О Почетной грамоте Алматинского городского Маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О Почетной грамоте Алматинского городского Маслихата
- Атауы (қаз.)
- Алматы қалалық Мәслихатының "Құрмет грамотасы" туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 0
- Қабылданған күні
- 15.11.2000
- Көрсетілген редакция
- 15.11.2000 8092_223774.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.11.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00R000247_
- ЭКБ идентификаторы
- 8092
- Редакция идентификаторы
- 8092_223774
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:10
0 Алматы қалалық Мәслихатының "Құрмет грамотасы" туралы
📌 Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - IV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХ сессиясының 2010 жылғы 24 қыркүйектегі шешімімен.
"Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3 бабының 9 тармағына және "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 40 бабының 1 тармағының 18 тармақшасына сәйкес ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қалалық Мәслихатының "Құрмет грамотасы" белгіленсін.
2. Алматы қалалық Мәслихатының "Құрмет грамотасы" туралы Ереже бекітілсін, қоса беріліп отыр.
3 II-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының 2000 жылғы
15 қарашадағы VI-сессиясының
шешiмiне қосымша
Алматы қалалық Мәслихатының
Құрмет грамотасы туралы
ереже
1. Алматы қалалық Мәслихаты Алматы қаласының әлеуметтiк-экономикалық, мәдени дамуына қосқан үлесi үшiн Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегiн қоғамдық мойындау белгiсi ретiнде Алматы қалалық Мәслихатының Құрмет грамотасын белгiлейдi.
2. Толық атауы:
қазақ тiлiнде: Алматы қалалық Мәслихатының Құрмет грамотасы;
орыс тiлiнде: Почетная грамота Алматинского городского Маслихата.
Құрмет грамотасы әшекейлi көгiлдiр түстi папкадан тұрады, ортасында қосымша бетi бар, оның сол жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттiк тiлде "Құрмет грамотасы" сөзi жазылған.
Қосымша бет қалың жылтыр қағаздан баспаханалық әдiспен бүктелген күйiнде орындалады. Қосымша беттiң сол жағының үстiңгi бөлiгiне Алматы қаласының елтаңбасы бейнеленген және үстiңгi бөлiгiнде мемлекеттiк тiлде "Алматы қалалық Мәслихаты" және төменгi бөлiгiнде "Құрмет грамотасы" сөздерi жазылған.
Қосымша беттiң сол жақ сыртында Алматы қалалық Мәслихатының ғимаратының фотобейнесi қазақ ұлттық өрнектерiмен жиектелген.
Қосымша беттiң оң жағында қазақ ұлттық өрнектерiмен жиектелген Қазақстан Тәуелсiздiгi монументiнiң аясында марапатталушының аты-жөнiн, тегiн және еңбегiн көрсету үшiн орын қалдырылған.
3. Алматы қалалық Мәслихатының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешiм Алматы қалалық Мәслихатының сессиясында қабылданады.
4. Құрмет грамотасымен:
- азаматтар мен заңды тұлғалар;
Алматы қаласының экономикасын, әлеуметтiк саласын, ғылымын, мәдениетiн, бiлiм беруiн дамытудағы, достық пен қоғамдық келiсiмдi нығайтуға, белсендi қоғамдық және мемлекеттiк қызметтерi үшiн марапатталады.
- шет мемлекеттердiң азаматтары мен заңды тұлғалары.
Бейбiтшiлiктi нығайтуда мемлекеттiк және қоғамдық қызметi, Алматы қаласының бауырлас қалалармен және шет елдермен достығы мен ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдескендерi үшiн марапатталады.
5. Құрмет грамотасын Алматы қалалық Мәслихаты сессиясының төрағасы мен хатшысы салтанатты жағдайда тапсырады. Марапаттау жүргiзетiн залға Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен жалауы орнатылады.
6. Алматы қалалық Мәслихатының Құрмет грамотасы туралы ұсынысты еңбек ұжымдары мен тұрақты депутаттық комиссиялар тапсырады.
7. Алматы қалалық Мәслихатының Құрмет грамотасымен марапаттау үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:
- еңбек ұжымының қолдау хаты;
- тұрақты депутаттық комиссиялардың қаулысы (заңды тұлға үшiн-ұсыныс);
- марапат парағы (заңды тұлға үшiн-ұсыныс).