Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О координационном Совете по борьбе с преступностью и коррупцией

Қаулы · № 3 · қабылданған 10.01.2001
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-8080/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О координационном Совете по борьбе с преступностью и коррупцией Күшін жойған 10.01.2001 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О координационном Совете по борьбе с преступностью и коррупцией

Күшін жойған Қаулы № 3 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О координационном Совете по борьбе с преступностью и коррупцией
Атауы (қаз.)
Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
3
Қабылданған күні
10.01.2001
Көрсетілген редакция
10.01.2001 8080_259709.kaz
Соңғы өзгеріс
10.01.2001
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V01Z000675_
ЭКБ идентификаторы
8080
Редакция идентификаторы
8080_259709
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:03
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.01.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы

Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 19.08.2004 № 219 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 1998 жылғы 2 шiлдедегi N 267 Заңы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесiн жетілдіру шаралары туралы" 2000 жылдың 20 сәуiрдегi N 377 Жарлығын жүзеге асыру, атқарушы, құқық қорғау және басқа мүдделi мемлекеттiк органдардың аталған мiндеттердi орындау мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:

1. Облыс әкiмiнiң жанынан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi үйлестiру Кеңесi құрылсын және оның жеке құрамы бекiтiлсiн (N 1 қосымша).

2. Облыс әкімінің жанынан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегi үйлестiру Кеңесi туралы Ереже бекiтiлсiн (N 2 қосымша).

3. Кеңестiң жұмысшы органы облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық бөлiмi болып белгiленсiн.

4. Облыс әкiмiнiң "Облыс әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнiндегi облыстық үйлестiру Кеңесiн құру туралы" 1999 жылғы 18 маусымдағы N 131 және "Облыс әкiмi жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесін құру туралы" облыс әкімінің 1999 жылғы 18 маусымдағы N 131 шешiміне өзгерiстер енгiзу туралы" 2000 жылдың 14 наурызындағы N 50 шешiмдерiнің күшi жойылған деп танылсын.

5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылауды өзiме қалдырамын.

6 Облыс әкiмi жанынан құрылған қылмысқа және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнiндегi үйлестiру Кеңесiнiң ҚҰРАМЫ

Облыс әкiмiнiң
2001 жылғы 10 қаңтардағы
N 3 шешiмiне N 1 қосымша
Облыс әкiмi жанынан құрылған қылмысқа және сыбайлас
жемқорлықпен күрес жөнiндегi үйлестiру Кеңесiнiң
ҚҰРАМЫ
Қырымбек Елеуұлы Көшербаев - облыс әкiмi, үйлестiру
Кеңесiнiң төрағасы
Яхия Қиндашұлы Чудров - облыс әкiмiнiң бiрiншi
орынбасары, үйлестiру
Кеңесi төрағасының орынбасары
Татьяна Александровна Даньшина - облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық жұмыстар бөлiмiнiң меңгерушiсi, үйлестiру Кеңесiнiң хатшысы
Кеңес мүшелерi:
Есберген Әжiбаев - мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi
облыстық басқарманың бастығы
Шәріп Асымханұлы Байбатыров - облыстық кеден басқармасының бастығы
Бұлытбай Мамытұлы Мамытов - облыс прокуроры (келісімі бойынша)
Шаймұрат Шаукетұлы Отарбаев - облыстың ҰҚКД бастығы
Төлеген Шаймерденұлы Рақымжанов - облыстық ІІБ бастығы

7 Облыс әкімінің жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ

Облыс әкiмiнiң
2001 жылғы 10 қаңтардағы
N 3 шешiмiне N 2 қосымша
Облыс әкімінің жанындағы қылмысқа және сыбайлас
жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру Кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) облыс әкімінің жанындағы ақыл-кеңес органы болып табылады қылмыскерлік және сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру мәселелерінде атқарушы, құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардың қызметтерін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз етеді.

2. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, еліміздің Президенті мен Үкіметінің актілеріне облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүргізеді.

3. Кеңес құрамын облыс әкімі анықтайды және бекітеді.

2. Кеңестің негізгі мақсаты

Кеңестің негізгі мақсаты мен міндеті мыналар болып табылады:

1) облыстық атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдарының қылмыскерлiк және сыбайлас жемқорлықпен күрестi ұйымдастыру салаларында құқық тәртiбi мен заңдылықты нығайтуда ведомствоаралық үйлестiру қызметiн қамтамасыз ету болып табылады;

2) облыстағы қалыпты құқықтық жағдайды талдау, қылмыскерлiк және сыбайлас жемқорлықпен күрестi күшейту жөнiндегi шаралар жоспарын қарау және бекiту;

3) iшкi iстер қызметтерi, прокуратура, Ұлттық қауiпсiздiк, салық және кеден қызметтерi, Салық полициясы органдарының қылмыскерлiк және жемқорлықпен күрес жөнiндегi қызметiнiң аясын дамыта түседi;

4) Қазақстан Республикасының Заңдарын, елiмiздiң Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, облыс әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн, атқарушы, құқық қорғау және өзге мемлекеттiк органдардың қылмыскерлiк және жемқорлықпен күрес мәселелерi жөнiндегi орындаушылық мүмкiншiлiктерiн зерттеу;

5) атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдардың қаладағы құқық қорғауды және заңдылықтарды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарына нұсқамалар әзiрлеу.

3. Кеңестiң қызметi

Кеңес мынандай қызметтердi жүзеге асырады:

1) Кеңестiң мәжiлiстерiнде атқарушы, құқық қорғау органдарының облыста қылмыскерлiк және сыбайлас жемқорлықпен күрестi ұйымдастырудағы жағдайын қарастыру;

2) атқарушы, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдарының қылмыскерлiк және сыбайлас жемқорлықпен күрестi ұйымдастыру жөнiндегi басшыларының есебiн тыңдау;

3) жоғарыда аталған жұмыстарды жақсарту жөнiнде нұсқаулық даярлау;

4) Кеңеске жүктелген өзге мiндеттердi орындау.

4. Кеңестiң өкiлеттiгi

Кеңес негiзгi мақсаттарды жүзеге асыру және өз мiндеттерiн орындауда мынадай құқыққа ие болады:

1) атқарушы, құқық қорғау органдардан ақпараттарды, құжаттарды және материалдарды сұрастыруға және алуға;

2) қылмыскерлiк және сыбайлас жемқорлықпен күрестi ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстарды және нұсқаулықтарды әзiрлеу;

3) құқық қорғау және өзге мемлекеттiк органдарының қызметкерлерiн Кеңестiң мәжiлiсiне материалдарды әзiрлеу үшiн тарту.

5. Кеңестiң жұмысын ұйымдастыру

1. Кеңес жоспарға сәйкес жұмыс iстейдi. Оның мәжiлiсi ай сайын және қажеттiгiне қарай өткiзiледi.

2. Кеңес мәжiлiсiн Төраға немесе оның орынбасарлары тапсырмасымен Кеңестiң бiр мүшесi өткiзедi. Оған Кеңес мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысса ғана, құқылы болып есептеледi.

3. Кеңестiң шешiмi жай көпшiлiк дауыспен қабылданады, ол хаттамамен ресiмделiп, оны Төраға бекiтедi.