Об утверждении Правил возмещения кредитором по налогам и другим обязательным платежам в бюджет административных расходов, связанных с возбуждением дела о банкротстве и проведением процедуры банкротства
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил возмещения кредитором по налогам и другим обязательным платежам в бюджет административных расходов, связанных с возбуждением дела о банкротстве и проведением процедуры банкротства
- Атауы (қаз.)
- Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 758
- Қабылданған күні
- 02.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 23.07.2015 AI81194_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400000758
- ЭКБ идентификаторы
- 81194
- Редакция идентификаторы
- AI81194_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:12
0 Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы
«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 61-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 2 шілдедегі
№ 758 қаулысымен
бекітілген
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу қағидалары
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу қағидалары «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 61-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитордың банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды сот шешімімен өтеу тәртібін айқындайды.
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кредитор – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – салық органдары) болып табылады.
2 2. Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды сот шешімі бойынша салық органы, егер мынадай:
1 1) борышкерде активтердің болмауы;
2 2) борышкерде жарамсыз деп тануға жататын мәмілелердің болмауы;
3 3) міндетіне Заңның 11-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген талаптарды орындау кіретін борышкердің лауазымды адамдарында активтердің болмауы мән-жайларының жиынтығы болған жағдайда өтейді.
2 2. Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімді жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу тәртібі
3
3. Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу туралы сот шешімін орындау мақсатында салық органдары банкроттықты басқарушы тағайындалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде онымен банкроттық рәсімдерді жүргізу бойынша қызмет көрсету туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) жасасады.
4 4. Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеуді салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және тәртіппен ұсынған өтінішхаты негізінде республикалық бюджеттен сот шешімі бойынша жүргізеді.
5 5. Салық органының әкімшілік шығыстарды өтеуі туралы көрсетілген, заңды күшіне енген борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі әкімшілік шығыстарды өтеуге негіз болады.
6
6. Банкроттықты басқарушы салық органына борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімін заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органдардың заңды тұлғаны тарату туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiлгеннен кейiн, ал банкрот дара кәсіпкер болып табылған жағдайда – банкроттық рәсімінің аяқталғаны туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енгеннен кейін ұсынады.
7 7. Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеу салық органының банкроттықты басқарушының Шартта көрсетілген банк шотына ақшалай қаражатты аударуы арқылы жүргізіледі.
8 8. Банкроттықты басқарушы банкроттық туралы іс қозғауға байланысты әкімшілік шығыстарды мынадай іс-шараларды жүзеге асырған:
1 1) борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтерді оның төлем қабілетсіздігі белгілерінің бар не жоқ екендігін растау мақсатында бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік құжаттарының негізінде сот шешімі шығарылғанға дейін жинаған;
2 2) сотқа борышкердің қаржылық жағдайы туралы қорытындыны ұсынған;
3 3) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен, мерзімде және нысан бойынша кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастырған;
4 4) кредиторлардың алғашқы жиналысын ұйымдастырған және өткізген уақытша басқарушының банк шотына аударады.
9 9. Банкроттық туралы іс қозғауға және банкроттық рәсімін жүргізуге байланысты әкімшілік шығыстарды өтеуді салық органы банкроттық рәсімі жүргізілген ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін жүргізеді.
Банкроттық туралы іс қозғауға байланысты әкімшілік шығыстарды өтеуді банкроттықты басқарушы салық органы оның банк шотына ақшалай қаражатты аударған сәтінен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді.