­би­на­лар және жыл­дам­дық­ты шек­те­у­ші­нің ар­қа­нын ілу және бе­кі­ту. Оқ­ша­у­лау мен жер­ге түй­і­сті­ру ке­дер­гі­сін өл­шеу. Лифт шах­та­ла­ры­ның ішін­де­гі те­ле­фон-дис­пет­чер­лік бай­ла­ны­сын мон­таж­дау.
Элек­тр­лік кө­тер­гіш­тер­дің негіз­гі құ­ры­л­ғы­ла­ры және жұ­мыс прин­ципте­рі. Қоз­ға­лу жыл­дамды­ғы 0,71 м/сек дей­ін­гі лифт­тер­ді бас­қа­ру­дың электр сыз­ба­сы. Лифт жаб­дық­та­ры­ның жер­ге түй­і­су және нөл­де­ну қа­ғи­да­сы. Электр­про­вод­ка­ла­рын тө­сеу қа­ғи­да­сы. Жаб­дық­тар­ды қоз­ғал­ту тә­сіл­де­рі. Қоз­ға­лу жыл­дамды­ғы 1 м/сек дей­ін­гі жүк және жо­ла­у­шы лифт­тер­дің ме­ха­ни­ка­лық және элек­тр­лік жаб­дық­та­рын мон­таж­дау және рет­теу тә­сіл­де­рі­нің тех­но­ло­ги­я­лық ке­зек­ті­лі­гі, олар­ды бап­тау және пай­да­ла­ну­ға бе­ру қа­ғи­да­сы. Қоз­ға­лу жыл­дамды­ғы 1 м/сек дей­ін­гі лифт­тер­дің электр сыз­ба­сы (топ­тық және қо­сар­лы бас­қа­руы бар лифт­тер­ден бас­қа). Оқ­ша­у­лау және жер­ге түй­і­сті­ру ке­дер­гі­ле­рін өл­шеу тә­сіл­де­рі.
3-1)
Ат­қа­ры­л­ған жұ­мыстар­дың са­па­сын ба­қы­лау ке­зін­де ор­та­ша күр­де­лі жұ­мыстар­ды орын­дау ке­зін­де жа­у­ап­ты­лық­ты, өзді­гі­нен жос­пар­ла­уды көз­дей­тін бас­шы­лық­тың бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру жө­нін­де­гі ат­қа­ру­шы­лық қыз­мет.
Ат­қа­ры­л­ған жұ­мыстар­дың са­па­сын ба­қы­лау жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ды орын­дау.
Шах­та­лар­дың га­ба­рит­те­рін тек­се­ру және олар­дың жо­ба және тех­ни­ка­лық шар­ттар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі. КС­РО Мем­та­у­кен­қа­да­ға­лау қыз­ме­ті­нің «Лифт­тер­дің құ­ры­л­ғы­сы­ның және қа­уіп­сіз пай­да­ла­ны­луы­ның қа­ғи­да­ла­ры» және «Жұ­мыстар­ды жүр­гі­зу және қа­был­дау қа­ғи­да­ла­ры». МЕМСТ негіз­гі та­лап­та­ры. Бел­гі­леу сыз­ба­ла­ры (лифт­тер­ге ар­нал­ған жо­ба­лар)
7-кесте. СБШ біліктілігінің 4-деңгейлі электрлік көтергіштер (лифттердің) монтаждаушысы құзыретіне қойылатын талаптар
мін­дет №
Же­ке және кә­сі­би құ­зы­рет­те­рі
Дағ­ды­ла­ры мен бі­лік­те­рі
Бі­лі­мі
2-3)
Элек­тр­лік кө­тер­гіш­тер­ді мон­таж­дау ке­зін­де­гі күр­де­лі жұ­мыстар­ды орын­дау ке­зін­де­гі жа­у­ап­ты­лық, нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру­ды ұй­ым­да­сты­ру және ба­қы­лау, мін­дет­тер­ді өзді­гі­мен анық­та­уды көз­дей­тін бас­шы­лық­тың бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру жө­нін­де­гі ат­қа­ру­шы­лық-бас­қа­ру­шы­лық қыз­мет.
Ауы­спа­лы және тұ­рақ­ты ток­та жұ­мыс іс­тей­тін, қоз­ға­лу жыл­дамды­ғы 1 м/сек аса­тын лифт­тер­ді қа­был­дау және ма­ши­на­лық үй-жай жаб­дық­та­рын жөн­деу. Ма­ши­на­лық үй-жай және ар­найы кө­тер­гіш ба­ғыт­та­у­шы­сы­ның жаб­дық­та­рын мон­таж­дау. Электр же­лі­ле­рін тө­сеу және қо­су, бар­лық то­рап­тар­ды рет­теу және ауы­спа­лы және тұ­рақ­ты тоқ­та жұ­мыс іс­тей­тін қоз­ға­лыс жыл­дамды­ғы 1 м/сек дей­ін­гі және одан аса­тын топ­тық және қо­сар­лы бас­қа­ру лифт­те­рі­нің лифт­тер­ді бас­қа­ру жүй­е­ле­рін және ар­найы кө­тер­гіш­тер­ді бап­тау
Ауы­спа­лы және тұ­рақ­ты ток­та жұ­мыс іс­тей­тін, қоз­ға­лу жыл­дамды­ғы 1 м/сек лифт­тер­дің ме­ха­ни­ка­лық және элек­тр­лік жаб­дық­та­рын мон­таж­дау тә­сіл­де­рі. Ауы­спа­лы ток­та­ғы бар­лық лифт­тер­дің элек­тр­сыз­ба­ла­ры. Ауы­спа­лы және тұ­рақ­ты тоқ­та жұ­мыс іс­тей­тін қоз­ға­лыс жыл­дамды­ғы 1 м/сек дей­ін­гі және одан аса­тын топ­тық және қо­сар­лы бас­қа­ру лифт­те­рін және ар­найы кө­тер­гіш­тер­ді бап­тау, сы­нау және пай­да­ла­ну­ға бе­ру қа­ғи­да­сы.
3-2)
Кө­тер­гіш­тер­ді (лифт­тер­ді) пай­да­ла­ну­ға бе­ру ке­зін­де жа­у­ап­ты­лық, нор­ма­лар­дың іс­ке асы­ры­луын ұй­ым­да­сты­ру және ба­қы­лау, мін­дет­тер­ді өз бе­тін­ше анық­та­уды көз­дей­тін бас­шы­лық­тың бас­қа­руы­мен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру жө­нін­де­гі ат­қа­ру­шы­лық-бас­қа­ру қыз­ме­ті
Лифт­тер­ді пай­да­ла­ну­ға бе­ру, қа­был­да­у­ға қа­ты­су және Мем­та­у­кен қа­да­ға­лау қыз­ме­ті­нің ба­қы­лау тек­се­ру­ле­ріне қа­ты­су
Кон­так­ті­лі және кон­так­ті­сіз ап­па­ра­ту­ра­лар­мен 1 м/сек дей­ін­гі және 1 м/сек аса­тын қоз­ға­лыс жыл­дамды­ғы­мен топ­тық және қо­сар­лы бас­қа­ру лифт­те­рін және ар­найы кө­тер­гіш­тер­ді бап­тау, сы­нау және пай­да­ла­ну­ға бе­ру қа­ғи­да­ла­ры.
Лифт құ­ру және лифт­тер­ді мон­таж­дау жө­нін­де­гі нор­ма­тив­тік құ­жат­тар.
«Лифт шаруашылығы және эскалаторлар»
кәсіби стандартына
4-қосымша
Келісу парағы
Үй­ым­ның ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі.
Осы КС ______________________________________ тіркелді.
Кәсіби стандарттар тізбесіне _________ тіркеу нөмірімен енгізілді.
Хат (хаттама) № ____ Күні ____________________

Қолданыстағы