Құжат мәтініне өту

Об утверждении форм, Правил и сроков формирования реестра требований кредиторов

Қаулы · № 762 · қабылданған 02.07.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81191/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении форм, Правил и сроков формирования реестра требований кредиторов Күшін жойған Қаулы ·№ 762 ·02.07.2014
20.05.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.05.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении форм, Правил и сроков формирования реестра требований кредиторов

Күшін жойған Қаулы ·№ 762 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении форм, Правил и сроков формирования реестра требований кредиторов
Атауы (қаз.)
Кредиторлар талаптары тiзiлiмiнің нысандарын, оны қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
762
Қабылданған күні
02.07.2014
Көрсетілген редакция
20.05.2020 81191_463276.kaz
Соңғы өзгеріс
20.05.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000762
ЭКБ идентификаторы
81191
Редакция идентификаторы
81191_463276
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:12

0 Кредиторлар талаптары тiзiлiмiнің нысандарын, оны қалыптастыру қағидалары мен мерзімін бекiту туралы

"Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 72-бабының 7-тармағына және 88-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) оңалту рәсіміндегі кредиторлар талаптары тізілімінің нысаны;

2 2) банкроттық рәсіміндегі кредиторлар талаптары тізілімінің нысаны;

3 3) мақта өндеу ұйымдары кредиторларының талаптары тізілімінің нысаны;

4 4) астық қабылдау кәсіпорындары кредиторларының талаптары тізілімінің нысаны;

5 5) Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру қағидалары мен мерзімі бекітілсін.

2 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1 1) "Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 желтоқсандағы № 1437 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 100-құжат);

2

2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1363 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 72, 951-құжат) бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 15-тармағы.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Оңалту рәсіміндегі кредиторлар талаптарының тізілімі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2014 жы­л­ғы 2 шіл­де­де­гі
№ 762 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Ны­сан
20 __ жы­л­ғы "____" __________
(кре­ди­тор­лар та­лап­та­ры­ның
ті­зі­лі­мін уәкі­лет­ті ор­ган­ның
ин­тер­нет-ре­сур­сын­да жа­ри­я­лау кү­ні)
Оңалту рәсіміндегі кредиторлар талаптарының тізілімі
_________________________________________________
(оңалтылатын борышкердің атауы)
Р/с

Ке­зек, кре­ди­тор­дың Т.А.Ә. (бар бол­са)/ата­уы
Кре­ди­тор­дың же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (ЖСН/БСН)
Қой­ы­л­ған та­лап­тар­дың со­ма­сы (тең­ге)
Әкім­ші қа­был­да­ған ше­шім­нің негіз­ді­лі­гін рас­тай­тын құ­жат­тар (ата­уы, кү­ні, нө­мі­рі), бе­ре­шек туын­да­ған күн
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
6
1.
Бі­рін­ші ке­зек
1)
Ти­іс­ті мер­зім­дік тө­лем­дер­ді ка­пи­тал­дан­ды­ру жо­лы­мен ай­қын­дал­ған, аза­мат­тар­дың өмі­рі мен ден­са­улы­ғы­на зи­ян кел­тір­ге­ні үшін олар­дың ал­дын­да бо­рыш­кер жа­у­ап­ты бо­ла­тын аза­мат­тар­дың та­лап­та­ры
Жиы­ны:
2)
Али­мент­тер­ді өн­ді­ріп алу бой­ын­ша та­лап­тар
Жиы­ны:
3)
Ең­бек шар­ты бой­ын­ша жұ­мыс іс­те­ген адам­дар­ға бо­рыш­кер­де оңал­ту ту­ра­лы іс жүр­гі­зу қоз­ғал­ған­ға дей­ін бір жыл ал­дын­да­ғы күн­тіз­бе­лік он екі ай бұ­рын қа­лып­тас­қан ор­та­ша ай­лық жа­ла­қы­дан асы­рыл­май есеп­тел­ген ең­бе­ка­қы және өте­ма­қы­лар тө­леу бой­ын­ша та­лап­тар
Жиы­ны:
4)
Бо­рыш­кер­де оңал­ту ту­ра­лы іс жүр­гі­зу қоз­ғал­ған­ға дей­ін бір жыл ал­дын­да­ғы күн­тіз­бе­лік он екі ай бұ­рын қа­лып­тас­қан ор­та­ша ай­лық жа­ла­қы есе­бі­нен Мем­ле­кет­тік әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру қо­ры­на әле­умет­тік ауда­рым­дар бой­ын­ша бе­ре­шек
Жиы­ны:
5)
Бо­рыш­кер­де оңал­ту ту­ра­лы іс жүр­гі­зу қоз­ғал­ған­ға дей­ін бір жыл ал­дын­да­ғы күн­тіз­бе­лік он екі ай бұ­рын қа­лып­тас­қан ор­та­ша ай­лық жа­ла­қы есе­бі­нен жа­ла­қы­дан ұстал­ған мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры, мін­дет­ті кә­сіп­тік зей­не­та­қы жар­на­ла­ры бой­ын­ша бе­ре­шек
Жиы­ны:
6)
Бо­рыш­кер­де оңал­ту ту­ра­лы іс жүр­гі­зу қоз­ғал­ған­ға дей­ін бір жыл ал­дын­да­ғы күн­тіз­бе­лік он екі ай бұ­рын қа­лып­тас­қан ор­та­ша ай­лық жа­ла­қы есе­бі­нен жа­ла­қы­дан ұстал­ған та­быс са­лы­ғы бой­ын­ша бе­ре­шек
Жиы­ны:
7)
Ав­тор­лық шар­ттар бой­ын­ша сый­а­қы­лар тө­леу бой­ын­ша та­лап­тар
Жиы­ны:
Бі­рін­ші ке­зек бой­ын­ша жиы­ны:
2.
Екінші кезек
1)
Борышкердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары
Жиыны:
2)
Орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның бұрын жасалған және осы клирингтік ұйымға қатысушы болып табылатын орындамаған банкрот, орталық контрагент қатысатын мәмілелердің нәтижесінде туындаған талаптары
Жиыны:
Екінші кезек бойынша жиыны:
3.
Үшін­ші ке­зек
1)
Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер бой­ын­ша бе­ре­шек
2)
Бо­рыш­кер са­лық есеп­ті­лі­гіне сәй­кес есеп­те­ген, са­лық қыз­ме­ті ор­га­ны өт­кен са­лық ке­зең­де­рі мен оңал­ту рә­сі­мі қол­да­ны­л­ған са­лық ке­зе­ңі үшін са­лық­тық тек­се­ру­лер нәти­же­ле­рі бой­ын­ша есеп­те­ген са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер­ді тө­леу бой­ын­ша бе­ре­шек
Үшін­ші ке­зек бой­ын­ша жиы­ны:
4.
Төр­тін­ші ке­зек
1)
Аза­мат­тық-құқық­тық және өзге де мін­дет­те­ме­лер бой­ын­ша кре­ди­тор­лар­дың та­лап­та­ры
Жиы­ны:
2)
Ке­піл­ді өт­кі­зу­ден түс­кен со­ма мөл­ше­рі­нен аса­тын ке­піл­ді кре­ди­тор­лар­дың та­лап­та­ры
Жиы­ны:
Төр­тін­ші ке­зек бой­ын­ша жиы­ны:
5.
Бе­сін­ші ке­зек
1)
За­лал­дар, тұ­рақ­сыздық ай­ы­бы (ай­ып­пұл­дар, өсім­пұл­дар)
Жиы­ны:
2)
Ең­бек қа­ты­на­ста­ры оңал­ту ту­ра­лы іс бой­ын­ша іс жүр­гі­зу қоз­ғал­ған­ға дей­ін бір жыл­дан ба­стал­ған уа­қыт ке­зе­ңі ішін­де туын­да­ған кре­ди­тор­лар­дың бо­рыш­кер­де оңал­ту ту­ра­лы іс бой­ын­ша іс жүр­гі­зу қоз­ғал­ған­ға дей­ін бір жыл ал­дын­да­ғы күн­тіз­бе­лік он екі ай бұ­рын қа­лып­тас­қан ор­та­ша ай­лық жа­ла­қы мөл­ше­рі­нен аса­тын ең­бе­ка­қы және өте­ма­қы­лар тө­леу бой­ын­ша та­лап­та­ры
Жиы­ны:
3)
Оңал­ту ту­ра­лы іс бой­ын­ша іс жүр­гі­зу қоз­ғал­ған­ға дей­ін бір жыл­дан ба­стап есеп­тел­ген ке­зең­де қыз­мет­кер­дің жа­ла­қы­сын кө­те­ру нәти­же­сін­де қа­лып­тас­қан ең­бе­ка­қы және өте­ма­қы­лар тө­леу бой­ын­ша кре­ди­тор­лар та­лап­та­ры­ның ұл­ғаю со­ма­сы
Жиы­ны:
4)
Та­лап­тар қою мер­зі­мі өт­кен­нен кей­ін мә­лім­дел­ген та­лап­тар
...
Бе­сін­ші ке­зек бой­ын­ша жиы­ны:
Ті­зі­лім бой­ын­ша жиы­ны:
6.
Та­ныл­ма­ған та­лап­тар:
Жиы­ны:
Әкімші
______________________________________ ___________ ____________________
(борышкердің атауы/ Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса))
М.О. (бар болса)

1 Банкроттық рәсіміндегі кредиторлар талаптарының тізілімі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2014 жы­л­ғы 2 шіл­де­де­гі
№ 762 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Нысан
20 __ жылғы "____" ___________
(кредиторлар талаптарының тізілімін
уәкілетті органның интернет-ресурсында
жариялау күні)
Банкроттық рәсіміндегі кредиторлар талаптарының тізілімі
______________________________________________________________
(таратылатын борышкердің атауы/Т.А.Ә. (бар болса))
Р/с

Ке­зек, кре­ди­тор­дың Т.А.Ә. (бар бол­са)/ ата­уы
Кре­ди­тор­дың же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/ биз­нес­с­әй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (ЖСН/БСН)
Қой­ы­л­ған та­лап­тар­дың со­ма­сы (тең­ге)
Әкім­ші қа­был­да­ған ше­шім­нің негіз­ді­лі­гін рас­тай­тын құ­жат­тар (ата­уы, кү­ні, нө­мі­рі), бе­ре­шек туын­да­ған күн
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
6
1.
Бі­рін­ші ке­зек
1)
Ти­іс­ті мер­зім­дік тө­лем­дер­ді ка­пи­тал­дан­ды­ру жо­лы­мен ай­қын­дал­ған, өмі­рі мен ден­са­улы­ғы­на зи­ян кел­ті­рі­л­ге­ні үшін олар­дың ал­дын­да бо­рыш­кер жа­у­ап­ты бо­ла­тын аза­мат­тар­дың та­лап­та­ры

Жиы­ны:
2)
Али­мент­тер­ді өн­ді­ріп алу та­лап­та­ры

Жиы­ны:
3)
Ең­бек шар­ты бой­ын­ша жұ­мыс іс­те­ген адам­дар­ға бо­рыш­кер­де банк­рот­тық ту­ра­лы іс жүр­гі­зу қоз­ғал­ған­ға дей­ін бір жыл ал­дын­да­ғы күн­тіз­бе­лік он екі ай бұ­рын қа­лып­тас­қан ор­та­ша ай­лық жа­ла­қы есе­бі­нен ең­бе­ка­қы және өте­ма­қы­лар тө­леу бой­ын­ша та­лап­тар

Жиы­ны:
4)
Бо­рыш­кер­де банк­рот­тық ту­ра­лы іс жүр­гі­зу қоз­ғал­ған­ға дей­ін бір жыл ал­дын­да­ғы күн­тіз­бе­лік он екі ай бұ­рын қа­лып­тас­қан ор­та­ша ай­лық жа­ла­қы есе­бі­нен Мем­ле­кет­тік әле­умет­тік сақ­тан­ды­ру қо­ры­на әле­умет­тік ауда­рым­дар бой­ын­ша бе­ре­шек

Жиы­ны:
5)
Бо­рыш­кер­де банк­рот­тық ту­ра­лы іс жүр­гі­зу қоз­ғал­ған­ға дей­ін бір жыл ал­дын­да­ғы күн­тіз­бе­лік он екі ай бұ­рын қа­лып­тас­қан ор­та­ша ай­лық жа­ла­қы есе­бі­нен жа­ла­қы­дан ұстал­ған мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры, мін­дет­ті кә­сіп­тік зей­не­та­қы жар­на­ла­ры бой­ын­ша бе­ре­шек

Жиы­ны:
6)
Бо­рыш­кер­де банк­рот­тық ту­ра­лы іс жүр­гі­зу қоз­ғал­ған­ға дей­ін бір жыл ал­дын­да­ғы күн­тіз­бе­лік он екі ай бұ­рын қа­лып­тас­қан ор­та­ша ай­лық жа­ла­қы есе­бі­нен жа­ла­қы­дан ұстал­ған та­быс са­лы­ғы бой­ын­ша бе­ре­шек

Жиы­ны:
7)
Ав­тор­лық шар­ттар бой­ын­ша сый­а­қы­лар тө­леу та­лап­та­ры

Жиы­ны:
Бі­рін­ші ке­зек бой­ын­ша бар­лы­ғы:
2.
Екінші кезек
1)
Борышкердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген мүлік кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары
Жиыны:
2)
Банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушының кредит алуы нәтижесінде туындаған кредиторлардың талаптары
Жиыны:
3)
Орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның бұрын жасалған және осы клирингтік ұйымға қатысушы болып табылатын орындамаған банкрот, орталық контрагент қатысатын мәмілелердің нәтижесінде туындаған талаптары
Жиыны:
Екінші кезек бойынша жиыны:
3.
Үшін­ші ке­зек
1)
Са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер бой­ын­ша бе­ре­шек

2)
Са­лық тө­ле­у­ші са­лық есеп­ті­лі­гіне сәй­кес есеп­те­ген, са­лық қыз­ме­ті ор­га­ны өтіп кет­кен са­лық ке­зең­де­рі мен банк­рот­тық рә­сі­мі қол­да­ны­л­ған са­лық ке­зе­ңі үшін са­лық­тық тек­се­ру­лер нәти­же­ле­рі бой­ын­ша есеп­те­ген са­лық және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер­ді тө­леу бой­ын­ша бе­ре­шек

Үшін­ші ке­зек бой­ын­ша жиы­ны:
4.
Төр­тін­ші ке­зек
1)
Аза­мат­тық-құқық­тық және өзге де мін­дет­те­ме­лер бой­ын­ша кре­ди­тор­лар­дың та­лап­та­ры

Жиы­ны:
2)
Ке­піл­мен қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген бө­лі­гін­де мін­дет­те­ме­лер бой­ын­ша ке­піл­ді кре­ди­тор­лар­дың та­лап­та­ры

Жиы­ны:
3)
Ке­піл­ді өт­кі­зу­ден тү­се­тін со­ма мөл­ше­рі­нен аса­тын ке­піл­ді кре­ди­тор­лар­дың та­лап­та­ры

Жиы­ны:
4)
Егер ке­піл­ді мү­лік­тің ба­ға­лау құ­ны ке­піл­ді кре­ди­тор бі­рін­ші ке­зек­те­гі кре­ди­тор­лар­дың та­лап­та­рын қа­на­ғат­тан­ды­ру есе­біне тө­ле­ген со­ма­мен жиын­тық­та кре­ди­тор­лар та­лап­та­ры­ның ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ген ке­піл­ді кре­ди­тор­дың та­лап­та­ры­нан кем болған жағ­дай­да, ай­ыр­ма мөл­ше­рін­де­гі ке­піл­ді мү­лік­ті бе­ру ке­зін­де­гі ке­піл­ді кре­ди­тор­лар­дың та­лап­та­ры

Төр­тін­ші ке­зек бой­ын­ша жиы­ны:
5.
Бе­сін­ші ке­зек
1)
За­лал­дар, тұ­рақ­сыздық ай­ы­бы (ай­ып­пұл­дар, өсім­пұл­дар)

Жиы­ны:
2)
Ең­бек қа­ты­на­ста­ры банк­рот­тық ту­ра­лы іс бой­ын­ша іс жүр­гі­зу қоз­ғал­ған­ға дей­ін бір жыл­дан ба­стал­ған уа­қыт ке­зе­ңі ішін­де туын­да­ған кре­ди­тор­лар­дың бо­рыш­кер­де банк­рот­тық ту­ра­лы іс бой­ын­ша іс жүр­гі­зу қоз­ғал­ған­ға дей­ін бір жыл ал­дын­да­ғы күн­тіз­бе­лік он екі ай бұ­рын қа­лып­тас­қан ор­та­ша ай­лық жа­ла­қы мөл­ше­рі­нен аса­тын ең­бе­ка­қы және өте­ма­қы­лар тө­леу бой­ын­ша та­лап­та­ры.

Жиы­ны:
3)
Банк­рот­тық ту­ра­лы іс бой­ын­ша іс жүр­гі­зу қоз­ғал­ған­ға дей­ін бір жыл­дан ба­стап есеп­тел­ген ке­зең­де қыз­мет­кер­дің жа­ла­қы­сын арт­ты­ру нәти­же­сін­де қа­лып­тас­қан кре­ди­тор­лар­дың ең­бе­ка­қы және өте­ма­қы­лар тө­леу бой­ын­ша кре­ди­тор­лар та­лап­та­ры­ның ұл­ғаю со­ма­сы

Жиы­ны:
4)
Та­лап­тар қою мер­зі­мі өт­кен­нен кей­ін мә­лім­дел­ген та­лап­тар

Бе­сін­ші ке­зек бой­ын­ша жиы­ны:
Ті­зі­лім бой­ын­ша жиы­ны:
6.
Та­ныл­ма­ған та­лап­тар:

Жиы­ны:
Әкімші
______________________________________ ___________ __________________
(борышкердің атауы/ Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса))
М.О. (бар болса)

2 Астық қабылдау кәсіпорнының кредиторлары талаптарының тізілімі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2014 жы­л­ғы 2 шіл­де­де­гі
№ 762 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Нысан
20___ жылғы "____" ___________
(кредиторлар талаптарының тізілімін
уәкілетті органның интернет-ресурсында
жариялау күні)
Астық қабылдау кәсіпорнының кредиторлары талаптарының тізілімі
______________________________________________________________
(таратылатын борышкердің атауы/Т.А.Ә. (бар болса))
Р/с

Ке­зек, кре­ди­тор­дың Т.А.Ә. (бар бол­са)/ата­уы
Кре­ди­тор­дың же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/ биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (ЖСН/БСН)
Қой­ы­л­ған та­лап­тар­дың со­ма­сы (тең­ге)
Әкім­ші қа­был­да­ған ше­шім­нің негіз­ді­лі­гін рас­тай­тын құ­жат­тар (ата­уы, кү­ні, нө­мі­рі), бе­ре­шек туын­да­ған күн
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
6
1.
Бі­рін­ші ке­зек
1)
Аза­мат­тар­дың өмiрiне неме­се ден­са­улы­ғы­на зи­ян кел­тiрі­л­генi үшiн олар­дың ал­дын­да та­ра­ты­ла­тын астық қа­был­дау кәс­i­пор­ны жа­у­ап бе­ретiн та­лап­та­ры

Бі­рін­ші ке­зек бой­ын­ша бар­лы­ғы:
2.
Екін­ші ке­зек
1)
Eң­бек шар­ты бой­ын­ша жұ­мыс iстей­тін адам­дар­ға ең­бе­ка­қы тө­леу бой­ын­ша та­лап­тар

Екін­ші ке­зек бой­ын­ша жиы­ны:
3.
Үшін­ші ке­зек
1)
Ке­пiл ту­ра­лы мәлi­мет­тер­дi қам­ти­тын астық қол­хат­та­рын ұста­у­шы­лар­дың та­лап­та­ры

Үшін­ші ке­зек бой­ын­ша жиы­ны:
4.
Төр­тін­ші ке­зек
1)
Ке­пiл ту­ра­лы мәлi­мет­тер­дi қам­ты­май­тын астық қол­хат­та­рын ұста­у­шы­лар­дың та­лап­та­ры

Төр­тін­ші ке­зек бой­ын­ша жиы­ны:
5.
Бе­сін­ші ке­зек
1)
Та­ра­ты­ла­тын астық қа­был­дау кәс­i­пор­ны­ның мүлiк ке­пiлi­мен қам­та­ма­сыз етiл­ген мiн­дет­те­ме­лер бой­ын­ша кре­ди­тор­лар­дың та­лап­та­ры

Бе­сін­ші ке­зек бой­ын­ша жиы­ны:
6.
Ал­тын­шы ке­зек
1)
Бюд­жет­ке тө­ле­нетiн мiн­дет­тi тө­лем­дер бой­ын­ша та­лап­тар

Ал­тын­шы ке­зек бой­ын­ша жиы­ны:
7.
Же­тін­ші ке­зек
1)
Заң­на­ма­лық ак­тiлер­ге сәй­кес бас­қа кре­ди­тор­лар­дың та­лап­та­ры

Же­тін­ші ке­зек бой­ын­ша жиы­ны:
Ті­зі­лім бой­ын­ша жиы­ны:
8.
Та­ныл­ма­ған та­лап­тар:
….
Жиы­ны:
Әкімші
____________________________________ ___________ ____________________
(борышкердің атауы/ Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса))
М.О. (бар болса)

3 Мақта өңдеу ұйымының кредиторлары талаптарының тізілімі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2014 жы­л­ғы 2 шіл­де­де­гі
№ 762 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Нысан
20___ жылғы "____" __________
(кредиторлар талаптарының тізілімін
уәкілетті органның интернет-ресурсында
жариялау күні)
Мақта өңдеу ұйымының кредиторлары талаптарының тізілімі
______________________________________________________________
(таратылатын борышкердің атауы/Т.А.Ә. (бар болса))
Р/с

Ке­зек, кре­ди­тор­дың Т.А.Ә. (бар бол­са)/
ата­уы
Кре­ди­тор­дың же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/ биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (ЖСН/БСН)
Қой­ы­л­ған та­лап­тар­дың со­ма­сы (тең­ге)
Әкім­ші қа­был­да­ған ше­шім­нің негіз­ді­лі­гін рас­тай­тын құ­жат­тар (ата­уы, кү­ні, нө­мі­рі), бе­ре­шек туын­да­ған күн
Ес­керт­пе
1
2
3
4
5
6
1.
Бі­рін­ші ке­зек
1)
Ти­іс­ті мер­зім­дік тө­лем­дер­ді ка­пи­тал­дан­ды­ру ар­қы­лы өмі­ріне неме­се ден­са­улы­ғы­на зи­ян кел­ті­рі­л­ге­ні үшін олар­дың ал­дын­да та­ра­ты­ла­тын мақ­та өң­деу ұй­ы­мы жа­у­ап­ты бо­ла­тын аза­мат­тар­дың та­лап­та­ры

Бі­рін­ші ке­зек бой­ын­ша бар­лы­ғы:
2.
Екін­ші ке­зек
1)
Же­ке ең­бек шар­ты бой­ын­ша жұ­мыс іс­тей­тін адам­дар­ға ең­бе­ка­қы, жа­ла­қы­дан ұстал­ған али­мент­тер­ді және мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­рын, сон­дай-ақ ав­тор­лық шар­ттар бой­ын­ша сый­а­қы­лар тө­леу бой­ын­ша та­лап­тар

Екін­ші ке­зек бой­ын­ша жиы­ны:
3.
Үшн­ші ке­зек
1)
Ке­піл ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді қам­ти­тын мақ­та қол­хат­та­рын ұста­у­шы­лар­дың та­лап­та­ры; мақ­та қол­хат­та­ры бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­ді өте­у­ге бай­ла­ны­сты жүр­гі­зі­л­ген тө­лем­дер бой­ын­ша мақ­та қол­хат­та­ры бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер­дің орын­да­луы­на ке­піл­дік бе­ру қо­ры­ның бо­ла­шақ­та­ғы та­лап­та­ры

Үшін­ші ке­зек бой­ын­ша жиы­ны:
4.
Төр­тін­ші ке­зек
1)
Ке­піл ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді қам­ты­май­тын мақ­та қол­хат­та­рын ұста­у­шы­лар­дың та­лап­та­ры

Төр­тін­ші ке­зек бой­ын­ша жиы­ны:
5.
Бе­сін­ші ке­зек
1)
Та­ра­ты­ла­тын мақ­та өң­деу ұй­ы­мы­ның мү­лік ке­піл­ді­гі­мен қам­та­ма­сыз еті­л­ген мін­дет­те­ме­лер бой­ын­ша кре­ди­тор­лар­дың та­лап­та­ры

Бе­сін­ші ке­зек бой­ын­ша жиы­ны:
6.
Ал­тын­шы ке­зек
1)
Са­лық­тар және бюд­жет­ке тө­ле­не­тін бас­қа да мін­дет­ті тө­лем­дер бой­ын­ша та­лап­тар

Ал­тын­шы ке­зек бой­ын­ша жиы­ны:
7.
Же­тін­ші ке­зек
1)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­ры­на сәй­кес бас­қа кре­ди­тор­лар­дың та­лап­та­ры

Же­тін­ші ке­зек бой­ын­ша жиы­ны:
Ті­зі­лім бой­ын­ша жиы­ны:
8.
Та­ныл­ма­ған та­лап­тар:
….
Жиы­ны:
Әкімші
____________________________________ ___________ ____________________
(борышкердің атауы/ Т.А.Ә. (бар болса)) (қолы) (Т.А.Ә. (бар болса))
М.О. (бар болса)

4 Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру қағидалары мен мерзімі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Үкі­ме­ті­нің
2014 жы­л­ғы 2 шіл­де­де­гі
№ 762 қа­улы­сы­мен
бе­кі­ті­л­ген
Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру қағидалары мен мерзімі

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру қағидалары мен мерзімі (бұдан әрі – Қағидалар) "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 72-бабының 7-тармағына және 88-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және оңалту рәсімін қолдану кезінде - уақытша әкімшінің және банкроттық туралы іс қозғалған кезде уақытша басқарушының кредиторлар талаптарының тізілімін (бұдан әрі – тізілім) қалыптастыру тәртібін айқындайды.
Заңның 71-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және 89-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес тізілімді жүргізуді оңалту рәсімін жүргізу кезінде – оңалтуды басқарушы және банкроттық рәсімін жүргізу кезінде банкроттықты басқарушы жүзеге асырады.

2 2. Оңалту рәсімі кезінде тізілімді қалыптастыру тәртібі

2

2. Кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында уақытша әкімші соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша тізілімді қалыптастырады.

3

3. Тізілімді қалыптастыру үшін уақытша әкімші тағайындалған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) оңалту рәсiмiн қолдану және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы қазақ және орыс тілдеріндегі хабарландыруды (бұдан әрі – хабарландыру) жолдайды.
Хабарландыру уәкілетті органның және борышкердің интернет-ресурсында (бар болса) екі жұмыс күні ішінде орналастырылады.

4 4. Кредиторлардың борышкерге қоятын талаптары ерікті түрде жазбаша нысанда мәлімделуі тиіс және мыналар:

1 1) талаптың сомасы туралы (негізгі берешектің, сыйақының (мүдденің), тұрақсыздық айыбының және өзге де айыппұл санкцияларының, залалдардың сомасы туралы жеке-жеке) мәліметтер;

2 2) кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарландыру тәсілдерінің бірін көрсету қамтылуы қажет.

Талаптар, егер осы Қағидалардың 10-тармағының бірінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарлама жарияланған сәттен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде мәлімделуі және хабарландыруда көрсетілген мекенжайға жіберілуі тиіс.
Кредитордың осы Қағидалардың 4-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген талабы уақытша әкімшіге немесе оңалтуды басқарушыға жолданады.
Өтінішке талаптың негізі мен сомасын растайтын құжаттардың көшірмелері (заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің қарызын мойындауы) қоса беріледі, салыстырып тексеру үшін онымен бір мезгілде құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Кредиторлар талаптың негізі мен сомасын растайтын өзге құжаттарды ұсынуға құқылы.
Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары сот оңалту рәсімін енгізу туралы шешім қабылдаған сәтте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен ескеріледі.
Кредиторлар борышкерге берешек сомасын және осы сомаға тиесілі сыйақыны (мүддені), борышкер тарапынан міндеттемелердің орындалмауынан немесе тиісінше орындалмауынан келтірілген залалдарды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) қамтитын талаптарды қоюға құқылы.
Сыйақының (мүдденің), залалдардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдардың, өсімпұлдардың) сомасы сот оңалту рәсімін енгізу туралы шешім қабылдаған күні айқындалады.

5 5. Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттарды уақытша әкімші немесе оңалтуды басқарушы оларды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

6

6. Кредиторлардың талаптарын толық көлемде немесе бір бөлігінде тануды немесе танымауды уақытша әкімші кредитор ұсынған құжаттарды борышкердің мынадай құжаттарымен салыстырып тексеру негізінде жүзеге асырады: бухгалтерлік құжаттама, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген шарттар; кредитор мен борышкер арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актілері; түгендеу ведомосы; шот-фактуралар; кіріс кассалық ордерлері; фискалды чектер; тауарды жөнелтуге арналған жүкқұжаттар; тауарға ілеспе жүкқұжаттар; банктік шоттан көшірме жазбалар; шығыс кассалық ордерлері; салық есептілігі; күнін және берешектің пайда болу негізін, міндеттемелердің болуын растайтын өзге де құжаттар.
Тізілімді борышкердің бухгалтерлік теңгеріміне кредиторлық берешекті таратып жазу негізінде қалыптастыруға жол берілмейді.

7 7. Кредиторлардың талаптарын қарау нәтижелері туралы (танымау себептерін көрсете отырып, талаптарды толық көлемде немесе бір бөлігін тану немесе танымау туралы) уақытша әкімші шешім қабылданған күннен кейінгі күні әрбір кредиторды жазбаша хабардар етеді.

8 8. Уақытша әкімші таныған кредиторлардың талаптары да тізілімге енгізіледі.

Осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарына сай келетін өтініш болған кезде кредиторлардың бұрын сотқа мәлiмдеген талаптары тiзiлiмге енгiзiледi.

9 9. Кредитордың талабын (толық көлемде немесе бір бөлігінде) тану туралы хабарламада уақытша әкімші кредиторлардың алғашқы жиналысының өткізілу күнін, уақытын, орны мен күн тәртібін көрсетеді.

10

10. Кредитордың осы Қағидалардың 4-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген талабы танылған жағдайда тізілімге енгізіледі, бірақ мұндай кредитор бір ай мерзімде мәлімделген кредиторлар талаптары толық қанағаттандырылғанға дейін кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.
Осы Қағидалардың 5, 6, 7 және 8-тармақтарының талаптары, осы Қағидалардың 4-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген кредиторлардың талаптарын қарау кезінде оңалтуды басқарушыға қолданылады.

11 11. Тізілім Заңның 104-бабында белгіленген кепілді кредиторлар талаптарының тәртібін қоспағанда, Заңның 100 және 101-баптарында белгіленген кезектілікті сақтай отырып қалыптастырылады.

12

12. Уақытша әкімші тізілімнің әрбір кезегі бойынша бөлек іс қалыптастырады, онда хронологиялық тәртіппен және (немесе) логикалық кезектілікпен қолжазбаларсыз және артық даналарсыз: кредитордың өтініші; кредитор ұсынған құжаттар; уақытша әкімшінің қолымен куәландырылған кредитор талаптарының танылуын немесе танылмауын растайтын құжаттардың көшірмелері тігіледі.
Әрбір істің тақырыбы (титул парағы) кезектің атауын қамтиды және қысқаша түрде оның мазмұнын көрсетеді.
Әрбір іс тігіледі (бауланады), нөмірленеді және істің артқы бетінде борышкердің мөрімен (бар болса) куәландырылады және оған уақытша әкімші қол қояды. Құжаттар көлемі үлкен болған жағдайда, парақтары дербес нөмірленген томдар қалыптастырылады. Томдардан тұратын (олардың реттік нөмірлері көрсетілген) істің тақырыптары (кезектің атауы көрсетілген) осы томның ерекшеліктерін сипаттайтын ақпаратты қамтиды.
Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, құжаттарға уақытша әкімші немесе оңалтуды басқарушы қол қояды, осы тармақта белгіленген тәртіппен бөлек қалыптастырылған істе ресімделеді және тігіледі.

13 13. Борышкер әр парағын дәйектеген, қол қойған және оның мөрімен (бар болса) куәландырылған тізілімді:

1 1) уақытша әкімші – соттың оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде;

2

2) уақытша әкімші немесе оңалтуды басқарушы осы Қағидалардың 4-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген кредитор талаптарын таныған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз және электрондық жеткізгіштерде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.

14 14. Уәкілетті орган уақытша әкімші немесе оңалтуды басқарушы тізілімді ұсынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

Егер ұсынылған тізілім бекітілген нысанға сәйкес келмесе не толық ақпаратты қамтымаса, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тізілімді алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уақытша әкімшіге немесе оңалтуды басқарушыға жазбаша дәлелді ескертулер жібереді, ол алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды жоюы қажет.

15 15. Тізілім уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап қалыптастырылды (өзгертілді немесе толықтырылды) деп есептеледі.

16 16. Тізілім уәкілетті органның интернет-ресурсында оңалту рәсімі аяқталғанға дейін орналасады.

3 3. Банкроттық рәсімі кезінде тізілімді қалыптастыру тәртібі

17 17. Кредиторлар талаптарын қанағаттандыру және олардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында уақытша басқарушы соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі шыққаннан кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша тізілімді қалыптастырады.

18

18. Тізілімді қалыптастыру үшін уақытша басқарушы соттың оны тағайындау туралы ұйғарымы шығарылған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне банкроттық туралы істі қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы қазақ және орыс тілдеріндегі хабарландыруды (бұдан әрі – банкроттық жөніндегі істі қозғау туралы хабарландыру) жібереді.
Банкроттық жөнінде істі қозғау туралы хабарландыру уәкілетті органның және борышкердің интернет-ресурсында (бар болса) екі жұмыс күні ішінде орналастырылады.

19

19. Уақытша басқарушы сот орындаушыларынан заңды күшіне енген сот шешімін немесе борышкерден ақшаны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осындай кредиторларды банкроттық жөніндегі істі қозғау (борышкерді банкрот деп тану) және талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы жазбаша хабардар етеді.

20

20. Уақытша басқарушы соттың банкроттық жөнінде істі қозғау туралы ұйғарымды шығарған күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде өміріне және денсаулығына зиян келтірілгені үшін олардың алдында борышкер жауапты болатын азаматтарды да борышкерді банкрот деп тану және талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабардар етеді.

21 21. Кредиторлардың борышкерге қоятын талаптары ерікті түрде жазбаша нысанда мәлімделуі тиіс және мыналар:

1 1) талаптың сомасы туралы (негізгі берешектің, сыйақының (мүдденің), тұрақсыздық айыбының және өзге де айыппұл санкцияларының, залалдардың сомасы туралы жеке-жеке) мәліметтер;

2 2) кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарландыру тәсілдерінің бірін көрсету қамтылуы қажет.

Талаптар, егер осы Қағидалардың 27-тармағының бірінші бөлігінде өзгеше белгіленбесе, кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарлама жарияланған сәттен бастап бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде мәлімделуі және хабарландыруда көрсетілген мекенжайға жіберілуі тиіс.
Кредитордың осы Қағидалардың 21-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген талабы уақытша немесе банкроттықты басқарушыға жолданады.
Өтінішке талаптың негізі мен сомасын растайтын құжаттардың көшірмелері (заңды күшіне енген сот шешімдері, шарттардың көшірмелері, борышкердің қарызын мойындауы) қоса беріледі, салыстырып тексеру үшін онымен бір мезгілде құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады.
Кредиторлар талаптың негізі мен сомасын растайтын өзге құжаттарды ұсынуға құқылы.
Кредиторлардың шетел валютасында көрсетілген талаптары сот банкроттық рәсімін енгізу туралы шешім қабылдаған сәтте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша теңгемен ескеріледі.
Кредиторлар борышкерге берешек сомасын және осы сомаға тиесілі сыйақыны (мүддені), борышкер тарапынан міндеттемелердің орындалмауынан немесе тиісінше орындалмауынан келтірілген залалдарды, тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) қамтитын талаптарды қоюға құқылы.
Сыйақының (мүдденің), залалдардың, тұрақсыздық айыбының (айыппұлдардың, өсімпұлдардың) сомасы борышкерді банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған күні айқындалады.
Егер кредиторлардың мәлімдеген талаптары бойынша сыйақы (мүдде), тұрақсыздық айыбы және өзге де айыппұл санкциялары, залалдар есептелген болса, онда мұндай кредиторлар борышкер банкрот деп танылғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде сыйақыны (мүддені), тұрақсыздық айыбын және өзге де айыппұл санкцияларын, залалдарды ескере отырып, өзінің талаптарын қайтадан мәлімдейді.

22 22. Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттарды уақытша басқарушы немесе банкроттықты басқарушы оларды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

23

23. Кредиторлардың талаптарын толық көлемде немесе бір бөлігін тануды немесе танымауды уақытша басқарушы кредитор ұсынған құжаттарды борышкердің мынадай құжаттарымен салыстырып тексеру негізінде жүзеге асырады: бухгалтерлік құжаттама, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделген шарттар; кредитор мен борышкер арасындағы өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актілері; түгендеу ведомосы; шот-фактуралар; кіріс кассалық ордерлері; фискалды чектер; тауарды жөнелтуге арналған жүкқұжаттар; тауарға ілеспе жүкқұжаттар; банктік шоттан көшірме жазбалар; шығыс кассалық ордерлері; салық есептілігі; күнін және берешектің пайда болу негізін, міндеттемелердің болуын растайтын өзге де құжаттар.
Тізілімді борышкердің бухгалтерлік теңгеріміне кредиторлық берешекті таратып жазу негізінде қалыптастыруға жол берілмейді.

24

24. Кредиторлардың талаптарын қарау нәтижелері туралы (танымау себептерін көрсете отырып, талаптарды толық көлемде немесе бір бөлігін тану немесе танымау туралы) уақытша басқарушы шешім қабылданған күннен кейінгі күні әрбір кредиторды жазбаша хабардар етеді. Кредиторлардың борышкер банкрот деп танылғаннан кейін мәлімделген талаптары бойынша уақытша басқарушы шешім қабылданған күннен кейінгі күні осындай кредиторды жазбаша хабардар етеді.

25 25. Уақытша басқарушы таныған кредиторлардың талаптары тізілімге енгізіледі.

Осы Қағидалардың 21-тармағының талаптарына сай келетін өтініш болған кезде кредиторлардың бұрын сотқа мәлiмдеген талаптары да тiзiлiмге енгiзiледi.

26 26. Кредитордың талабын (толық көлемде немесе бір бөлігін) тану туралы хабарламада уақытша басқарушы кредиторлардың алғашқы жиналысының өткізілу күнін, уақытын, орны мен күн тәртібін көрсетеді.

27

27. Кредитордың осы Қағидалардың 21-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген талабы танылған жағдайда тізілімге енгізіледі, бірақ мұндай кредитор бір ай мерзімде мәлімделген кредиторлар талаптары толық қанағаттандырылғанға дейін кредиторлар жиналысында дауыс беру құқығынан айырылады.
Осы Қағидалардың 22, 23, 24 және 25-тармақтарының талаптары осы Қағидалардың 21-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген кредиторлардың талаптарын қарау кезінде банкроттықты басқарушыға қолданылады.

28 28. Тізілім Заңның 100; 101; 102; 103; 104; 105; 106; 107-баптарында белгіленген кезектілікті сақтай отырып қалыптастырылады.

29 29. Тізілімнің әрбір кезегі бойынша уақытша басқарушы осы Қағидалардың 12-тармағының талаптарына сәйкес бөлек іс қалыптастырады.

Тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, құжаттарға уақытша немесе банкроттықты басқарушы қол қояды, осы Қағидалардың 12-тармағында белгіленген тәртіппен бөлек қалыптастырылған істе ресімделеді және тігіледі.

30 30. Борышкер әр парағын дәйектеген, қол қойған және оның мөрімен (бар болса) куәландырылған тізілімді:

1 1) уақытша басқарушы – соттың борышкерді банкрот деп тану туралы шешімі шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде;

2

2) уақытша немесе банкроттықты басқарушы осы Қағидалардың 21-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімнен кешіктіріліп мәлімделген кредитор талаптарын таныған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз және электрондық жеткізгіштерде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.

31 31. Уәкілетті орган уақытша немесе банкроттықты басқарушы тізілімді ұсынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

Егер ұсынылған тізілім бекітілген нысанға сәйкес келмесе не толық ақпаратты қамтымаса, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тізілімді алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уақытша немесе банкроттықты басқарушыға жазбаша дәлелді ескертулер жібереді, ол алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оларды жоюы қажет.

31-1 31-1. Банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде банкроттықты басқарушы кредит алған жағдайда, кредиторлар талаптарының қалыптастырылған тізіліміне алынған кредитті қайтару бойынша кредиторлар талаптарының екінші кезегінің құрамына қосу арқылы өзгерістер енгізіледі.

31-2 31-2. Тізілім уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап қалыптастырылды (өзгертілді немесе толықтырылды) деп есептеледі.

32 32. Тізілім уәкілетті органның интернет-ресурсында банкроттық рәсімі аяқталғанға дейін орналасады.

33 33. Таратылатын астық қабылдау кәсіпорнының тізілімін қалыптастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша "Астық туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

34 34. Мақта өндеу ұйымының тізілімін қалыптастыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша "Мақта саласын дамыту туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Қолданыстағы