Құжат мәтініне өту

Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий

Қаулы · № А-6/274 · қабылданған 30.06.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81199/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий Күшін жойған Қаулы ·№ А-6/274 ·30.06.2014
10.04.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий

Күшін жойған Қаулы ·№ А-6/274 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и норм субсидий
Атауы (қаз.)
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-6/274
Қабылданған күні
30.06.2014
Көрсетілген редакция
10.04.2015 81199_169249.kaz
Соңғы өзгеріс
10.04.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14B0004255
ЭКБ идентификаторы
81199
Редакция идентификаторы
81199_169249
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:15

0 Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын белгілеу туралы

«Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi-егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Белгіленсін:

осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға).

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.Қ.Әкімовке жүктелсін.

3 3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А.Мамытбеков

4 Ақмола облысы әкімдігінің

2014 жылғы 30 маусымдағы
№ а-6/274 қаулысына
1-қосымша
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі
р/с №
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы
1
дәнділер (жаздық бидай)
2
дәнділер (арпа)
3
дәнділер (сұлы, қарақұмық, астыққа тары)
4
бұршақ дәнділер (нут, бұршақ, жасымық)
5
майлы дақылдар
6
ашық топырақтағы картоп
7
өндірістік үлгідегі тамшылатып суармалау жүйесін қолданумен картоп және баубақша дақылдары
8
ашық топырақтағы баубақша дақылдары
9
азықтықтар (біржылдық шөптер, ағымдағы жылдың көпжылдық шөптері және жайылымдық жерлерді шалғындандыру және (немесе) шабындық жерлерді және (немесе) жайылымдық жерлерді түбегейлі жақсарту мақсаттары үшін себілген көпжылдық шөптер)
10
сүрлемге жүгері
11
өндірістік типтегі жылыжайларда қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін, көкөніс дақылдары

5 Ақмола облысы әкімдігінің

2014 жылғы 30 маусымдағы
№ а-6/274 қаулысына
2-қосымша
Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға)
р/с №
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың атауы
Субсидиялар нормалары (1 гектарға) теңге
1
дәнділер (жаздық бидай)
300
2
дәнділер (сұлы, қарақұмық, астыққа тары)
650
3
бұршақ дәнділер (нут, бұршақ, жасымық)
650
4
майлы дақылдар
7000
5
азықтықтар (біржылдық шөптер, ағымдағы жылдың көпжылдық шөптері және жайылымдық жерлерді шалғындандыру және (немесе) шабындық жерлерді және (немесе) жайылымдық жерлерді түбегейлі жақсарту мақсаттары үшін себілген көпжылдық шөптер)
6000
6
сүрлемге жүгері
6500
7
ашық топырақтағы картоп
30000
8
өндірістік үлгідегі тамшылатып суармалау жүйесін қолданумен картоп және баубақша дақылдары
75000
9
ашық топырақтағы баубақша дақылдары
30000
10
қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін, көкөніс дақылдары
3736620,7

Қолданыстағы