Құжат мәтініне өту

Об утверждении профессионального стандарта "Приборостроение"

Бұйрық · № 74 · қабылданған 13.03.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81110/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении профессионального стандарта "Приборостроение" Күшін жойған Бұйрық ·№ 74 ·13.03.2014
30.03.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении профессионального стандарта "Приборостроение"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 74 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении профессионального стандарта "Приборостроение"
Атауы (қаз.)
"Аспап жасау" кәсіби стандартын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
74
Қабылданған күні
13.03.2014
Көрсетілген редакция
30.03.2016 AI81110_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009392
ЭКБ идентификаторы
81110
Редакция идентификаторы
AI81110_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:30

0 "Аспап жасау" кәсіби стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріп отырған «Аспап жасау» кәсіби стандарты бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.Ә. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3 3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
___________ Т. Дүйсенова
20__жылғы 31 наурыз

8 «Аспап жасау» кәсіби стандарты

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы Индустрия және
жаңа технологиялар министрінің
2014 жылғы 13 наурыздағы
№ 74 бұйрығымен
бекітілді
«Аспап жасау» кәсіби стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1 1. "Аспап жасау" кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) кәсіби қызмет саласындағы қызметкерлердің еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына, біліктілігіне және құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайды және:

1 1) еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды белгілеуге;

2 2) қызметкерлерді басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;

3 3) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;

4 4) кәсіби даярлықтарын бағалауды жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған.

2 2. КС негізгі пайдаланушылары:

1 1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2 2) ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың қызметкерлерді басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3 3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4 4) кәсіби даярлықтарын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы мамандар.

3 3. КС негізінде қызметтің, лауазымның, біліктілікті арттырудың, қызметкерлерді аттестаттаудың, еңбекті ынталандыру жүйесінің және т.б. функционалдық модельдеріне қатысты ішкі, корпоративтік стандарттары әзірленеді.

4 4. Осы КС-да келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1 1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір қызмет түрі шеңберінде еңбек міндеттерін сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;

2 2) біліктілік деңгейі – орындалатын жұмыстардың күрделілігін, дербестігі мен жауапкершілігін сипаттайтын қызметкердің біліктілігіне (құзыреттеріне) қойылатын талаптар деңгейі;

3 3) еңбек мәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;

4 4) еңбек құралдары – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;

5 5) еңбек қызметінің түрі – кәсіби қызмет саласының еңбек функцияларының тұтастай жиынтығынан және оларды орындауға қажетті құзыреттерден қалыптасқан құрамдас бөлігі;

6 6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріс арқылы анықталатын және оларды еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының біріктірілген және салыстырмалы түрде дербес жиынтығы;

7 7) кәсіби қызмет саласы – жалпы ықпалдасқан негізі (ұқсас және мақсаттылығы жақын объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін ұқсас құзыреттер мен еңбек функцияларының жинағын көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8 8) КС – кәсіби қызметтің нақты саласындағы қызметкердің еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына және біліктілік деңгейіне, құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;

9 9) КС бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;

10 10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

11 11) құзырет – қызметкердің еңбек қызметінде білімін, білігі мен тәжірибесін қолдану қабілеті;

12 12) лауазым – жұмыс берушінің лауазымдық өкілеттіліктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген құрылымдық бірлігі;

13 13) міндет - нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып, еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимылдар жиынтығы;

14 14) сала - өнім шығаруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар мен ұйымдар жиынтығы;

15 15) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

16 16) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;

17 17) функционалдық карта – еңбек қызметінің белгілі түрі қызметкерінің кәсіби қызметтің сол немесе өзге саласы шеңберінде орындайтын еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымдалған сипаттамасы.

2 2. КС паспорты

5 5. Экономикалық қызметтің түрі: Аспап жасау.

6 6. Кәсіби қызмет саласы: Аспап жасау.

7 7. Кәсіби қызмет саласының негізгі мақсаты: аспаптарды жинау, негізгі жабдыққа қосу және құрастыру, электрқоректендірудің энергия үнемдеу режимін ұйымдастыру

8 8. Кәсіби қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында көрсетілген.

3 3. Еңбек қызмет түрлерінің (кәсіп) карточкалары

1 1-параграф. Өндіріс механигі

9 9. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4.

10 10. Мүмкін болатын лауазым атауы:

өндіріс механигі.

11 11. Орындалатын еңбек функциясының жалпыланған сипаттамасы – негізгі жабдығы бар аспаптарды жинау және құрастыру. аспаптарды негізгі жабдыққа қосу.

12 12. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

13 13. Өндіріс механигінің еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

14 14. Өндіріс механигі орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 2-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілген.

15 15. Өндіріс механигі орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

16 16. Өндіріс механигінің құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5-кестелерінде көрсетілген.

2 2-параграф. Электромеханик

17 17. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4.

18 18. Мүмкін болатын лауазым атауы:

электромеханик.

19 19. Орындалатын еңбек функциясының жалпыланған сипаттамасы – аспаптарды үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету, электрмен қоректендірудің қуатты үнемдеу режімін ұйымдастыру.

20 20. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

21 21. Электромеханиктің еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

22 22. Электромеханик орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілген.

23 23. Электромеханик орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 3-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

24 24. Электромеханиктің құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5-кестелерінде көрсетілген.

3 3-параграф. Техник - механик

25 25. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4.

26 26. Мүмкін болатын лауазым атауы:

техник – механик (барлық атаулары).

27 27. Орындалатын еңбек функциясының жалпыланған сипаттамасы – аспаптарды үздіксіз және техникалық жағынан дұрыс пайдалануды және жөндеуді қамтамасыз ету, берілген жұмыс режімін баптау.

28 28. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.

29 29. Техник-механиктің еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.

30 30. Техник-механик орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілген.

31 31. Техник-механик орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 3-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.

32 32. Техник-мехниктің құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5-кестелерінде көрсетілген.

4 4. КС әзірлеушілер

33 33. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі КС әзірлеушісі болып табылады.

34 34. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 5-қосымшасында келтірілген.

1 Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері

«Аспап жасау»
кәсіби стандартына
1-қосымша
Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері
Рет­тік №
Қыз­мет тү­рі­нің ата­уы
Ең­бек на­ры­ғы­ның ба­ғыт­та­ры ес­ке­рі­л­ген кә­сіп ата­уы
01-2005
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мем­ле­кет­тік кә­сіп­тер жік­те­уі­ші­сіне сәй­кес кә­сіп­тер ата­уы
Са­ла­лық бі­лік­ті­лік шең­бе­рі­нің бі­лік­ті­лік дең­гей­ле­рі
1.
Ас­пап­тар­ды жи­нау және негіз­гі жаб­дық­қа құ­ра­с­ты­ру. Ас­пап­тар­ды негіз­гі жаб­дық­қа қо­су
Өн­ді­ріс ме­ха­ни­гі
Өн­ді­ріс ме­ха­ни­гі
4
2.
Ас­пап­тар­ды үз­дік­сіз электр­мен жаб­дық­та­уды ұй­ым­да­сты­ру, элек­тр­қо­рек­тен­ді­ру­дің энер­гия үнем­деу ре­жи­мі
Электр ме­ха­ни­гі
Электр­ме­ха­ник
4
3.
Ас­пап­тар­дың үз­дік­сіз және тех­ни­ка­лық дұ­рыс пай­да­ла­ны­луын және жөн­де­лу­ін қам­та­ма­сыз ету, бе­рі­л­ген жұ­мыс ре­жи­мін рет­теу
Тех­ник-ме­ха­ник (бар­лық ата­у­ла­ры)
Тех­ник-ме­ха­ник
4

2 1 Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

«Аспап жасау»
кәсіби стандартына
2-қосымша
1 Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
«Қыз­мет­тер­дің жік­те­уі­ші» 01-2005 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік жік­те­уі­ші
Ба­за­лық топ
3115 - Ме­ха­ник
Бас­шы­лар­дың, ма­ман­дар­дың және бас­қа да қыз­мет­ші­ле­рі ла­у­а­зым­да­ры­ның Үл­гі­лік бі­лік­ті­лік си­патта­ма­ла­ры
Са­ла­лық бі­лік­ті­лік шең­бе­рі­нің (СБШ) бі­лік­ті­лік дең­гейі
Са­нат­тар
Ме­ха­ник
4
-
2-кесте. Өндіріс механигінің еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кә­сі­бі бой­ын­ша бо­луы мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры (кә­сі­по­рын­дар, ұй­ым­дар)
Өн­ді­рі­стік кә­сі­по­рын­дар, ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған құ­ра­с­ты­ру же­лі­сі бар бе­кет­тер және әр түр­лі өнер­к­ә­сіп­тік және өнер­к­ә­сіп­тік емес мақ­сат­та­ғы өл­шеу, те­сті­леу мен на­ви­га­ци­я­лық жаб­дық­ты құ­ра­с­ты­ру және қон­ды­ру цех­та­ры.
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дайы
Жо­ға­ры кер­не­умен, зи­ян­ды заттар­дың неме­се га­з­дар­дың шек­те­улі ұй­ға­рын­ды кон­цен­тра­ци­я­сы­ның ар­туы­мен, сәу­ле­мен және жы­лу сәу­ле­сі­мен жұ­мыс іс­те­уі мүм­кін
Жұ­мысқа рұқ­сат бе­ру­дің ерекше шар­ты
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Заң­на­ма­сы­на сәй­кес
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сіп­тік бі­лім алу және оқы­ту дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
4
Прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сін­сіз тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім­нің жо­ға­ры дә­ре­же­лі дең­гейі
3-дең­гей­де 2-3 жыл
3-кесте. Өндіріс механигі орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның №
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның ата­уы
(кә­сі­би стан­дарт­тың бір­лі­гі)
1
Ма­те­ри­ал­дар мен ас­пап­тар­ды ірік­теу және дай­ын­дау
2
Құ­ра­с­ты­ру сыз­ба­ла­ры мен жұ­мыс схе­ма­ла­рын зер­де­леу
3
Ас­пап­тар­ды құ­ра­с­ты­ру және негіз­гі жаб­дық­қа қон­ды­ру
4
Ас­пап­тар­ды негіз­гі жаб­дық­қа қо­су және қа­жет­ті жұ­мыс ре­жи­мін бап­тау
5
Дай­ын ас­пап­тың жұ­мыс са­па­сын тек­се­ру және рет­теу
6
Дай­ын ас­пап жабды­ғын пай­да­ла­ну­шы­ға бе­ру және қо­сы­л­ған ас­пап­пен жұ­мыс іс­теу жө­нін­де нұс­қа­ма өт­кі­зу
4-кесте. Өндіріс механигі орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның №
Ең­бек мәні
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
1
Құ­рам­дас бөл­шек­тер мен бл­ок­тар
Те­сті­леу құ­жат­та­ры­ның жи­на­ғы
1-1) Құ­рам­дас бұй­ым­дар­ды но­ми­нал бой­ын­ша таң­дау және олар­дың са­па­сын тек­се­ру
Құ­рам­дас бұй­ым­дар­дың си­патта­ма­сы және тех­ни­ка­лық пас­пор­ты
Анық­та­ма­лық­тар, тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма
1-2) Құ­рам­дас бұй­ым­дар­дың өза­ра үй­ле­сім­ді­лі­гін ес­ке­ре оты­рып, тех­ни­ка­лық көр­сет­кіш­те­рін зер­де­леу
2
Құ­ра­с­ты­ру сыз­ба­ла­ры және жұ­мыс схе­ма­ла­ры
Нұс­қа­улық­тар, қа­лып­тар, сыз­ғыш, каль­ку­ля­тор
2-1) Схе­ма­лар мен сыз­ба­лар­да­ғы стан­дарт­ты бел­гі­ле­улер­ді зер­де­леу.
3
Жа­сал­ған ас­пап­тар мен бл­ок­тар
Те­сті­ле­у­ші ас­пап­тар жиын­тығы
3-1) Ас­пап­тар­дың дәл­ді­гін тек­се­ру, өл­шеу шек­те­рін ай­қын­дау.
3-2) Нор­ма­тив­тер мен стан­дарт­тар та­лап­та­ры­на сәй­кест­ікке тек­се­ру
4
Дай­ын ас­пап­тар мен бл­ок­тар
Тех­ни­ка­лық си­патта­ма, нұс­қа­улық­тар, өл­шеу-ба­қы­лау құ­рал­да­ры
4-1) Ас­пап­тар­ды ор­на­ту және негіз­гі жаб­дық­қа қо­су
4-2) Ба­қы­лау өл­шем­де­рін орын­дау және негіз­гі опе­ра­ци­я­лар­ды көр­се­ту
4-3) Пай­да­ла­ну­шы­лар­ға ас­пап­пен жұ­мыс іс­теу жө­нін­де нұс­қа­ма өт­кі­зу
5
Дай­ын­да­ма­лар, құ­рам­дас то­рап­тар мен бл­ок­тар
Өл­шеу жабды­ғы­ның топ­та­ма­сы және ас­пап­тар жиын­тығы
5-1) Құ­ра­с­ты­ру тәр­ті­бі­мен және опе­ра­ци­я­лар ке­зек­ті­лі­гі­мен, ас­пап­ты негіз­гі жаб­дық­қа қон­ды­ру ере­же­ле­рі­мен та­ны­су
Дай­ын бл­ок­тар, құ­ра­с­ты­ру сыз­ба­ла­ры мен схе­ма­лар
Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған құ­ра­с­ты­ру же­лі­сі.
5-2) Ас­пап­ты құ­рам­дас бөл­шек­тер­ден құ­ра­с­ты­рып, негіз­гі жаб­дық­қа қон­ды­ру
6
Дай­ын­да­ма­лар, құ­рам­дас то­рап­тар мен бл­ок­тар
Қо­су то­рап­та­ры және сым­дар (ка­бель), ас­пап­тар
6-1) Ас­пап­ты негіз­гі жаб­дық­қа және электр қо­ре­гі жүй­е­сіне қо­су.
Дай­ын бл­ок­тар, құ­ра­с­ты­ру сыз­ба­ла­ры мен схе­ма­лар
Бұз­бай­тын ба­қы­лау және сы­нақ­тау әді­сте­рі­нің жүй­е­сі.
6-2) Ас­пап­ты қа­жет­ті жұ­мыс ре­жи­міне бап­тау.
6-3) Дай­ын өнім­ді өт­кізу­ге дай­ын­дау.
5-кесте. СБШ бойынша 4-біліктілік деңгейдегі өндіріс механигінің құзыреттеріне қойылатын талаптар
Ең­бек мін­де­ті­нің №
Же­ке және кә­сі­би құ­зы­рет­те­рі
Дағ­ды­ла­ры мен бі­лік­те­рі
Бі­лі­мі
1-1)
Құ­рам­дас бұй­ым­дар­ды но­ми­нал бой­ын­ша таң­дау және олар­дың са­па­сын тек­се­ру үшін жа­у­ап­кер­ші­лік­ті, өз ер­кі­мен жос­пар­ла­уды көз­дей­тін, бас­шы­лық­пен нор­ма­лар­ды іс­ке асы­ру бой­ын­ша орын­да­у­шы­лық қыз­мет
Но­ми­нал­ды және шек­ті па­ра­метр­лер­ді, ке­піл­ді пай­да­ла­ну мер­зім­де­рін ай­қын­дай бі­лу.
Құ­рам­дас өнім­дер­дің ата­уы, стан­дарт­ты бел­гі­ле­нуі және код­та­луы, олар­дың қол­да­ны­лу мақ­са­тым
1-2)
Ас­пап­тар­дың дәл­ді­гін, өл­шеу шек­те­рі мен ауыт­қу­ла­рын са­па­лы анық­тау.
Ас­пап­тар­дың дәл­ді­гін және ауыт­қу­ла­рын анық­тау дағ­ды­ла­ры­ның бо­луы.
Ас­пап­тар­дың дәл­ді­гін, өл­шеу шек­те­рі мен ауыт­қу­ла­рын са­па­лы анық­тау әді­сте­рі.
2-1)
Ас­пап­ты құ­ра­с­ты­ру және негіз­гі жаб­дық­қа қон­ды­ру тәр­ті­бін сақ­та­у­ға қа­бі­лет­ті бо­лу
Ас­пап­ты құ­ра­с­ты­ру және негіз­гі жаб­дық­қа қон­ды­ру ке­зін­де опе­ра­ци­я­лар ке­зек­ті­лі­гін ай­қын­дай бі­лу
Тех­но­ло­ги­я­лық нұс­қа­улық­тар және ас­пап­ты құ­ра­с­ты­ру тәр­ті­бі
3-1)
Құ­рам­дас өнім­дер­дің са­па­сы мен па­ра­метр­ле­рін жыл­дам және дәл анық­тау
Элек­трон­дық өнім­дер­дің па­ра­метр­ле­рі мен үй­ле­сім­ді­лі­гін ес­ке­ре оты­рып, функ­ци­о­нал­дық бл­ок­тар­ды жиын­тық­тау дағ­ды­ла­ры­ның бо­луы
Стан­дарт­ты бел­гі­ле­ме­лер, жұ­мыс сыз­ба­ла­ры мен схе­ма­ла­рын оқи бі­лу
3-2)
Құ­рам­дас өнім­дер­дің са­па­сы мен па­ра­метр­ле­рін жыл­дам және дәл анық­тау
Элек­трон­дық өнім­дер­дің па­ра­метр­ле­рі мен үй­ле­сім­ді­лі­гін ес­ке­ре оты­рып, функ­ци­о­нал­дық бл­ок­тар­ды жиын­тық­тау дағ­ды­ла­ры­ның бо­луы
Стан­дарт­ты бел­гі­ле­ме­лер, жұ­мыс сыз­ба­ла­ры мен схе­ма­ла­рын оқи бі­лу
4-1)
Ас­пап­тар­дың дәл­ді­гін, өл­шеу шек­те­рін және ауыт­қу­шы­лық­та­рын ай­қын­да­у­ға қа­бі­лет­ті бо­луы
Ас­пап­тар­дың дәл­ді­гін және өл­шеу ауыт­қу­шы­лық­та­рын ай­қын­дау дағ­ды­ла­ры­ның бо­луы
Ас­пап­тар­дың дәл­ді­гін, ауыт­қу­шы­лық­та­рын және өл­шеу шек­те­рін ай­қын­дау әді­сте­рі
4-2)
Ас­пап­тар­ды негіз­гі жаб­дық­қа қо­су­ға қа­бі­лет­ті бо­лу
Ас­пап­тар­ды жер­гі­лік­ті жер­де ор­на­ту­ды орын­дай бі­лу
Нұс­қа­улық ере­же­лер және ке­піл­ді пай­да­ла­ну мер­зім­де­рі
4-3)
Ас­пап­тар­ды құ­ра­с­ты­ру және негіз­гі ас­пап­қа қон­ды­ру тәр­ті­бін сақ­та­у­ға қа­бі­лет­ті бо­лу.
Ас­пап­тар­ды құ­ра­с­ты­ру және негіз­гі ас­пап­қа қон­ды­ру ке­зін­де опе­ра­ци­я­лар ке­зек­ті­лі­гін ай­қын­дай бі­лу
Тех­но­ло­ги­я­лық нұс­қа­улық­тар және ас­пап­ты құ­ра­с­ты­ру тәр­ті­бі
5-1)
Ба­қы­лау өл­шем­де­рін орын­дау және негіз­гі опе­ра­ци­я­лар­ды көр­се­ту­ге қа­бі­лет­ті бо­лу.
Функ­ци­о­нал­дық то­рап­тар­дың жұ­мысын тех­но­ло­ги­я­лық нұс­қа­улық­қа сәй­кес тек­се­ру­ді орын­дай бі­лу
Ба­қы­лау өл­шем­де­рін жүр­гі­зу, шек­ті жүк­те­ме­лер­ді ай­қын­дау ере­же­ле­рі
5-2)
Пай­да­ла­ну­шы­лар­ды ас­пап­ты пай­да­ла­ну­ға үй­ре­ту­ге қа­бі­лет­ті бо­лу.
Ас­пап­пен жұ­мыс іс­теу бой­ын­ша нұс­қа­ма­лық өт­кі­зе бі­лу
Ас­пап­ты пай­да­ла­ну­дың нұс­қа­улық ере­же­ле­рі,
қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы (ҚТ) бой­ын­ша нұс­қа­улық­тар
6-1)
Дай­ын то­рап­тар мен бл­ок­тар­ды ор­на­ту жұ­мыста­рын орын­да­у­ға қа­бі­лет­ті бо­лу
Дай­ын то­рап­тар мен бл­ок­тар­ды ор­на­ту жұ­мыста­рын орын­дау
Тех­но­ло­ги­я­лық нұс­қа­улық және ас­пап­ты қо­су тәр­ті­бі
6-2)
Ас­пап­тың жұ­мысын тек­се­ру және әр түр­лі жүк­те­ме­лер­де жұ­мысын бап­тау
Дай­ын өнім­нің жұ­мысын тек­се­ру және әр түр­лі жүк­те­ме­лер­де жұ­мысын бап­тау
Ас­пап­ты дұ­рыс ре­жим­де жұ­мыс іс­те­у­ге бап­тау ере­же­сі
6-3)
Ас­пап­тың жұ­мысын тек­се­ру және әр түр­лі жүк­те­ме­лер­де жұ­мысын бап­тау
Дай­ын өнім­нің жұ­мысын тек­се­ру және әр түр­лі жүк­те­ме­лер­де жұ­мысын бап­тау
Ас­пап­ты дұ­рыс ре­жим­де жұ­мыс іс­те­у­ге бап­тау ере­же­сі

3 1 Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

«Аспап жасау»
кәсіби стандартына
3-қосымша
1 Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
«Қыз­мет­тер­дің жік­те­уі­ші» 01-2005 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік жік­те­уі­ші
Ба­за­лық топ
3113–Электр ме­ха­ни­гі
Бас­шы­лар­дың, ма­ман­дар­дың және бас­қа да қыз­мет­ші­ле­рі ла­у­а­зым­да­ры­ның Үл­гі­лік бі­лік­ті­лік си­патта­ма­ла­ры
Са­ла­лық бі­лік­ті­лік шең­бе­рі­нің (СБШ) бі­лік­ті­лік дең­гейі
Са­нат­тар
Электр ме­ха­ни­гі
4
-
2-кесте. Өндіріс механигінің еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кә­сі­бі бой­ын­ша бо­луы мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры (кә­сі­по­рын­дар, ұй­ым­дар)
Өн­ді­рі­стік кә­сі­по­рын­дар, ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған құ­ра­с­ты­ру же­лі­сі бар бе­кет­тер және әр түр­лі өнер­к­ә­сіп­тік және өнер­к­ә­сіп­тік емес мақ­сат­та­ғы өл­шеу, те­сті­леу мен на­ви­га­ци­я­лық жаб­дық­ты құ­ра­с­ты­ру және қон­ды­ру цех­та­ры.
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дайы
Жо­ға­ры кер­не­умен, зи­ян­ды заттар­дың­не­ме­се га­з­дар­дың шек­те­улі ұй­ға­рын­ды кон­цен­тра­ци­я­сы­ның ар­туы­мен, сәу­ле­мен және жы­лу сәу­ле­сі­мен жұ­мыс іс­те­уі мүм­кін
Жұ­мысқа рұқ­сат бе­ру­дің ерекше шар­ты
жоқ
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сіп­тік бі­лім алу және оқы­ту дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
4
Прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сін­сіз тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік бі­лім­нің жо­ға­ры дә­ре­же­лі дең­гейі
3-дең­гей­де 2-3 жыл
3-кесте. Өндіріс механигі орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның №
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның ата­уы
(кә­сі­би стан­дарт­тың бір­лі­гі)
1
Электр ма­те­ри­ал­да­рын ірік­теу және дай­ын­дау, электр қо­ре­гі жүй­е­сіне қо­су схе­ма­сын зер­де­леу
2
Электр­мен қо­рек­тен­ді­ру­дің энер­гия үнем­деу ре­жи­мін ұй­ым­да­сты­ру әді­сте­рін зер­де­леу
3
Үз­дік­сіз электр­мен жаб­дық­та­уды қам­та­ма­сыз ету
4
Электр­мен қо­рек­тен­ді­ру­дің энер­гия үнем­деу ре­жи­мін ұй­ым­да­сты­ру
5
Электр­мен жаб­дық­тау бой­ын­ша орын­дал­ған жұ­мыстар­дың са­па­сын ба­қы­лау
6
Энер­гия үнем­деу ре­жи­мін­де се­нім­ді жұ­мыс іс­те­уді қам­та­ма­сыз ету
4-кесте. Өндіріс механигі орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның №
Ең­бек мәні
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
1
Электр бөл­шек­те­рі және электр ас­пап­та­ры
Те­сті­ле­у­ші ас­пап­тар жиын­тығы
1-1) Электр ма­те­ри­ал­да­рын ірік­теу және дай­ын­дау
Ғи­ма­рат­тың неме­се цех­тың электр­мен қо­рек­тен­ді­ру схе­ма­сы
Анық­та­ма­лық­тар, тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма
1-2) Электр қо­ре­гі жүй­е­сі­нің схе­ма­ла­рын зер­де­леу
2
Энер­ги­я­мен жаб­дық­тау жүй­е­ле­рі
Ба­қы­лау-өл­шеу ап­па­ра­ту­ра­сы
2-1) Электр­мен қо­рек­тен­ді­ру­дің энер­гия үнем­деу ре­жи­мін ұй­ым­да­сты­ру жол­да­ры мен әді­сте­рін зер­де­леу.
3
Үз­дік­сіз электр­мен қо­рек­тен­ді­ру жүй­е­сі.
Ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­ры
3-1) Электр қо­ре­гін әр түр­лі жүк­те­ме­лер­де тек­се­ру
4
Энер­гия үнем­деу ре­жи­мін­де се­нім­ді жұ­мыс іс­те­уді қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған іс-ша­ра­лар
Ап­па­ра­ту­ра мен ас­пап­тар жұ­мысы­ның энер­гия үнем­деу ре­жи­мін ай­қын­дау және бап­тау қа­ғи­да­ла­ры
4-1) Әр түр­лі жүк­те­ме­лер­де энер­гия үнем­дей­тін, оң­тай­лы электр­мен қо­рек­тен­ді­ру­дің есе­бін жа­сау және бап­тау
5
Ас­пап­тың электр схе­ма­сы және ғи­ма­рат­тың неме­се цех­тың электр схе­ма­сы
Ба­қы­лау-өл­ше­уап­па­ра­ту­ра­сы және элек­трик­тің ар­найы ас­пап­тар жиын­тығы
5-1) Электр­мен қо­рек­тен­ді­ру жүй­е­сіне қо­су және се­нім­ді оқ­ша­у­ла­уды қам­та­ма­сыз ету
6
Ас­пап­тың электр схе­ма­сы және ғи­ма­рат­тың неме­се цех­тың электр схе­ма­сы
Ба­қы­лау-өл­ше­уап­па­ра­ту­ра­сы және элек­трик­тің ар­найы ас­пап­тар жиын­тығы
6-1) Электр­мен қо­рек­тен­ді­ру жүй­е­сіне қо­су және се­нім­ді оқ­ша­у­ла­ма­ны қам­та­ма­сыз ету
5-кесте. СБШ бойынша 4-біліктілік деңгейдегі өндіріс механигінің құзыреттеріне қойылатын талаптар
Ең­бек мін­де­ті­нің №
Же­ке және кә­сі­би құ­зы­рет­те­рі
Дағ­ды­ла­ры мен бі­лік­те­рі
Бі­лі­мі
1-1)
Бе­рі­л­ген па­ра­метр­лер­де­гі са­па­лы электр ма­те­ри­ал­да­рын жыл­дам ірік­те­у­ге қа­бі­лет­ті бо­лу
Электр бөл­шек­те­рі­нің но­ми­нал­дық па­ра­метр­ле­рін және олар­ды пай­да­ла­ну мер­зі­мін анық­тай бі­лу
Электр бөл­шек­те­рі мен оқ­ша­у­лау ма­те­ри­ал­да­ры­ның ата­у­ла­рын және код­та­луын бі­лу
1-2)
Тіз­бек­тің элек­тр­лік па­ра­метр­ле­рін есеп­те­у­ге және ай­қын­да­у­ға қа­бі­лет­ті бо­лу
Жүк­те­ме­ні есеп­тей бі­лу, қа­жет­ті кер­неу мен жи­і­лік­ті ай­қын­дай бі­лу
Ғи­ма­рат­тың, оры­н­жай­дың электр­мен жаб­дық­тау схе­ма­ла­ры
2-1)
Электр қо­ре­гі жүй­е­сіне қо­с­қан кез­де құ­ра­с­ты­ру тәр­ті­бін сақ­та­у­ға қа­бі­лет­ті бо­лу
Электр қо­ре­гі жүй­е­сіне қо­с­қан кез­де опе­ра­ци­я­лар ке­зек­ті­лі­гін ай­қын­дай бі­лу
Ас­пап­тың электр схе­ма­сы, ғи­ма­рат­тың неме­се цех­тың электр­мен жаб­дық­тау схе­ма­ла­ры
3-1)
Тіз­бек­тің элек­тр­лік па­ра­метр­ле­рін есеп­те­у­ге және ай­қын­да­у­ға қа­бі­лет­ті бо­лу
Электр­мен қо­рек­тен­ді­ру жүй­е­сін­де қа­жет­ті нүк­те­лер­ді ай­қын­дай бі­лу, қа­жет­ті кер­неу мен жи­і­лік­ті ай­қын­дай бі­лу
Ғи­ма­рат­тың, үй-жай­дың электр­мен жаб­дық­тау схе­ма­ла­ры
4-1)
Энер­гия үнем­дей­тін, оң­тай­лы электр­мен қо­рек­тен­ді­ру жұ­мысы­ның есе­бін жа­са­у­ға және бап­та­у­ға қа­бі­лет­ті бо­лу
Әр түр­лі жүк­те­ме­лер­де энер­гия үнем­дей­тін, оң­тай­лы электр­мен қо­рек­тен­ді­ру­ді бап­тау дағ­ды­ла­ры­ның бо­луы
Ап­па­ра­ту­ра мен ас­пап жұ­мысы­ның энер­гия үнем­деу ре­жи­мін ай­қын­дау және бап­тау қа­ғи­дат­та­рын бі­лу
5-1)
Электр­мен қо­рек­тен­ді­ру жүй­е­сіне энер­гия үнем­деу жүй­е­сін­де қо­су тәр­ті­бін және се­нім­ді оқ­ша­у­ла­ма­ны қам­та­ма­сыз ету­ге қа­бі­лет­ті бо­лу
Энер­гия үнем­деу ре­жи­мін­де се­нім­ді жұ­мысты қам­та­ма­сыз ету­ге ар­нал­ған іс-ша­ра­лар­ды орын­дай бі­лу
Ас­пап­тың электр схе­ма­сын және ғи­ма­рат­тың неме­се цех­тың электр схе­ма­сын, қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы (ҚТ) бой­ын­ша нұс­қа­улық­ты бі­лу
6-1)
Энер­гия үнем­деу ре­жи­мін­де үз­дік­сіз электр­мен қо­рек­тен­ді­ру­ді және се­нім­ді оқ­ша­у­ла­ма­ны қам­та­ма­сыз ету­ге қа­бі­лет­ті бо­лу.
Ба­қы­лау-өл­шеу ап­па­ра­ту­ра­сы­мен және элек­трик­тің ар­найы ас­пап­тар жиын­тығ­ы­мен жұ­мыс іс­теу дағ­ды­ла­ры­ның бо­луы
Ас­пап­тың электр схе­ма­сын, энер­гия үнем­дей­тін электр­мен қо­рек­тен­ді­ру­ді қам­та­ма­сыз ету қа­ғи­дат­та­ры мен әді­сте­рін, ғи­ма­рат­тың неме­се цех­тың электр схе­ма­сын, қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы (ҚТ) бой­ын­ша нұс­қа­улық­ты бі­лу

4 1 Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

«Аспап жасау»
кәсіби стандартына
4-қосымша
1 Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
«Қыз­мет­тер­дің жік­те­уі­ші» 01-2005 Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік жік­те­уі­ші
Ба­за­лық топ
3115–Тех­ник-ме­ха­ник
Бас­шы­лар­дың, ма­ман­дар­дың және бас­қа да қыз­мет­ші­ле­рі ла­у­а­зым­да­ры­ның Үл­гі­лік бі­лік­ті­лік си­патта­ма­ла­ры
Са­ла­лық бі­лік­ті­лік шең­бе­рі­нің (СБШ) бі­лік­ті­лік дең­гейі
Са­нат­тар
Тех­ник-тех­но­лог
4
-
2-кесте. Электромеханиктің еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кә­сі­бі бой­ын­ша бо­луы мүм­кін жұ­мыс орын­да­ры (кә­сі­по­рын­дар, ұй­ым­дар)
Өн­ді­рі­стік кә­сі­по­рын­дар, ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған құ­ра­с­ты­ру же­лі­сі бар бе­кет­тер және әр түр­лі өнер­к­ә­сіп­тік және өнер­к­ә­сіп­тік емес мақ­сат­та­ғы өл­шеу, те­сті­леу мен на­ви­га­ци­я­лық жаб­дық­ты құ­ра­с­ты­ру және қон­ды­ру цех­та­ры
Зи­ян­ды және қа­уіп­ті ең­бек жағ­дайы
Жо­ға­ры кер­не­умен, зи­ян­ды заттар­дың­не­ме­се га­з­дар­дың шек­те­улі ұй­ға­рын­ды кон­цен­тра­ци­я­сы­ның ар­туы­мен, сәу­ле­мен және жы­лу сәу­ле­сі­мен жұ­мыс іс­те­уі мүм­кін
Жұ­мысқа рұқ­сат бе­ру­дің ерекше шар­ты
жоқ
СБШ бі­лік­ті­лік дең­гейі
Кә­сіп­тік бі­лім алу және оқы­ту дең­гейі
Та­лап еті­ле­тін жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сі
4
Прак­ти­ка­лық жұ­мыс тә­жі­ри­бе­сін­сіз тех­ни­ка­лық және кә­сі­би бі­лім­нің жо­ға­ры дә­ре­же­лі дең­гейі
3-дең­гей­де
2-3 жыл
3-кесте. Электромеханик орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның №
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның ата­уы
(кә­сі­би стан­дарт­тың бір­лі­гі)
1
Ал­дын ала тек­се­ру және бұ­зы­лым­дар­ды ди­а­гно­сти­ка­лау
2
Бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­ны әзір­леу неме­се таң­дау және ас­пап­тың бе­рі­л­ген ре­жим­де жұ­мысын бап­тау дағ­ды­ла­рын мең­ге­ру
3
Ас­пап­тар­ға тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жөн­деу
4
Бе­рі­л­ген ре­жим­де жұ­мысты бап­тау және бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­ны бап­тау
5
Ас­пап­тың үз­дік­сіз жұ­мысын қам­та­ма­сыз ету үшін жағ­дай жа­сау
6
Орын­дал­ған жұ­мыстар­дың са­па­сын ба­қы­лау және ас­пап­тар­дың тех­ни­ка­лық дұ­рыс пай­да­ла­ны­луын қам­та­ма­сыз ету
4-кесте. Электромеханик орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Ең­бек функ­ци­я­сы­ның №
Ең­бек мәні
Ең­бек құ­рал­да­ры
Мін­дет­тер
1
Ас­пап­тар мен өл­шеу жабды­ғы
Ал­дын ала тек­се­ру­ге ар­нал­ған ас­пап­тар жиын­тығы, де­тек­тор­лар
1-1) Тех­ни­ка­лық тек­се­ру және ал­дын алу іс-ша­ра­ла­ры
Ас­пап­тар­дың тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сы
Ас­пап­тар­ды жөн­де­у­ге және бөл­шек­тер­ді ауы­сты­ру­ға ар­нал­ған ас­пап­тар жиын­тығы
1-2) Бұ­зы­лым­дар­ды анық­тау және ауы­сты­ру үшін бөл­шек­тер­ді ірік­теу
2
Ас­пап­тар; ас­пап­тар­дың тех­ни­ка­лық си­патта­ма­сы, бағ­дар­ла­ма­лық қам­тым.
Ас­пап­тар­ды бап­тау және рет­ке кел­ті­ру бой­ын­ша тех­но­ло­ги­я­лық нұс­қа­улық­тар
2-1) Бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­ны әзір­леу неме­се таң­дау.
2-2) Ас­пап­тың жұ­мысын бап­тау дағ­ды­ла­рын мең­ге­ру
3
Жөн­дел­ген жаб­дық пен ас­пап­тар
Қо­су-бап­тау жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге ар­нал­ған ас­пап­тар мен құ­рал­дар жиын­тығы
3-1) Сы­нақ өл­ше­уле­рін жүр­гі­зу және ас­пап­тың жұ­мыс са­па­сын тек­се­ру
4
Бе­рі­ле­тін жүк­те­ме­лер мен жұ­мыстың қа­жет­ті ре­жим­де­рі­нің па­ра­метр­ле­рі
Ба­қы­лау-рет­ке кел­ті­ру ас­пап­та­ры мен құ­рал­да­ры
4-1) Ба­қы­лау өл­шем­де­рін орын­дау және ас­пап­тар­ды пай­да­ла­ну ере­же­ле­рі бой­ын­ша тех­ни­ка­лық нұс­қа­улық құ­ру
5
Жөн­дел­ген жаб­дық пен ас­пап­тар
Қо­су-бап­тау жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге ар­нал­ған ас­пап­тар мен құ­рал­дар жиын­тығы
5-1) Тұ­рақ­ты ди­а­гно­сти­ка және ал­дын ала тек­се­ру
5-2) Іс­тен шық­қан эле­мент­тер мен бл­ок­тар­ды ауы­сты­ру, жа­ңа жаб­дық­қа қо­су
6
Бе­рі­ле­тін жүк­те­ме­лер мен жұ­мыстың қа­жет­ті ре­жим­де­рі­нің па­ра­метр­ле­рі
Ба­қы­лау-рет­ке кел­ті­ру ас­пап­та­ры мен құ­рал­да­ры
6-1) Тех­но­ло­ги­я­лық үде­рі­стер­ді бап­тау және рет­ке кел­ті­ру
5-кесте. СБШ бойынша 4-біліктілік деңгейдегі электромеханиктің құзыреттеріне қойылатын талаптар
Ең­бек мін­де­ті­нің №
Же­ке және кә­сі­би құ­зы­рет­те­рі
Дағ­ды­ла­ры мен бі­лік­те­рі
Бі­лі­мі
1-1)
Тех­ни­ка­лық тек­се­ру жүр­гізу­ге қа­бі­лет­ті бо­лу
Ал­дын ала ди­а­гно­сти­ка жүр­гі­зу дағдыс­ы­ның бо­луы
Ал­дын алу және ас­пап­тар­ды ди­а­гно­сти­ка­лау опе­ра­ци­я­ла­ры бой­ын­ша іс-ша­ра­лар ке­ше­нін бі­лу
1-2)
Бұ­зы­лым­дар­ды анық­та­уды және олар­ды жо­ю­ды бі­лу
Нор­ма­тив­тік та­лап­тар­ға сәй­кес бұ­зы­лым­дар­ды жоя бі­лу
Ал­дын алу іс-ша­ра­лар ке­ше­нін бі­лу
2-1)
Сы­нақ өл­ше­уле­рін жүр­гі­зу­ді және ас­пап­тың са­па­сын тек­се­ру­ді бі­лу
Ба­қы­лау өл­ше­уле­рін жүр­гі­зу және ас­пап­тың са­па­сын ай­қын­дау дағ­ды­ла­ры­ның бо­луы
Ба­қы­лау-өл­шеу жұ­мыста­рын жүр­гі­зу тәр­ті­бін бі­лу
2-2)
Ас­пап­тың са­па­лық си­патта­ма­сын тек­се­ре бі­лу
Са­па­ны ай­қын­дау және тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма құ­ру дағ­ды­ла­ры­ның бо­луы
Са­па си­патта­ма­ла­рын ай­қын­дау және тех­ни­ка­лық құ­жат­та­ма құ­ру тәр­ті­бін бі­лу
3-1)
Тұ­рақ­ты ди­а­гно­сти­ка жүр­гізу­ге қа­бі­лет­ті бо­лу
Тұ­рақ­ты ал­дын ала тек­се­ру жүр­гі­зу дағ­ды­ла­ры­ның бо­луы
Ал­дын алу және және ас­пап­тар­ды ди­а­гно­сти­ка­ла­удың әр түр­лі опе­ра­ци­я­ла­рын бі­лу
4-1)
Ас­пап­тың бұ­зы­лым­да­рын жою және жаб­дық­қа қо­су
Ас­пап­тың бұ­зы­лым­да­рын жою және жаб­дық­қа қо­су дағ­ды­ла­ры­ның бо­луы
Бұ­зы­лым­да­рын жою тәр­ті­бі мен ере­же­сін және ас­пап­ты жаб­дық­қа қо­су нұс­қа­улы­ғын бі­лу
5-1)
Бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­ны таң­дай бі­лу
Ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма әзір­леу дағ­ды­ла­ры
Өл­шем­дер­ді бағ­дар­ла­ма­лау және ав­то­мат­тан­ды­ру негіз­де­рін бі­лу
5-2)
Бе­рі­л­ген ре­жим­ді бап­тай бі­лу
Ас­пап жұ­мысын бап­тау дағ­ды­ла­ры­ның бо­луы
Ас­пап­тар­ды бап­тау ере­же­ле­рі мен әді­сте­рін бі­лу
6-1)
Тех­но­ло­ги­я­лық үде­рі­стер­ді бап­тау
Әр түр­лі жұ­мыс ре­жим­де­рін бап­тау бой­ын­ша тех­но­ло­ги­я­лық нұс­қа­улық­тар
Ас­пап­тар­ды бе­рі­л­ген ре­жим­де бап­тай бі­лу, бағ­дар­ла­ма­лық жа­сақ­та­ма­ны таң­дай бі­лу

5 Келісу парағы

«Аспап жасау»
кәсіби стандартына
5-қосымша
Келісу парағы
Ұй­ым­ның ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ең­бек және ха­лық­ты әле­умет­тік қор­ғау ми­ни­стр­лі­гі.
Осы КС ___________________________________ тіркелді.
Кәсіби стандарттар тізбесіне____________тіркеу нөмірімен енгізілді.
Хат (хаттама) № ___________ Күні ____________________

Қолданыстағы