Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества
- Атауы (қаз.)
- Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 178
- Қабылданған күні
- 03.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 01.02.2016 80896_50440.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14C0003958
- ЭКБ идентификаторы
- 80896
- Редакция идентификаторы
- 80896_50440
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:30
0 Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер айқындалсын.
2 2. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс бірінші әкімінің орынбасары Р.К. Кемаловаға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2014 жылғы 3 маусымдағы
№ 178 қаулысына қосымша
Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер
№ р/с
Критерий атауы
Иеліктен шығару түрі
1
Мынадай критерийлер болған жағдайда:
объектіні бұдан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігі болмауы;
саудаға қатысушылардың кең шеңберін тарту.
Сауданы аукцион формасында өткізу
2
Мынадай критерийлер болған жағдайда:
сату шарттарын анықтау жолымен белгіленген уақыт кезеңіне Объектіні мемлекеттің бақылауын сақтау қажеттілігі (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық бережақтарды өтеу, жалақы бойынша бережақты өтеу және басқа шарттар);
болуы мүмкін ең жоғарғы баға бойынша объектін іске асыру қажеттілігі.
Коммерциялық тендер формасында саудаларды өткізу
3
4
Мынадай критерийлер болған жағдайда:
сенімгерлікпен басқарушы, жалдаушы (жалға алушы) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға мүліктік жалдауға (жалға алуға) арналған шарт жағдайларының орындалуына мемлекеттің бақылауын белгіленген уақыт кезеңіне сақтау қажеттілігі;
Тікелей адрестік сату
5
Мынадай критерий болған жағдайда:
Оларды одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігі болмаған кезде, мемлекетке тиесілі құнды қағаздарды сату
Қор биржасында саудаларды өткізу