Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества
- Атауы (қаз.)
- Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 178
- Қабылданған күні
- 03.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 01.02.2016 80896_50440.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14C0003958
- ЭКБ идентификаторы
- 80896
- Редакция идентификаторы
- 80896_50440
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:30
0 Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер айқындалсын.
2. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс бірінші әкімінің орынбасары Р.К. Кемаловаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2014 жылғы 3 маусымдағы
№ 178 қаулысына қосымша
Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер
№ р/с
Критерий атауы
Иеліктен шығару түрі
1
Мынадай критерийлер болған жағдайда:
объектіні бұдан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігі болмауы;
саудаға қатысушылардың кең шеңберін тарту.
Сауданы аукцион формасында өткізу
2
Мынадай критерийлер болған жағдайда:
сату шарттарын анықтау жолымен белгіленген уақыт кезеңіне Объектіні мемлекеттің бақылауын сақтау қажеттілігі (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық бережақтарды өтеу, жалақы бойынша бережақты өтеу және басқа шарттар);
болуы мүмкін ең жоғарғы баға бойынша объектін іске асыру қажеттілігі.
Коммерциялық тендер формасында саудаларды өткізу
3
4
Мынадай критерийлер болған жағдайда:
сенімгерлікпен басқарушы, жалдаушы (жалға алушы) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға мүліктік жалдауға (жалға алуға) арналған шарт жағдайларының орындалуына мемлекеттің бақылауын белгіленген уақыт кезеңіне сақтау қажеттілігі;
Тікелей адрестік сату
5
Мынадай критерий болған жағдайда:
Оларды одан әрі бақылауда мемлекеттің мүдделігі болмаған кезде, мемлекетке тиесілі құнды қағаздарды сату
Қор биржасында саудаларды өткізу