Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил учета временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих, назначения и отстранения реабилитационного и банкротного управляющих, а также Правил повышения квалификации временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих

Бұйрық · № 189 · қабылданған 28.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80865/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил учета временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих, назначения и отстранения реабилитационного и банкротного управляющих, а также Правил повышения квалификации временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих Күшін жойған Бұйрық ·№ 189 ·28.04.2014
01.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил учета временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих, назначения и отстранения реабилитационного и банкротного управляющих, а также Правил повышения квалификации временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих

Күшін жойған Бұйрық ·№ 189 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил учета временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих, назначения и отстранения реабилитационного и банкротного управляющих, а также Правил повышения квалификации временного администратора, реабилитационного, временного и банкротного управляющих
Атауы (қаз.)
Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларын, сондай-ақ уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
189
Қабылданған күні
28.04.2014
Көрсетілген редакция
01.04.2020 80865_456083.kaz
Соңғы өзгеріс
01.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009478
ЭКБ идентификаторы
80865
Редакция идентификаторы
80865_456083
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:51

0 Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларын, сондай-ақ уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы

"Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 15-бабы 13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген:

1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшасына сәйкес Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидалары;

2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшасына сәйкес Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттыру қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С.Жұмаділдаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидалары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Пре­мьер-Ми­ни­стрі­нің Орын­ба­са­ры –
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы ми­ни­стрі­нің
2014 жы­л­ғы 28 сәу­ір­де­гі
№ 189 бұй­ры­ғы­на
1-қо­сым­ша
Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 13)-тармақшасына сәйкес әзірленіп, Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету тәртібін айқындайды.

2 2. Уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті.

Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша мемлекттік кірістер департаменттері жатады.

2 2. Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу тәртібі

3

3. Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу (бұдан әрі – Есепке алу) әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміндегі адамдарды әкімші кандидатурасын таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай есепке алу үшін енгізіледі.

4

4. Уәкілетті орган Есепке алуды уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылатын, осы Қағидаларға қосымшасына сәйкес нысан бойынша хабарламалары әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне енгізілгендердің Бірыңғай тізілімін (бұдан әрі – Бірыңғай тізілім) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

5

5. Хабарламасы әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар тізіліміне енгізілгені және (немесе) тізілімнен алып тасталғаны туралы мәліметтер Бірыңғай тізілімге қызметінің басталғаны туралы хабарламаны берген және (немесе) әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар тізілімінен алып тасталған күннен кейінгі күні енгізіледі. Әкімшілер қызметінің нәтижелері туралы мәліметтер Бірыңғай тізілімге тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей енгізіледі.

3 3. Оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау тәртібі

6

6. Оңалту рәсімінде, егерде кредиторлар жиналысы борышкер мүлкi меншiк иесiнiң, құрылтайшылардың (қатысушылардың) борышкердің мүлкi мен iстерiн басқару құқығының күшiн жою туралы шешiм қабылдаған жағдайда, борышкер мүлкiнiң меншiк иесi, құрылтайшылар (қатысушылар) борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқарудан шеттетiлген жағдайда, кредиторлар жиналысында уәкілетті органда тіркелген тұлғалардың ішінен оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдайды.
Банкрот рәсімінде кредиторлардың алғашқы жиналысында уәкілетті органда тіркелген тұлғалардың ішінен банкроттықты басқарушының кандидатурасын кредиторлар таңдайды.

7 7. Оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыға кандидатураны таңдау кезінде кредиторлар жиналысы уәкiлеттi органда есепте тұрған тұлғаларға қатысты ұсынымдарды дәрменсiз борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын тұлғалардың кәсiптiк бiрлестiктерiнен алуы мүмкін.

8 8. Кредиторлар жиналысы оңалтуды немесе банкроттықты басқарушының таңдалған кандидатурасын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне ұсынады.

Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне таңдалған кандидатураны ұсынғанға дейін кредиторлар жиналысы оны оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы болып таңдалғаны туралы хабарлайды.

9

9. Осы Заңның 12-бабы 3-тармағында көрсетілген мән-жайларды анықтаған жағдайда, уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері оңалтуды немесе банкроттықты басқарушының кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатурасын тағайындаудан дәлелді бас тартуды ол анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жолдайды. Кредиторлар жиналысының тиісті хабарламасы, кредиторлар жиналысының төрағасына жазбаша хабарламаны жіберу деп танылады.
Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері ұсынылған кандидатураны тағайындаудан бас тартқан жағдайда, дәлелді бас тартуды алған күннен кейінгі күннен бастап жиырма күнтізбелік күннен кешіктірімей кредиторлар жиналысы оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы етiп тағайындау үшін басқа кандидатураны ұсынады.

10

10. Оңалтуды басқарушы оңалту жоспарын бекіту туралы немесе борышкердің мүлік иесін, мүлікті басқарудан құрылтайшыларды (қатысушыларды) шеттету туралы сот ұйғарымының заңды күшіне енген күннен бастап бес жұмыс күн ішінде, ал оңалтуды басқарушыны шеттеткен жағдайда кредиторлар жиналысы кандидатурны ұсынаған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің бұйрығымен тағайындалады.
Банкроттықты басқарушы кредиторлар жиналысы кандидатураны ұсынған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің бұйрығымен тағайындалады.

11

11. Тағайындау туралы бұйрық екі данада жасалып, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің басшысы, не болмаса оның орынбасары қол қояды және мөрмен расталады. Бұйрықтың бір данасы қолма-қол, бұйрықтың екінші данасына алғаны жөнінде қол қойдырып беріледі, бұйрықтың екінші данасы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде сақталады.

12 12. Оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау туралы бұйрық қабылданған күні уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

13 13. Оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау туралы бұйрық шығарылған күннен өздерінің өкілеттіктерін орындауын бастады деп саналады.

4 4. Оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды шеттету тәртібі

14 14. Заңның 12 бабының 10-тармағымен көзделген жағдайларда уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің бұйрығымен оңалтуды және банкроттықты басқарушылар өздерінің өкілеттіктерін орындаудан:

1 1) әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдар хабарламаларының тізілімінен алып тасталғаны туралы хабарламаны алған;

2 2) әкімшіден арыз түскен;

3 3) кредиторлар жиналысының хаттамасы түскен;

4 4) тексеру актісі шығарылған күннен бастап екі күні ішінде шеттетіледі.

15 15. Оңалтуды және банкроттықты басқарушылар өз еркі бойынша босату туралы өтінішін беру жолымен өкілеттіктерін орындаудан бас тартқан жағдайда, жүктелген өкілеттіктерінен уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің бұйрығымен шеттетіледі.

16 16. Оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды шеттету (босату) туралы бұйрық қабылданған күні уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

17 17. Жүктелген өкілеттіктерін орындаудан шеттеткен (босатқан) күннен бір жұмыс күн ішінде ол туралы уәкілетті орган кредиторлар жиналысына хабарлама жібереді. Кредиторлар жиналысының тиісті хабарламасы, кредиторлар жиналысының төрағасына жазбаша хабарламаны жіберу деп танылады.

18 18. Кредиторлар жиналысы хабарламаны алған күннен бастап жиырма күнтізбелік күннен кешіктірмей уәкілетті органда тіркелген адамдардың ішінен оңалтуды және банкроттықты басқарушы кандидатурасын уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне ұсынады.

19

19. Оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды шеттету (босату) туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде құрылтайшылық құжаттарын (бар болған жағдайда), есепке алу құжаттамасын, борышкердің мүлкіне құқық белгiлейтiн құжаттарын, мөрлерін, мөртабандарын, банкротқа тиесілі материалдық және өзге де құндылықтарды, жаңадан тағайындалған оңалтуды және банкроттықты басқарушыларға немесе борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі жойылған жағдайда борышкерге береді.

5 5. Қорытынды ережелер

20 20. Осы Қағидаларды енгізуге дейін уәкілетті органда оңалтуды және (немесе) конкурстық басқарушының және (немесе) сырттай байқау әкімшінің қызметін жүзеге асыру мақсатында тіркелген адамдар туралы мәліметтер Бірыңғай тізілімге енгізіледі.

1.1 Хабарламалары әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне енгізілгендердің бірыңғай тізілімі

Уа­қыт­ша әкім­ші­ні, оңал­ту­ды,
уа­қыт­ша және банк­рот­тық­ты
бас­қа­ру­шы­лар­ды
есеп­ке алу, оңал­ту­ды және
банк­рот­тық­ты бас­қа­ру­шы­лар­ды
та­ғай­ын­дау және шет­те­ту
қа­ғи­да­ла­ры­на
қо­сым­ша
Ны­сан
Хабарламалары әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне енгізілгендердің бірыңғай тізілімі

Әкім­ші­нің аты, те­гі, әке­сі­нің аты (бар бол­са)
Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (ЖСН )
Әкім­ші қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру­ға құқы­ғы бар адам­дар ха­бар­ла­ма­ла­ры­ның ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ген кү­ні
Әкім­ші ре­т­ін­де жұ­мыс тә­жи­ри­бе­сі
Ағым­да­ғы жы­лы оңал­ту­шы рә­сім­де­рі жү­зе­ге асы­ры­лып жа­тқан бо­рыш­кер­лер­дің са­ны
Ағым­да­ғы жы­лы оңал­ту рә­сім­де­рі аяқ­тал­ған бо­рыш­кер­лер­дің са­ны
Ағым­да­ғы жы­лы аяқ­тал­ған оңал­ту рә­сім­дер­дің нәти­жі­сі (мақ­сат­қа қол жет­кіз­ді/ жет­кіз­бе­ді)
Жұ­мыс өті­лі (жыл)
Оңал­ту және банк­рот­тық рә­сі­мі аяқ­тал­ған бо­рыш­кер­лер­дің негіз­гі қыз­мет тү­рі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
кестенің жалғасы
Ағым­да­ғы жы­лы банк­рот­тық рә­сім­де­рі жү­зе­ге асы­ры­лып жа­тқан бо­рыш­кер­лер­дің са­ны
Ағым­да­ғы жы­лы банк­рот­тық рә­сім­де­рі аяқ­тал­ған бо­рыш­кер­лер­дің са­ны
Ағым­да­ғы жы­лы аяқ­тал­ған банк­рот­тық рә­сім­дер­дің нәти­же­сі
Кре­ди­тор­лар­дың мә­лім­де­ген та­лап­та­ры­ның со­ма­сы (мың тең­ге)
Кре­ди­тор­лар­дың өтел­ген та­лап­та­ры­ның со­ма­сы (мың тең­ге)
Кре­ди­тор­лар­дың өтел­ген та­лап­та­ры­ның пай­ы­зы
банк­рот­тық рә­сім­де­рін өт­кі­зу мер­зі­мі (жыл)
Банк­рот­тық рә­сім­дер ба­ры­сын­да­ғы тү­сім со­ма­сы (мың тең­ге)
Әкім­ші­лік шы­ғы­стар­ды жа­бу­ға жі­бе­рі­л­ген со­ма (мың тең­ге)
банк­рот­тық рә­сім­дер ба­ры­сын­да­ғы тү­сім­нен алын­ған әкім­ші­лік шы­ғы­стар­дың пай­ы­зы
10
11
12
13
14
15
16
17
18
кестенің жалғасы
Ағым­да­ғы жы­лы, тек­се­ру және ка­ме­рал­дық ба­қы­лау нәти­же­сі, оның ішін­де ша­ғым­дар бой­ын­ша оңал­ту және банк­рот­тық рә­сім­дер ба­ры­сын­да жі­бе­рі­л­ген бұ­зу­шы­лық­тар
анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар бой­ын­ша әкім­ші­ні әкім­ші­лік жа­у­ап­кер­ші­лік­ке тар­тқа­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
бі­лік­ті­лі­гін арт­ты­ру ту­ра­лы де­ректер
19
20
21

2 Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттыру қағидалары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Пре­мьер-ми­ни­стрі­нің Орын­ба­са­ры –
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы ми­ни­стрі­нің
2014 жы­л­ғы 28 сәу­ір­де­гі
№ 189 бұй­ры­ғы­на
2-қо­сым­ша
Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттыру қағидалары

1

1. Осы Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 13)-тармақшасына сәйкес әзірленіп, уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттыру тәртібін айқындайды.

2

2. Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың біліктілігін арттырудың мақсаты, теориялық білімі мен тәжірибелік дағдысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жаңарту, сондай-ақ әкімшінің қызметін жүзеге асыру кезінде бұрын алған білімі мен дағдыларын одан әрі жетілдіру болып табылады.

3

3. Уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар өзінің біліктілігін уәкілетті орган бекітілген Уақытша әкімшіні, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларды есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету қағидаларына сәйкес әкімші қызметін жүзеге асыруға құқығы бар адамдар хабарламаларының тізіліміне енгізілгендердің бірыңғай тізіліміне деректер енгізілген күнінен бастап әрбір үш жыл сайын арттырып отырады.

4 4. Біліктілігін арттыру экономикалық, қаржы немесе заң салаларында оқу және дағды алуды, заң және экономикалық жоғары мамандарды даярлайтын білім мекемелерінде өту жолымен жүзеге асырылады.

5 5. Біліктілігін арттыру бағдарламасы оңалту және банкроттық мәселелері бойынша 120 (жүз жиырма) білім сағатынан кем болмауы тиіс және мыналардан тұрады:

әкімшінің қызметіне қатысты заңнамадағы өзгертулер;
борышкердің қаржы-шаруашылық жағдайын бағалау бойынша ұсыныстар;
оңалту рәсімдері мақсатына қол жеткізуге тәуекелдерді белгілеуді қоса алғанда, оңалту жоспарының тиімділігін бағалау әдістері;
әкімшілердің қызметін ұйымдастырудың өзекті мәселелері;
әкімшілердің қатысуымен өткен істер бойынша сот тәжірибесі;
тәжірибені есепке алумен әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтау бойынша ұсыныстар;
білімді тұрақты түрде жаңартуды және жетілдіруді талап ететін әкімшілердің қызметімен байланысты басқа да мәселелер.

6 6. Біліктілігін арттыру курсын бітіргеннен соң уақытша әкімшілер, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар эмтиханды білім мекемесіне тапсырады.

Эмтихан билетіне оңалту және банкрот рәсімінде борышкердің жұмысы және мүлікті басқаруға қатысты теориялық сұрақтар мен практикалық тапсырмалар кіреді.

7

7. Уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушыларға білімдерінің оңды нәтижесі бойынша оқуды аяқтау қорытындысымен біліктілікті арттыруды жүргізген білім мекемесі тарапынан білім мекемесі басшысының қолы қойылған, берілген уақытысын көрсетіп, біліктілігін арттырғаны туралы құжат (сертификат) беріледі.

8 8. Уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар біліктілігін арттырудан өткендігі туралы уәкілетті органға құжаттардың көшірмесін біліктілігін арттырудан өту мерзімі біткенге дейін отыз күнтізбелік күн бұрын табыс етеді.

3 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Пре­мьер-ми­ни­стрі­нің Орын­ба­са­ры –
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы ми­ни­стрі­нің
2014 жы­л­ғы 28 сәу­ір­де­гі
№ 189 бұй­ры­ғы­на
3-қо­сым­ша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

1 1. Оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін, тағайындау және шеттету қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 637 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7374 тіркелген, 2012 жылғы 21 сәуірдегі № 112-113 (26931-26932) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған).

2

2. "Оңалтушы және конкурстық басқарушыларды, сырттай байқау әкімшісін тағайындау және шеттету қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 637 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 198 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7651 тіркелген, 2012 жылғы 21 сәуірдегі № 201-202 (27020-27021) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған).

3

3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 3 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республиксы Қаржы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтары тізбесінің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9153 тіркелген, 2014 жылғы 21 ақпанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйеде жарияланған).

Қолданыстағы