О предоставлении социальных льгот отдельным категориям граждан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении социальных льгот отдельным категориям граждан
- Атауы (қаз.)
- Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік жеңілдіктер беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 33-5
- Қабылданған күні
- 06.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 01.08.2016 80806_694515.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14LF004708
- ЭКБ идентификаторы
- 80806
- Редакция идентификаторы
- 80806_694515
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:29
0 Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік жеңілдіктер беру туралы
“Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы” Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 44-бабына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Жалағаш ауданында “Отан”, “Даңқ” ордендерімен наградталған, айырымның ең жоғары дәрежесі - “Халық Қаһарманы” атағына, республиканың құрметті атақтарына ие болған азаматтарға қоғамдық көліктің барлық түрімен (таксиден басқа) жүру үшін, ай сайын - 1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік жеңілдіктер берілсін.
2 2. Әлеуметтік жеңілдіктерді қаржыландыру “1999 жылдың 26 шілдесінде “Отан”, “Даңқ” ордендерімен марапатталған, “Халық Қаһарманы” жоғары атағын және республиканың құрметті атақтарын алған азаматтарды әлеуметтік қолдау” 009 - бюджеттік бағдарламасы бойынша аудан бюджеті қаражаты есебінен жүргізіледі.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
“Жалағаш аудандық экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ Б.Тәшімбетов
“06” маусым 2014 жыл