Об утверждении требований к техническим средствам, применяемым при досмотре пассажиров и лиц, посещающих объекты транспортной инфраструктуры, вещей, находящихся при них, в том числе ручной клади и багажа Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы 24-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 3. Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 742 қаулысымен бекітілген Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – талаптар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңы 24-1-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы талаптар жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдардың техникалық және функционалдық сипаттамаларын айқындайды.
Тармақ 3
3. Көлік инфрақұрылымының барлық объектілерінде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және метрология, сондай-ақ радиациялық қауіпсіздік бөлігінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін техникалық құралдар орнатылады.
Тармақ 4
4. Әуежайда жолаушыларды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын ұшу алдында тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар «Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің қарап тексеруді ұйымдастыруы жөніндегі сертификаттау талаптарын және қарап тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 829 қаулысында белгіленеді.
Тармақ 5
5. Көлік инфрақұрылымы объектілерінде жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде мынадай техникалық құралдар қолданылады:
Тармақша 1
1) стационарлық металл тапқыштар (металл детекторлар);
Тармақша 2
2) портативтік (қол) аспаптар;
Тармақша 3
3) рентген-телевизиялық қондырғылар;
Тармақша 4
4) жарылғыш, есірткі және қауіпті химиялық заттарды табуға арналған аппаратура қолданылады.
Тарау 2. 2. Стационарлық металл тапқыштарға (металл детекторларына) қойылатын талаптар
2. Стационарлық металл тапқыштарға (металл детекторларына) қойылатын талаптар
Тармақ 6
6. Стационарлық металл тапқыштар (металл детекторлар) адамның денесінде және оның киімінде суық және атыс қаруын, құрамында металы бар жарылғыш құрылғыларды (гранаталарды), алып өтуге тыйым салынған, құрамында металы бар әртүрлі өндіріс өнімдерінің түрлерін табуға арналған және арка немесе баған үлгісіндегі стационарлық құрылғылар түрінде орындалуы тиіс. Стационарлық металл тапқыштар (металл детекторлар):
Тармақша 1
1) іздеу объектілерін табу ықтималдығы жоғарғы;
Тармақша 2
2) күзетілетін объектіге алып өтуге рұқсат етілген металл заттарға қатысты селективті;
Тармақша 3
3) қоршаған ортаға (оның ішінде құрамында металл бар заттарға) барынша бейімделуге қабілетті;
Тармақша 4
4) электр-магниттік сәулеленудің сыртқы көздерінен болатын бөгеуілдерден қорғалуы жоғары;
Тармақша 5
5) бақыланатын кеңістіктің бүкіл аумағында анықтауға біркелкі сезгіш;
Тармақша 6
6) металды түрлі массаларын табуға оңай икемделуге қабілетті;
Тармақша 7
7) имплантталатын электр кардиостимуляторы мен магнитті ақпарат жеткізгіштерге әсер етудің рұқсат етілген деңгейіне ие болуы;
Тармақша 8
8) пайдаланылатын жерде диагностика мен жөндеу жүргізуге мүмкіндігі;
Тармақша 9
9) қажет болған кезде тәулік бойғы режимде жұмыс істеуді қамтамасыз ететін болуы тиіс.
Тармақ 7
7. Стационарлық металл тапқыштар (металл детекторлар) олардың қалыпты және қауіпсіз пайдаланылуын, жарамды жай-күйін қолдау және жөндеу үшін жеткілікті болатын, пайдалану жөніндегі басшылықтан және бұйымның диагностика әдістері бар толық техникалық сипаттамасынан тұратын құжаттамамен жиынтықталады.
Тарау 3. 3. Портативтік (қол) аспаптарға қойылатын талаптар
3. Портативтік (қол) аспаптарға қойылатын талаптар
Тармақ 8
8. Портативтік (қол) аспаптар:
Тармақша 1
1) қара және түсті металдар мен олардың қорытпаларын табуды және қажет болған жағдайда тануды қамтамасыз етуі;
Тармақша 2
2) металды түрлі массаларын анықтауға қайта баптауды қамтамасыз етуі;
Тармақша 3
3) стационарлық металл тапқыштармен жұмыс істеген кезде бірге қолдану мүмкіндігінің болуы;
Тармақша 4
4) пайдаланылатын жерде диагностика мен жөндеу жүргізуге мүмкіндік беруі;
Тармақша 5
5) дербес қоректендіру көзінен кемінде 10 сағат үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығын қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 9
9. Портативтік (қол) аспаптардың имплантталатын электр кардиостимуляторлары мен магнитті ақпарат жеткізгіштерге әсер етудің рұқсат етілген деңгейі болуы тиіс.
Тарау 4. 4. Рентген-телевизиялық қондырғыларға қойылатын талаптар
4. Рентген-телевизиялық қондырғыларға қойылатын талаптар
Тармақ 10
10. Рентген-телевизиялық қондырғылар металл және бейметалл атыс қаруын, оның бөлшектерін, барлық калибрдегі оқ-дәрілерді, гранаталар мен жарықшақтық/жарылыстық әрекеті бар қарулардың барлық түрлерін, пышақтарды, жуан таяқтарды, семсерлерді, әскери және коммерциялық мақсаттағы жарылғыш заттарды, детонаторлар мен сағаттық механизмдерді, электрлік және электрондық бұйымдарды, электр энергиясы көздерін тануға арналған.
Тармақ 11
11. Рентген-телевизиялық қондырғылар конвейерінің орналасуы төмен болуы тиіс (еден деңгейінен биіктігі 300 мм).
Тармақ 12
12. Рентген-телевизиялық қондырғылардың:
Тармақша 1
1) мынадай базалық мүмкіндіктері: объектілерді атомдық саны мен тығыздығына қарай алты түс бойынша кескінге бөлу, кескінді 9 учаскесі бойынша ұлғайту, атомдық санын өлшеу, кескін мұрағаты, түрлі-түсті және ақ-қара кескін, үздіксіз қарау, кескінді біртіндеп бірнеше есеге ұлғайту, конвейер таспасының қуатты жетегі, сапалы кескін, басып шығарғышты қосу мүмкіндігі;
Тармақша 2
2) рентгендік сәулеленудің әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін конструкциясы;
Тармақша 3
3) кинофотоматериалдарды, электрондық жеткізгіштерді рентген-телевизиялық қондырғылардың жұмыс аймағы арқылы он мәрте өткізген кезде олардың тұтастығын бұзуға мүмкіндік бермейтін рентгендік сәулелену деңгейі;
Тармақша 4
4) рентгендік сәулелену қосылуының жарық сигнализациясы, қорғағыш экрандардың тұтастығы бұзылған кезде рентгендік сәулеленудің ажыратылуын және пайдалану жүктемесі асып кеткен және жарамсыз болған жағдайда, электр тоғы берілуінің тоқтатылуын қамтамасыз ететін бұғаттаулары болуы;
Тармақша 5
5) пайдалану жерінде диагностика мен жөндеу жүргізуге мүмкіндік беруі тиіс.
Тармақ 13
13. Рентген-телевизиялық қондырғылардың имплантталатын электр кардиостимуляторлары мен магнитті ақпарат жеткізгіштерге әсер етудің рұқсат етілген деңгейі болуы тиіс.
Тармақ 14
14. Рентген-телевизиялық қондырғылар олардың қалыпты және қауіпсіз пайдаланылуын, жарамды жай-күйін қолдау және жөндеу үшін жеткілікті болатын, пайдалану жөніндегі басшылықтан және диагностика әдістері бар бұйымның толық техникалық сипаттамасынан тұратын құжаттамамен жиынтықталады.
Тарау 5. 5. Жарылғыш, есірткі және қауіпті химиялық заттарды табуға арналған аппаратураға қойылатын талаптар
5. Жарылғыш, есірткі және қауіпті химиялық заттарды табуға арналған аппаратураға қойылатын талаптар
Тармақ 15
15. Жарылғыш, есірткі және қауіпті химиялық заттарды табуға арналған аппаратура күдікті ауа сынамаларының компоненттік және құрылымдық талдауын жүргізу жолымен олардың немесе олардың іздерінің болуын айқындау үшін қолданылуы тиіс.
Тармақ 16
16. Аппаратура:
Тармақша 1
1) талдаудың заманауи физикалық-химиялық әдістерін пайдалануға негізделген заттарды сәйкестендіруді;
Тармақша 2
2) тротил, гексоген және т.б. үлгідегі штатты жарылғыш заттарды сенімді тіркеуге мүмкіндік беретін сезгіштікті;
Тармақша 3
3) заттардың бетіндегі жарылғыш заттардың іздерін экспресс-анықтауды (жарылғыш заттардың іздерін талдағыштар);
Тармақша 4
4) желілік қоректену блогынан, сол сияқты дербес көзден де жұмыс істеуді;
Тармақша 5
5) оператордан тәуелсіз жұмыс істейтін дыбыс және жарық сигнализациясы жүйесін;
Тармақша 6
6) пайдаланылатын жерде диагностика мен жөндеу жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс.
Тармақ 17
17. Жарылғыш, есірткі және қауіпті химиялық заттарды табуға арналған аппаратураның имплантталатын электр кардиостимуляторлары мен магнитті ақпарат жеткізгіштерге әсер етудің рұқсат етілген деңгейі болуы тиіс.
Тармақ 18
18. Жарылғыш, есірткі және қауіпті химиялық заттарды табуға арналған аппаратура олардың қалыпты және қауіпсіз пайдаланылуын қолдау үшін жеткілікті болатын, пайдалану жөніндегі басшылықтан және диагностика әдістері бар бұйымның толық техникалық суреттемесінен тұратын құжаттамамен жиынтықталады.