Құжат мәтініне өту

О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Научно-исследовательский институт травматологии и ортопедии" Агентства Республики Казахстан по делам здравоохранения

Қаулы · № 215 · қабылданған 09.02.2001
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-8105/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Научно-исследовательский институт травматологии и ортопедии" Агентства Республики Казахстан по делам здравоохранения Қолданыста Қаулы ·№ 215 ·09.02.2001
05.08.2013 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Научно-исследовательский институт травматологии и ортопедии" Агентства Республики Казахстан по делам здравоохранения

Қолданыста Қаулы ·№ 215 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Научно-исследовательский институт травматологии и ортопедии" Агентства Республики Казахстан по делам здравоохранения
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
215
Қабылданған күні
09.02.2001
Көрсетілген редакция
05.08.2013 AI8105_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P010000215_
ЭКБ идентификаторы
8105
Редакция идентификаторы
AI8105_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 23:59

0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің "Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

"Қазақстан Республикасында травматизмнің алдын алу мен оны азайтудың 2000-2002 жылдарға арналған мақсатты кешендi бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 6 шілдедегі N 1020 P001020_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегі агенттiгiнің "Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

2 2. Кәсіпорын қызметінің негiзгi мәнi:

травматология және ортопедия бойынша мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
травматология және ортопедия саласындағы ғылыми-зерттеу қызметi;
денсаулық сақтау жүйесiнiң медициналық кадрларын қайта даярлау болып белгiленсiн.

3 3. Кәсіпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысы бойынша мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi белгiленсiн.

4

4. Астана қаласы әкiмiнiң Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының "N 2 қалалық аурухана" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының ғимараттарын, құрылыстарын, медициналық жабдықтары мен жарақтарын (бұдан әрi - Мүлік) Астана қаласының коммуналдық меншігінен республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.

5 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртіппен Астана қаласының әкiмiмен келiсiм бойынша Мүлiктi қабылдау-беру жөніндегі ұйымдастыру iс-шараларын жүзеге асырсын.

6 6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi заңнамада белгiленген тәртіппен:

Кәсіпорынның жарғысын бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуін қамтамасыз етсiн;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

7 7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

1 1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;

2 2) "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 1852 P991852_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 527-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi:
"2. Мемлекеттік кәсiпорындар" бөлімі мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 67-жолмен толықтырылсын:
"67. Травматология және ортопедия республикалық ғылыми-зерттеу институты".
📌 Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

8 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қолданыстағы