О дальнейшем углублении реформ на селе и финансовом оздоровлении сельской экономики Күшін жойған
Басқа 0
Селодағы реформаларды бұдан былай тереңдету және село экономикасын қаржылай сауықтыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 29.09.2004 № 9-96 шешімімен.
Село экономикасын қаржылай сауықтырудың жергiлiктi жерлерде жүргiзiлiп жатқан реформалары мен шаралары үлi де болса уақыт талабына сай емес. Бүтiндей облыста ауылшаруашылығындағы жағдай түбегейлi өзгермеген.
Аграрлық секторда мемлекет иелiгiнен алу процесi, негiзiнен бiткенмен және бұл күндерi жоғарыда аталған салада 10490 шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жұмыс iстегенмен облыста қиын экономикалық жағдай сақталуда. Себеп бiреу-ақ, олардың басым көпшiлiгi айналым қаржысының, қаржы ресурстарының және тиiстi инфрақұрылымдардың жоқтығынан жұмыс iстемей тұр.
Жүргiзiлiп жатқан реформалардың мүнiн түсiнбеушiлiк жалғасын табуда. Өткен жылдардың қиындығы және көпшiлiгiнiң ойлау стереотипi сол қалпында қалып қоюда. Осының салдарынан көптеген ауылшаруашылық құрамаларында iшкi шаруашылық өндiрiстiк қарым-қатынастар ретке келтiрiлмеген.
Бiрқатар аудандарда жер игеру мен мал шаруашылықтарында өндiрiс құлдырауда. 6,5 млрд. теңге немесе бүкiл облыстың барлық кредиторлық қарызының 29 процентi болатын кредиторлық қарыз азаймай келедi. Осыған қарамастан жергiлiктi жерлерде шамасы келмейтiн ауыл шаруашылығы ұйымдарын банкроттық немесе санация арқылы қаржылай сауықтыру жұмысы өте баяу жүзеге асырылуда.
Селодағы реформаларды бұдан былай тереңдетуге және село экономикасын қаржылай сауықтыруға байланысты мәселелердi оперативтi түрде шешу мақсатында облыс Әкiмi ШЕШIМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Облыстың жұмысшы комиссиясы төмендегi құрамда құрылсын:
Кәрiмоллин А.К. - облыс Әкiмiнiң орынбасары, комиссия
төрағасы
Үбдiқадiров Т. - облыстық қаржы басқармасының бастығы,
төрағаның орынбасары
Мүшелерi:
Ұзақов Т.Ұ. - облыстық ауыл шаруашылығы департаментiнiң
бастығы
Беркенов К.С. - облыстық әдiлет басқармасының бастығы
Асыл-Кеней С.Б. - облыстық iшкi iстер басқармасының бастығы
Иркенов А.К. - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi
аумақтық басқармасының бастығы (келiсiм бойынша)
Таубаев Н.А. - жер ресурстарын басқару жөнiндегi облыстық
комитеттiң төрағасы
Сатқалиев М.А. - облыстық салық инспекциясының төрағасы
Нұрбекова Л.К. - мемлекеттiк мүлiктi басқару және
жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитеттiң
төрағасы
Попович А.Г. - ауыл шаруашылығы және экология бөлiмiнiң
меңгерушiсi
Садықбаев С.К. - облыс Әкiмi бiрiншi орынбасарының
кеңесшiсi
Тармақ 2
2. Облыстың жұмысшы комиссиясы қолданылып жүрген заңдардың негiзiнде және республикалық жұмысшы тобының ұсынымдарын ескере отырып шамасы келмейтiн ауыл шаруашылығы құрамаларын қаржылай сауықтырудың ұстын (принциптi) сызбасын жасасын, түрлi категориядағы шаруашылықтарға байланысты нақтылы ұсыныстар енгiзiп, олар жөнiнде аудандарға хабарласын.
Тармақ 3
3. Экономика басқармасы және облыстық ауыл шаруашылығы департаментi (Т.Ұ. Ұзақов) облыста бюджеттiк (лизингтiк қордан), кредиттiк сондай-ақ заемдiк ресурстарды пайдалана отырып машина-технологиялық станциялар жүйесiн, ауыл шаруашылығы техникасын ұстай тұруға беру пункттерiн құрудың нақты сызбасын жасап, бекiтуге тапсырсын.
Тармақ 4
4. Аудан үкiмдерi өздерiнде осындай топтар құрып, облыстың жұмысшы комиссиясына, селодағы реформаларды тереңдетуге және ауыл шаруашылығы құрамаларын қаржылай сауықтыруға байланысты нақты ұсыныстар енгiзсiн.
- әрбiр шаруашылықтың қаржы жағдайын түбегейлi зерттеп, оңалтуға, санацияға және банкроттыққа жататын субъектiлердiң нақтылы тiзiмiн анықтасын;
- үстiмiздегi жылғы ақпанның 25-не қаржы жағынан ауқатты шаруашылықтардың, сондай-ақ, қаржылай сауықтыру процесiнен өткен және өндiрiстi дамыту практикасы бар шаруашылық субъектiлердiң кредит ресурстарын алып, оларды банктерге өткiзу үшiн бизнес-жоспарлар құрастыруын қамтамасыз етсiн;
- үстiмiздегi жылғы наурыздың 15-не дейiн қаржылай оңалту мен санацияға жататын шаруашылықтардың қарыздарының мерзiмiн ұзарту мен қайта құрылымдауды, олардың кредиторлармен, инвесторлармен және алдымыздағы ауыл шаруашылығы жылында материалдық-техникалық ресурстарды жеткiзiп берушiлермен шартқа отыруын қамтамасыз етсiн;
- үстiмiздегi жылғы наурыздың 25-не қаржы жағынан ауқатсыз шаруашылықтардан кiрiс беретiн салаларды, тиiмдi жұмыс iстейтiн ауқатты шаруашылық субъектiсiне айналуға эквиваленттi құқыққа иеленушi бола алатын учаскелер мен бөлiмшелердi атап көрсетiп, олардың алдағы ауылшаруашылық компанияларына дайындығын қамтамасыз етсiн. Қалған бөлiгiн, қолданылып жүрген заңдарға сүйкес, жұмыссыз қалған ауылдықтарды еңбекпен қамту проблемаларын шеше отырып, банкроттық процедурасына жатқызсын;
- үстiмiздегi жылғы сүуiрдiң 20-на дейiн үрбiр аудандар мен қалаларда маркетингтiк қызмет бөлiмшелерi мен көтерме азық-түлiк рыноктарының, сондай-ақ, барлық елдi мекендерде тарамдалған жүйесi бар дайындау ұйымдарының құрылуына қол жеткiзсiн және оларға кредит, соның iшiнде Үкiметтiк шағын кредиттердiң берiлуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Аумақтық баға және монополияға қарсы саясат комитетi (Я.С. Баратов) рынокта монополиялық жағдайдағы нан қабылдау күсiпорындары мен элеватордың қызметiн реттейтiн, өздерiнiң осы жағдайларына зиян келтiре отырып пайдаланған жағдайда монополияға қарсы үсер ету шараларын қолдансын.
Жоғарыда аталған нан қабылдау күсiпорындары мен элеваторларға, астықты сақтау, кептiру және тазарту қызметтерiне негiзделген, жеке ыңғайда қаралған бағалар белгiленсiн.
Тармақ 6
6. Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет (Л.Қ. Нұрбекова) заңды жеке меншiк ұйымдарға және жеке адамдарға нан қабылдау күсiпорындарының сатылу заңдылықтарын тексерiп, заңды бұрмалауға жол берiлген жағдайда оларды жоюға байланысты, тiптi контрактыны бұзуға дейiн тиiстi ұсыныстар енгiзсiн.
Облыстық ауыл шаруашылығы департаментiмен бiрлесе отырып жекешелендiрiлген нан қабылдау кәсiпорындарының ауыл шаруашылығы товарларын өндiрушiлермен өзара қарым-қатынасын зерделеп, олардың арасындағы шаруашылық ынтымақтастықты, өзара тиiмдi негiзде, ретке келтiру жөнiнде ұсыныс әзiрлесiн.
Тармақ 7
7. Алматы облыстық жер ресурстарын басқару комитетi (Н.Т. Таубаев) жер реформасын бұдан былай тереңдету жұмыстарын жалғастырып, 1998 жылғы шiлденiң 1-не дейiн мүлiктiк үлестердi жеке-дара бөлу, меншiк иелерiне жер учаскелерiн төлем құралы ретiнде бөлiп беру жұмыстарын аяқтап, өз меншiгiне деген құқығын iс жүзiне асыру түсiлдерiн түсiндiрсiн.
Тармақ 8
8. Аудандардың үкiмдерi, облыстық ауыл шаруашылығы департаментi, облыстық қаржы басқармасы жергiлiктi бюджеттердiң балансына үлеуметтiк мүдени-тұрмыстық объектiлердi бөлiп беру жұмысын және олардың қалыпты қызмет iстеуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 9
9. Аудандардың үкiмдерiнiң, олардың жергiлiктi жердегi органдарының,
ауыл шаруашылығы товарларын өндiрушiлердiң шаруашылық-басқару қызметiне араласуына тыйым салынсын.
Тармақ 10
10. Аудандардың үкiмдерi, баға және монополияға қарсы саясат,
мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитеттерi, облыстық ауыл
шаруашылығы департаментi, облыстық қаржы басқармасы әр айдың 10-на, осы шешiмнiң орындалу барысы туралы хабарлап тұрсын.
Тармақ 11
11. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмiнiң бiрiншi
орынбасары С.Ү. Үмбетовке жүктелсiн.