Құжат мәтініне өту

Об организации бесплатного питания отдельным категориям воспитанников дошкольных организаций образования

Қаулы · № 141 · қабылданған 21.05.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-80924/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об организации бесплатного питания отдельным категориям воспитанников дошкольных организаций образования Күшін жойған Қаулы ·№ 141 ·21.05.2014
07.02.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации бесплатного питания отдельным категориям воспитанников дошкольных организаций образования

Күшін жойған Қаулы ·№ 141 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации бесплатного питания отдельным категориям воспитанников дошкольных организаций образования
Атауы (қаз.)
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
141
Қабылданған күні
21.05.2014
Көрсетілген редакция
07.02.2019 80924_389838.kaz
Соңғы өзгеріс
07.02.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14ME002451
ЭКБ идентификаторы
80924
Редакция идентификаторы
80924_389838
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:38

0 Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарын тегін тамақтандыруды ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 14) тармақшасына, 8-бабының 4-тармағына, «Әлеуметтiк көмек көрсетiлетiн азаматтарға әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн, көздерiн, түрлерiн және оны беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес Маңғыстау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленушілердің мынадай санаттарына тегін тамақтандыру ұйымдастырылсын:

1 1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

2 2) даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедек балаларға;

3 3) көп балалы отбасылардың балаларына;

4 4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;

2 2. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиеленушілеріне мынадай растайтын құжаттар ұсынылған кезде тегін тамақтандыру ұйымдастырылады:

1 1) ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еркін нысандағы жазбаша өтініші;

2 2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қамқорлықты (қорғаншылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;

3 3) мүгедек балаларға мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі;

4 4) көп балалы отбасылардың балалары үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі;

5 5) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін өтініш берушінің (отбасының) «Маңғыстау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;

6

6) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен отбасылардан шыққан балалар үшiн алынған табысы туралы анықтама (жұмыс iстейтiн ата–аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, кәсiпкерлiк қызметтен және басқа қызмет түрлерiнен түсетiн кiрiсi, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi кiрiстер).
Атаулы әлеуметтiк көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен отбасылардан шыққан балалар үшiн мемлекеттiк мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарында тәрбиелену және оқу кезеңiнде тегiн тамақтану құқығы жыл сайын осы қаулының 2-тармағының 5) және 6) тармақшаларына сәйкес құжаттарды мемлекеттiк мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдарына ұсыну арқылы расталуы тиiс.

3 3. «Маңғыстау аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын, уәкілетті мемлекеттік органның интернет ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулы 2013 жылдың 4 желтоқсанынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға тарайды.

5 5. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Х.Махмутовқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
«Маңғыстау аудандық білім
бөлімі» ММ басшысы
С.Калиева
21 мая 2014 ж.
«Маңғыстау аудандық экономика
және қаржы бөлімі» ММ басшысы
Р.Шабикова
21 мая 2014 ж.

Қолданыстағы