Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения камерального контроля за деятельностью администраторов в реабилитационной процедуре и процедуре банкротства

Қаулы · № 760 · қабылданған 02.07.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 25.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81192/on/2026-08-25/
Басып шығарылды 2026-08-25 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения камерального контроля за деятельностью администраторов в реабилитационной процедуре и процедуре банкротства Күшін жойған Қаулы ·№ 760 ·02.07.2014
23.07.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
25.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения камерального контроля за деятельностью администраторов в реабилитационной процедуре и процедуре банкротства

Күшін жойған Қаулы ·№ 760 · 25.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения камерального контроля за деятельностью администраторов в реабилитационной процедуре и процедуре банкротства
Атауы (қаз.)
Оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімінде әкімшілердің қызметіне камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
760
Қабылданған күні
02.07.2014
Көрсетілген редакция
23.07.2015 AI81192_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.07.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000760
ЭКБ идентификаторы
81192
Редакция идентификаторы
AI81192_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:12

0 Оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімінде әкімшілердің қызметіне камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 23.07.2015 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 18-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімінде әкімшілердің қызметіне камералдық бақылау жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімінде әкімшілердің қызметіне камералдық бақылау жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 760 қаулысымен
бекітілген
Оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімінде әкімшілердің қызметіне камералдық бақылау жүргізу қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімінде әкімшілердің қызметіне камералдық бақылау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімін жүргізу кезінде оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) әкімшінің қызметіне камералдық бақылау жүргізудің бірыңғай тәртібі мен мерзімін белгілейді.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) әкімші – сотта істерді қарау және оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде белгіленген тәртіппен тағайындалатын уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылар;

2 2) хабарлама – әкімшінің қызметіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама;

3 3) ағымдағы және сұрау салынатын ақпарат – әкімшінің уәкілетті органға беретін оңалту рәсімінің немесе банкроттық рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпараты.

2 2. Оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімінде әкімшілердің қызметіне камералдық бақылау жүргізу тәртібі мен оның мерзімі

3 3. Камералдық бақылау оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде әкімшінің қызметіне мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарына жатады және әкімшіге камералдық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру мақсатында жүргізіледі.

4 4. Камералдық бақылау уәкілетті органда бар мынадай деректерді:

1 1) ағымдағы және сұрау салынатын ақпаратты;

2 2) өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін;

3 3) әкімшінің және борышкердің қызметі жөнінде түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді өзара салыстыру жолымен жүргізіледі.

5 5. Камералдық бақылауды уәкілетті орган ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25 күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

6 6. Әкімшінің әрекетінде (әрекетсіздігінде) камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган хабарламаны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ресімдейді және анықталған бұзушылықтардың сипаттамасымен қоса жібереді.

7

7. Әкімші Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша хабарламаның орындалуы туралы есепті бергеннен кейін, уәкілетті орган көрсетілген есепке талдау жүргізеді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды растау туралы және (немесе) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың расталмағаны туралы қорытынды жасайды.
Осы тармақта көрсетілген қорытындылар әкімшінің хабарламаны орындағаны туралы есебін берген күнінен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жасалады.

1 Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды растау туралы қорытынды

Оңалту рәсімі мен банкроттық
рәсімінде әкімшілердің қызметіне
камералдық бақылау жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды растау туралы қорытынды
______________________________ ___________________
(уәкілетті органының атауы) (күні)
Мен, _______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), уәкілетті орган
қызметкерінің лауазымы)
____________________________________________________________________
осы қорытынды Оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімінде әкімшілердің
қызметіне камералдық бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), борышкердің атауы: _____________
_____________________________________________________________________
Борышкердің ЖСН (БСН): ______________________________________________
Рәсімнің түрі: ______________________________________________________
Әкімшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _______________________
_____________________________________________________________________
Әкімшінің ЖСН: _____________________________________________________,
20__ жылғы кезең үшін 20__ жылғы «___» ______ № ___ әкімші қызметінің
камералдық бақылау нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтарды жою
туралы хабарлама бойынша жасалды.
Жоғарыда аталған хабарламада көрсетілген бұзушылықтар туралы
камералдық бақылау нәтижелері бойынша
Шешім қабылданды: __________________________________________________
____________________________________________________________________
Уәкілетті органның қызметкері _____________________ __________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Уәкілетті орган
басқармасының басшысы ___________________ ________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Уәкілетті органның басшысы
(басшының орынбасары) _____________________ __________
(Т.А.Ә.) (қолы)

2 Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың расталмағаны туралы қорытынды

Оңалту рәсімі мен банкроттық
рәсімінде әкімшілердің қызметіне
камералдық бақылау жүргізу
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың расталмағаны туралы қорытынды
______________________________ ___________________
(уәкілетті органының атауы) (күні)
Мен, _______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), уәкілетті орган
қызметкерінің лауазымы)
____________________________________________________________________
осы қорытынды Оңалту рәсімі мен банкроттық рәсімінде әкімшілердің
қызметіне камералдық бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), борышкердің атауы: ____________
____________________________________________________________________
Борышкердің ЖСН (БСН): _____________________________________________
Рәсімнің түрі: _____________________________________________________
Әкімшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________
____________________________________________________________________
Әкімшінің ЖСН: ___________________________________________________,
20__ жылғы кезең үшін 20___ жылғы «___» ________ № ___ әкімші
қызметінің, камералдық бақылау нәтижесі бойынша анықталған
бұзушылықтарды жою туралы хабарлама бойынша жасалды.
Жоғарыда аталған хабарламада көрсетілген камералдық бақылау
нәтижелері бойынша шешім қабылданды:
Бұ­зу­шы­лық ата­уы
Тү­сі­нік­те­ме
Уәкі­лет­ті ор­га­ны­ның ше­ші­мі
Уәкілетті органның қызметкері _____________________ __________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Уәкілетті орган
басқармасының басшысы ___________________ ________
(Т.А.Ә.) (қолы)
Уәкілетті органның басшысы
(басшының орынбасары) _____________________ __________
(Т.А.Ә.) (қолы)

Қолданыстағы