Құжат мәтініне өту

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельских округов на территории Есильского района Северо-Казахстанской области

Қаулы · № 189 · қабылданған 30.06.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81095/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельских округов на территории Есильского района Северо-Казахстанской области Күшін жойған Қаулы ·№ 189 ·30.06.2014
03.10.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельских округов на территории Есильского района Северо-Казахстанской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 189 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов и предоставлении помещений для проведения встреч с выборщиками кандидатов в акимы сельских округов на территории Есильского района Северо-Казахстанской области
Атауы (қаз.)
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында селолық округ әкімдеріне кандидаттардың таңдауышыларымен кездесулерін өткізу үшін үй-жайларды және үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орындарды белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
189
Қабылданған күні
30.06.2014
Көрсетілген редакция
03.10.2017 81095_241349.kaz
Соңғы өзгеріс
03.10.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14SF002843
ЭКБ идентификаторы
81095
Редакция идентификаторы
81095_241349
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:15

0 Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында селолық округ әкімдеріне кандидаттардың таңдауышыларымен кездесулерін өткізу үшін үй-жайларды және үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орындарды белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық Заңының 27 бабы 3 тармағына, 28-бабы 4, 6-тармақтарына, «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiнiң сайлауын өткiзудiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 24 сәуiрдегi № 555 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiн қызметке сайлау, өкiлеттiгiн тоқтату және қызметтен босату қағидаларының 29 тармағына сәйкес Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында селолық округ әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындар Есіл аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесе 1 қосымшаға сәйкес анықталсын.

2 2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында селолық округ әкімдеріне барлық кандидаттарға таңдаушыларымен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар шарт негізінде 2 қосымшаға сәйкес берілсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің аппарат басшысы Александр Юрьевич Кравчукке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 30 маусымнан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Қуанышпай Баяхметұлы Рахиев
2014 жылғы 30 маусым

5 Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 189 қаулысына
1 қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында селолық округ әкімдеріне кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындар
№ р/б
Селолық округтің атауы
Сайлау алдыңдағы үгіттің баспа үгіттік материалдарды орналастыру үшін құрылыстың орны мен мекен-жайы
1
Явленка
Ақпараттық щиттер: Явленка селосы, Ыбыраев көшесі, орталық алаң, трибуна ауданында

6 Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ 189 қаулысына
2 қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында селолық округ әкімдеріне кандидаттардың таңдаушыларымен кездесулерін өткізу үшін үй-жайлар
№ р/б
Селолық округтің, елді мекеннің атауы
Таңдаушылармен кездесулер үшін үй-жайлар
1
Явленка
Явленка селосы: Мәдениет үйі, Ленин көшесі,1

Қолданыстағы