Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающими в сельской местности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающими в сельской местности
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 221
- Қабылданған күні
- 26.05.2014
- Көрсетілген редакция
- 06.08.2015 80901_207664.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NO004862
- ЭКБ идентификаторы
- 80901
- Редакция идентификаторы
- 80901_207664
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:36
0 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексі 238-бабының 3-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ә. Ерқановқа жүктелсін.
3 3. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Меңдіқара аудандық
мәслихатының хатшысы
_______ В. Леонов
4 Әкімдіктің
2014 жылғы 26 мамырдағы
№ 221 қаулысына
қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының
тізбесі
1 1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
1 1) үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімшесінің меңгерушісі;
2 2) күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер.
2 2. Білім беру мамандарының лауазымдары:
1
1) жалпы білім беретін мектептердің, мектеп-интернаттардың және басқа да бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұыймдарындағы директордың (басшының) ғалыми, оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік жұмысы, ақпараттық технологиялар, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;