Об утверждении структуры планов гражданской обороны и планов действий по ликвидации чрезвычайных ситуаций
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении структуры планов гражданской обороны и планов действий по ликвидации чрезвычайных ситуаций
- Атауы (қаз.)
- Азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 258
- Қабылданған күні
- 29.05.2014
- Көрсетілген редакция
- 15.08.2025 81211_776941.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400009554
- ЭКБ идентификаторы
- 81211
- Редакция идентификаторы
- 81211_776941
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:32
0 Азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын бекіту туралы
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 - бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған:
1 1) азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2 2) төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 29 мамырдағы № 258
бұйрығына 1-қосымша
Азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы
1 1-тарау. Қазақстан Республикасының, орталық атқарушы органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы
1 1-параграф. Қарсылас шабуыл жасаған кездегі ықтимал ахуалды қысқаша бағалау
1 1. Қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану және диверсиялық-барлау топтарының іс-қимылдары кезіндегі ықтимал шабуыл жасалатын объектілердің қысқаша сипаттамасы. Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға және жүргізуге ықпал ететін ерекшеліктер.
2 2. Объектілердегі қарсыластың шабуылынан және диверсиялық барлау топтарының іс-қимылдарынан кейінгі ықтимал ахуалға қысқаша баға беру. Қарсыластың шабуылы салдарының ықтимал ауқымы және сипаты.
3 3. Қарсыластың шабуылынан кейінгі ахуалды бағалаудан туындайтын тұжырымдар.
2 2-параграф. Азаматтық қорғау әзірлігі дәрежелерін енгізу кезіндегі іс-шаралар
4 4. «Бірінші топтың бірінші кезектегі іс-шаралары» азаматтық қорғау әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.
5 5. «Екінші топтың бірінші кезектегі іс-шаралары» азаматтық қорғау әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.
6 6. «Жалпы әзірлік» азаматтық қорғау әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.
3 3-параграф. Әскери жағдайды енгізу және соғыс уақыты кезінде жүргізілетін азаматтық қорғаныс іс-шаралары
7 7. Азаматтық қорғауды басқару органдарын және халықты құлақтандыру. «Баршаның назарына!» құлақтандыру сигналы бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу.
8 8. Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары.
9 9. Радиацияға қарсы, химиялық және биологиялық қорғау.
10 10. Медициналық көмек, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.
11 11. Эвакуациялау іс-шаралары.
12 12. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
13 13. Азаматтық қорғау күштері мен құралдарының құрамы, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.
14 14. Басқаруды және байланысты ұйымдастыру.
15 15. Әскери басқару органдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
16
16. Азаматтық қорғаныс жоспары мынадай масштабтағы топографиялық картада ресімделген графикалық бөлімнен тұрады: республикалық деңгей үшін М 1:1 000 000; облыстар үшін М 1:500 000, республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар үшін М 1:50 000; облыстың аудандары үшін М 1:100 000.
Азаматтық қорғаныс жоспарының мәтіндік бөлігі түсіндірме жазба түрінде ресімделеді.
2 2-тарау. Санатталған ұйымдар мен базасында азаматтық қорғау қызметі құрылған ұйымдарға арналған азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы
1 1-параграф. Қарсылас шабуыл жасаған кездегі ықтимал ахуалды қысқаша бағалау
17 17. Санатталған ұйымдар мен базасында азаматтық қорғау қызметі құрылған ұйымдардың (әрі қарай - ұйымдар) қысқаша сипаттамасы. Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыруға және жүргізуге ықпал ететін ерекшеліктер.
18 18. Қарсыластың шабуылынан және диверсиялық барлау топтарының іс-қимылдарынан кейінгі ықтимал ахуалды қысқаша бағалау. Қарсыластың шабуылы салдарының ықтимал ауқымы және сипаты.
19 19. Қарсыластың шабуылынан кейінгі ахуалды бағалаудан туындайтын қорытындылар.
2 2-параграф. Азаматтық қорғау әзірлігі дәрежелерін енгізу кезіндегі іс-шаралар
20 20. «Бірінші топтың бірінші кезектегі іс-шаралары» азаматтық қорғау әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.
21 21. «Екінші топтың бірінші кезектегі іс-шаралары» азаматтық қорғау әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.
22 22. «Жалпы әзірлік» азаматтық қорғау әзірлігі дәрежесін енгізу кезінде.
3 3-параграф. Әскери жағдайды енгізу және соғыс уақыты кезінде жүргізілетін азаматтық қорғаныс іс-шаралары
23 23. Ұйымдардың қызметкерлері мен жұмыскерлерін құлақтандыру.
24 24. Инженерлік – техникалық Азаматтық қорғаныстың іс-шаралары.
25 25. Радиацияға қарсы, химиялық және биологиялық қорғау.
26 26. Медициналық көмек, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.
27 27. Эвакуациялау іс-шаралары.
28 28. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
29 29. Азаматтық қорғау күштері мен құралдарының құрамы, авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.
30 30. Басқаруды және байланысты ұйымдастыру.
31 31. Объектінің тұрақтылығы бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
32 32. Азаматтық қорғаныс жоспары картада (схемада) ресімделген графикалық бөлімнен тұрады.
Азаматтық қорғаныс жоспарының мәтіндік бөлігі түсіндірме жазба түрінде ресімделеді.
2 Төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымы
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 29 мамырдағы
№ 258 бұйрығына
2-қосымша
Төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымы