Құжат мәтініне өту

Об установлении карантина на территории сельского округа Сункар

Қаулы · № 36/01 · қабылданған 02.06.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80732/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
Об установлении карантина на территории сельского округа Сункар Күшін жойған Қаулы ·№ 36/01 ·02.06.2014
08.07.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.07.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении карантина на территории сельского округа Сункар

Күшін жойған Қаулы ·№ 36/01 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении карантина на территории сельского округа Сункар
Атауы (қаз.)
Сұңқар ауылдық округінің аумағында карантин белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
36/01
Қабылданған күні
02.06.2014
Көрсетілген редакция
08.07.2014 80732_200961.kaz
Соңғы өзгеріс
08.07.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14KO002663
ЭКБ идентификаторы
80732
Редакция идентификаторы
80732_200961
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:31

0 Сұңқар ауылдық округінің аумағында карантин белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық кесiмдердi бекiту туралы" қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Сұңқар ауылдық округінің аумағында құстар арасында Ньюкасл ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін.

2

2. "Осакаров ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабында белгіленген, құстың жұқпалы ауруының таралуына жол бермеу мақсатында, эпизоотия ошағында және қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу, қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды өткізсін.

3

3. "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Осакаров аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Муратбек Жакипбаевич Бейсенбековке (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабымен көзделген шектеу іс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Асылбек Серікұлы Молдабаевқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы
ауыл шаруашылығы Министрлігі
ветеринариялық бақылау және
қадағалау Комитетінің
Осакаров аудандық аумақтық
инспекциясы" басшысы
Ж. Бейсенбеков
2014 жылдың 2 маусымы

Қолданыстағы