Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Алаботинского сельского округа Тайыншинского района Северо-Казахстанской области

Ереже · № 175 · қабылданған 21.05.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80918/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Алаботинского сельского округа Тайыншинского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған Ереже ·№ 175 ·21.05.2014
04.12.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Алаботинского сельского округа Тайыншинского района Северо-Казахстанской области

Күшін жойған Ереже ·№ 175 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества Алаботинского сельского округа Тайыншинского района Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
175
Қабылданған күні
21.05.2014
Көрсетілген редакция
04.12.2019 80918_431605.kaz
Соңғы өзгеріс
04.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14SK002827
ЭКБ идентификаторы
80918
Редакция идентификаторы
80918_431605
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:38

0 Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары бекітілсін.

2 2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3 3. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы мәслихатының
2014 жылғы 21 мамырдағы
№ 175 шешіміне қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Елді мекеннің атауы
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Алабота ауылдық округі ауылдар тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі Аққұдық ауылының тұрғындары үшін
236
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі Целинное ауылының тұрғындары үшін
26
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі Золоторунное ауылының тұрғындары үшін
18
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі Сүгірбай ауылының тұрғындары үшін
3
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі Талдыкөл ауылының тұрғындары үшін
3

5 Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы мәслихатының
2014 жылғы 21 мамырдағы № 175
шешімімен бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Алабота ауылдық округі тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2 2. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің аумағында ауылдар тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2 2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3 3. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің әкімі шақырады.

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4 4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5 5. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі Аққұдық, Целинное және Золоторунное ауылдарының шегінде бөлек жиынды өткізуді Алабота ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

6 6. Бөлек жиынды ашудың алдында Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі ауылдарының қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7 7. Бөлек жиынды Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8 8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі ауылдары өкілдерінің кандидатураларын Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

9 9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10 10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Алабота ауылдық округі әкімінің аппаратына береді.

Қолданыстағы