О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О возмещении затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов
- Атауы (қаз.)
- Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 33-4
- Қабылданған күні
- 06.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2015 80951_694496.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14LF004711
- ЭКБ идентификаторы
- 80951
- Редакция идентификаторы
- 80951_694496
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:29
0 Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өндіру туралы
“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және “Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі - кемтар балалар) ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерiнiң (бұдан әрі - алушы) кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындары (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп беру) 9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріліп берілсін.
2 2. Келесі тәртіп айқындалсын:
1 1) оқытуға жұмсаған шығындарды өндіріп беруді “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдармалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады;
2 2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
өтініш;
алушының жеке басын куәландыратын құжат;
кемтар балалар үшін – баланың туу туралы куәлігі;
тұрғылықты тұрақты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
мүгедектігі туралы анықтама;
мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының картасынан үзінді;
банкта шоттың бар болуы туралы құжат;
3 3) cалыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары алушыға қайтарылады;
4 4) Оқытуға жұмсаған шығындарды өндіру үйде оқытылатын кемтар балалардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне тиісті білім беру кезеңіне тоқсан сайын аудан бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
“Жалағаш аудандық экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі”
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________Б.Тәшімбетов
“06” маусым 2014 жыл.
“Жалағаш аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________Э.Құттымбетова
“06” маусым 2014 жыл.