О создании республиканского государственного учреждения "Қоғамдық келісім" при Президенте Республики Казахстан и внесении дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании республиканского государственного учреждения "Қоғамдық келісім" при Президенте Республики Казахстан и внесении дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Президенті жанынан "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 837
- Қабылданған күні
- 17.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 31.07.2023 80750_647535.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.07.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1400000837
- ЭКБ идентификаторы
- 80750
- Редакция идентификаторы
- 80750_647535
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:24
0 Қазақстан Республикасының Президенті жанынан "Қоғамдық келісім" республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 33-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанынан «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
2 2. Қоса беріліп отырған мекеменің жарғысы бекітілсін.
3 3. Мекеменің штат саны 58 бірлік мөлшерінде белгіленсін.
4 4. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мекемеге қатысты уәкілетті орган болып айқындалсын.
5 5. Мекеме директорын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады деп белгіленсін.
6 6. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1 1) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Достық үйі - Этносаралық қатынастар орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің мүлкін мекемеге бере отырып, оны тарату туралы шаралар қабылдасын;
2 2) бір ай мерзімде мекемені мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
3 3) мекемені республикалық бюджеттен қаржыландыруды қамтамасыз етсін;
4 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мекеме басшыларының, мамандары мен қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларын (мөлшерлемелерін) 1,72 арттырушы коэффициентті қолдана отырып белгілеуді қамтамасыз етсін;
5 5) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
7 7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Астана қаласында мекемені орналастыру үшін үй-жай бөлуді қамтамасыз етсін.
8 8. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына толықтырулар енгізілсін:
1 1) күші жойылды - ҚР Президентінің 29.12.2015 № 150 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен;
2 2) күші жойылды - ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
9 9. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 17 маусымдағы
№ 837 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) Қазақстан халқы Ассамблеясының (бұдан әрі - Ассамблея) қызметін қамтамасыз ету және оның іс-шараларын өткізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
2 2. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
3 3. Мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.
4 4. Мекемеге қатысты уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі (бұдан әрі - уәкілетті орган) болып табылады.
Мекеменің мүлкіне қатысты республикалық меншік субьектісінің құқығын Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі - мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) жүзеге асырады.
5 5. Мекеменің атауы:
1 1) толық:
мемлекеттік тілде - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде - Республиканское государственное учреждение «Қоғамдық келісім» при Президенте Республики Казахстан.
2 2) қысқартылған:
мемлекеттік тілде - «Қоғамдық келісім» РММ;
орыс тілінде - РГУ «Қоғамдық келісім».
6 6. Мекеменің орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 6.
2 2. Мекеменің заңды мәртебесі
7 7. Мекеме мемлекеттік тіркелген сәттен бастап құрылды деп есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.
8 8. Мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мекеменің атауы бар бланкілері, мөрі болады.
9 9. Мекеме басқа заңды тұлға құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
10 10. Мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің иелігіндегі ақшамен жауап береді. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша субсидиялық жауапкершілікті Қазақстан Республикасы көтереді.
11 11. Мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгенінен кейін ғана күшіне енеді.
3 3. Мекеме қызметінің нысанасы мен мақсаты
12 12. Мекеме қызметінің нысанасы:
1 1) Ассамблеяның жұмысын ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
2 2) Ассамблея қызметін ғылыми-сараптамалық, ақпараттық, талдамалық сүйемелдеуді ұйымдастыру;
этномәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың Ассамблеяның міндеттерін іске асыруға бағытталған жұмыстарына қолдау көрсетуді ұйымдастыру.
13 13. Мекеме қызметінің мақсаты Ассамблеяның жұмыс істеуін ұйымдастырушылық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудің тиімді жүйесін құру болып табылады.
14 14. Мақсатқа қол жеткізу үшін мекеме мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1 1) Ассамблея Сессиясының, Кеңесінің отырыстарын және Ассамблеяның басқа да іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру;
2 2) Ассамблеяның Алматы қаласындағы Достық үйін күтіп ұстау;
3 3) республикалық этномәдени бірлестіктердің жұмысына жағдай жасау;
4 4) Ассамблеяның мақсаты мен міндеттерін іске асыруға бағытталған бұқаралық қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік, ғылыми және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
5 5) Ассамблея достық үйлерінің республикалық Әдістемелік кеңесінің, Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, Ассамблея жанындағы журналистер клубының қызметін қамтамасыз ету;
6 6) Ассамблеяның Даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шараларды өткізу, оның ішінде оларды жоспарлау;
7 7) Ассамблеяның қоғамдық бірлестіктермен және азаматтық қоғамның басқа да институттарымен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
8 8) мемлекеттік этносаясат саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
9 9) этносаралық қатынастардың жай-күйі туралы талдамалық және болжамдық материалдар дайындау;
10 10) этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселесі бойынша мониторинг жүргізу, ұсыныстар мен ұсынымдарды түжырымдау;
11 11) Ассамблея қызметін ақпараттық қолдауды жүзеге асыру, Ассамблеяның баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
12 12) Ассамблеяның медиажоспарларын әзірлеу және іске асыру;
13 13) Ассамблеяның ағартушылық қызметін жүзеге асыруды қамтамасыз ету, оқыту семинарлары мен тренингтерін өткізу;
14 14) мемлекеттік этносаясат саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласын зерделеуді ұйымдастыру;
15 15) ғылыми еңбектерді (мақалалар, монографиялар, оқу құралдары және т.б.) басып шығаруды және Ассамблеяның баспа қызметін, Ассамблея қызметінің бағыттары бойынша басқа да ақпараттық материалдар өндірісін ұйымдастыру;
16 16) Ассамблеяның халықаралық ынтымақтастығын, оның халықаралық және басқа да іс-шаралар жұмысына қатысуын ұйымдастыру;
17 17) Ассамблеяның мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту бойынша жұмысын ұйымдастыру;
18 18) Ассамблеяның ынтымақтастық туралы меморандумдары мен келісімдерін орындау шеңберінде жұмысты ұйымдастыру;
19 19) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін және мекеменің жарғысына қайшы келмейтін өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру және мәмілелер жасасу.
Мекемеге өз қызметінің жарғыда бекітілген нысанасы мен мақсатына сай келмейтін қызметті, сондай-ақ мәмілелер жасауды жүзеге асыруына тыйым салынады.