Об определении видов общественных работ для лиц, осужденных к наказанию в виде привлечения к общественным работам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении видов общественных работ для лиц, осужденных к наказанию в виде привлечения к общественным работам
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 153
- Қабылданған күні
- 12.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 12.06.2014 81104_208132.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14NM004910
- ЭКБ идентификаторы
- 81104
- Редакция идентификаторы
- 81104_208132
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:26
0 Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық Кодексiнiң 42-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару Кодексiнiң 30-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Қарасу ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2 2. Ауыл және ауылдық округтерінің әкімдері № 1 және № 2 Қарасу аудандық қылмыстық-атқару инспекциясымен келісілген қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге арналған объектілердің тізімдерін Қарасу ауданының № 1 сотына, № 2 сотына тоқсан сайын ұсынсын.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары К.Ғ. Әлімжановқа жүктелсiн.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы бойынша
қылмыстық-атқару жүйесі
департаментінің № 1 Қарасу
аудандық қылмыстық-атқару
инспекциясының инспекторы
_____________ Д. Ерғалиев
Қостанай облысы бойынша
қылмыстық-атқару жүйесі
департаментінің № 2 Қарасу
аудандық қылмыстық-атқару
инспекциясының инспекторы
____________ Е. Әбдіғалиев
5 Қарасу ауданы әкiмдiгiнiң
2014 жылғы 12 маусымдағы
№ 153 қаулысына қосымша
Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде
жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға
арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi