Құжат мәтініне өту

Об утверждении регламента государственной услуги в сфере предпринимательства

Қаулы · № 203/6 · қабылданған 17.06.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81065/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об утверждении регламента государственной услуги в сфере предпринимательства Күшін жойған Қаулы ·№ 203/6 ·17.06.2014
02.02.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.02.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении регламента государственной услуги в сфере предпринимательства

Күшін жойған Қаулы ·№ 203/6 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении регламента государственной услуги в сфере предпринимательства
Атауы (қаз.)
Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
203/6
Қабылданған күні
17.06.2014
Көрсетілген редакция
02.02.2016 81065_288123.kaz
Соңғы өзгеріс
02.02.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14P0003864
ЭКБ идентификаторы
81065
Редакция идентификаторы
81065_288123
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:24

0 Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса беріліп отырған "Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы" шеңберінде микрокредиттер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. "Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануға жіберілуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсiн.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

5 "Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы" шеңберінде микрокредиттер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 17 маусымдағы
№ 203/6 қаулысымен бекітілді
"Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған
бағдарламасы" шеңберінде микрокредиттер беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1) "Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы" шеңберінде микрокредиттер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) моноқалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерді беруді көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі жүзеге асырады.

2 2) Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3 3) Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі әлеуметтік келісімшарт болып табылады.

2 2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

4

4) Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 434 қаулысымен бекітілген "Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы" шеңберінде микрокредиттер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағымен көзделген құжаттар топтамасын ұсыну негіз болып табылады.

5 5) Бас маман ұсынылған құжаттарды қабылдайды (20 минуттан аспайды). Құжаттарды кіріс құжаттар журналында тіркейді, әлеуметтік келісімшартты дайындайды – 12 (он екі) күнтізбелік күн ішінде.

Басшы әлеуметтік келісімшартқа қол қояды – 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде.
Бас маман әлеуметтік келісімшартты шығыс құжаттар журналында тіркейді, әлеуметтік келісімшартты көрсетілетін қызметті алушыға береді – 1 (бір) күнтізбелік күн ішінде.

6 6) Рәсімнің нәтижесі әлеуметтік келісімшартты беру болып табылады.

3 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

7 7) Құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

бас маман;
басшы.

8 8) Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау осы регламенттің 1-қосымшасында (кесте), 2-қосымшасында (блок-сызба) және 3-қосымшасына сәйкес бизнес-процесстердің анықтамалығында келтірілген.

4 4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Павлодар облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілер арқылы көрсету, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану ескерілмеген.

18 Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

"Моноқалаларды дамытудың 2012 -
2020 жылдарға арналған
бағдарламасы" шеңберінде
микрокредиттер беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
1
Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағынының №)
1
2
3
4
2
Атауы
Бас маман
Бас маман
Басшы
Бас маман
3
Іс-қимылдың (үдерістің, операцияның, рәсімінің) атауы және олардың сипаттамасы
Құжаттарды қабылдау
Құжаттарды қарау
Қарау
Шығыс құжаттар журналында тіркеу
4
Аяқталу нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)
Кіріс құжаттар журналында тіркеу
Әлеуметтік келісімшартты дайындау
Қол қою
Әлеуметтік келісімшартты беру
5
Орындалу мерзімдері
20 минуттан аспайды
12 күнтізбелік күн ішінде
1 күнтізбелік күн ішінде
1 күнтізбелік күн ішінде

19 Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл сызбасы

"Моноқалаларды дамытудың 2012 -
2020 жылдарға арналған
бағдарламасы" шеңберінде
микрокредиттер беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл сызбасы

20 "Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы" шеңберінде микрокредиттер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы

"Моноқалаларды дамытудың 2012 -
2020 жылдарға арналған
бағдарламасы" шеңберінде
микрокредиттер беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
"Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған
бағдарламасы" шеңберінде микрокредиттер беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер

Қолданыстағы