Құжат мәтініне өту

Об утверждении Регламента государственной услуги "Выдача заключения о подтверждении отнесения импортируемых на территорию Республики Казахстан с территории государств-членов Таможенного союза товаров к товарам, предназначенным для промышленной переработки в легкой, горно-металлургической, химической, фармацевтической, деревообрабатывающей отраслях промышленности, а также в машиностроении и стройиндустрии"

Бұйрық · № 196 · қабылданған 02.06.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81226/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Регламента государственной услуги "Выдача заключения о подтверждении отнесения импортируемых на территорию Республики Казахстан с территории государств-членов Таможенного союза товаров к товарам, предназначенным для промышленной переработки в легкой, горно-металлургической, химической, фармацевтической, деревообрабатывающей отраслях промышленности, а также в машиностроении и стройиндустрии" Қолданыста Бұйрық ·№ 196 ·02.06.2014
28.05.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Регламента государственной услуги "Выдача заключения о подтверждении отнесения импортируемых на территорию Республики Казахстан с территории государств-членов Таможенного союза товаров к товарам, предназначенным для промышленной переработки в легкой, горно-металлургической, химической, фармацевтической, деревообрабатывающей отраслях промышленности, а также в машиностроении и стройиндустрии"

Қолданыста Бұйрық ·№ 196 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Регламента государственной услуги "Выдача заключения о подтверждении отнесения импортируемых на территорию Республики Казахстан с территории государств-членов Таможенного союза товаров к товарам, предназначенным для промышленной переработки в легкой, горно-металлургической, химической, фармацевтической, деревообрабатывающей отраслях промышленности, а также в машиностроении и стройиндустрии"
Атауы (қаз.)
"Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды жеңіл, тау-кен металлургиялық, химиялық, фармацевтикалық, ағаш өндейтін өнеркәсіп саласында, сонымен қатар машина жасау және құрылыс индустриясы саласында өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растайтын қорытындыны беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
196
Қабылданған күні
02.06.2014
Көрсетілген редакция
28.05.2015 AI81226_2.kaz
Соңғы өзгеріс
28.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1400009569
ЭКБ идентификаторы
81226
Редакция идентификаторы
AI81226_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:30

0

"Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды жеңіл, тау-кен металлургиялық, химиялық, фармацевтикалық, ағаш өндейтін өнеркәсіп саласында, сонымен қатар машина жасау және құрылыс индустриясы саласында өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растайтын қорытындыны беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қоса беріліп отырған «Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды жеңіл, тау-кен металлургиялық, химиялық, фармацевтикалық, ағаш өндейтін өнеркәсіп саласында, сонымен қатар машина жасау және құрылыс индустриясы саласында өнеркәсiптiк қайта өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растайтын қорытындыны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Өнеркәсiп комитетi (Б.Ә. Қасымбеков) заңнамада белгiленген тәртiппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жiберiлуiн;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшыларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсiн.

3 3. Осы бұйрықты орындауды бақылауды өзіме қалдырамын.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

0 «Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды жеңіл, тау-кен металлургиялық, химиялық, фармацевтикалық, ағаш өндейтін өнеркәсіп саласында, сонымен қатар машина жасау және құрылыс индустриясы саласында өнеркәсiптiк қайта өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растайтын қорытындыны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
міндетін атқарушының
2014 жылғы 2 маусымдағы № 196
бұйрығымен бекітілген
«Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды жеңіл, тау-кен металлургиялық, химиялық, фармацевтикалық, ағаш өндейтін өнеркәсіп саласында, сонымен қатар машина жасау және құрылыс индустриясы саласында өнеркәсiптiк қайта өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растайтын қорытындыны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсiп комитетi (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, оның ішінде www.еgov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.

2 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны – электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды жеңіл, тау-кен металлургиялық химиялық фармацевтикалық ағаш өндейтін өнеркәсіп саласында, сонымен қатар машина жасау және құрылыс индустриясы саласында өнеркәсiптiк қайта өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растайтын қорытынды (бұдан әрі – қорытынды).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электронды түрде.

2 2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы

4

4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 наурыздағы № 202 қаулысымен бекітілген «Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды жеңіл, тау-кен металлургиялық, химиялық, фармацевтикалық, ағаш өндейтін өнеркәсіп саласында, сонымен қатар машина жасау және құрылыс индустриясы саласында өнеркәсiптiк қайта өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растайтын қорытындыны беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті стандартының 9-тармағына сәйкес құжатттарды қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының өтінімі немесе электронды сұрауы болып табылады.

5 5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 15 минуттің ішінде жібереді;
2-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қарар жазады және оларды басқарма басшысына қарауға 15 минуттің ішінде жібереді;
3-рәсім – басқарма басшысы жауапты орындаушыны анықтайды және оған құжаттарды 15 минуттің ішінде береді;
4-рәсім – жауапты орындаушы ұсынылған құжаттарды олардың қойылатын талаптарға сәйкестігін тексереді, мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындайды және басқарма басшысына қарауға 14 күнтізбелік күнінен кеш емес енгізеді;
5-рәсім – басқарма басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне бұрыштама қояды және көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қоюға 15 минуттің ішінде береді;
6-рәсім – көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және оны жауапты орындаушыға 15 минуттің ішінде береді;
7-рәсім – жауапты орындаушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тіркеуге 15 минуттің ішінде жібереді;
8-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға 15 минуттің ішінде береді.

6 6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсім (іс-қимыл) нәтижесі осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген:

1 1) тіркелген құжаттар;

2 2) қарар;

3 3) жауапты орындаушымен құжаттарды алу;

4 4) басқарма басшысы қараған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;

5 5) бұрыштама қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;

6 6) қол қойылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;

7 7) тіркелген мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі;

8 8) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру.

3 3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

7 7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1 1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманы;

2 2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;

3 3) басқарма басшысы;

4 4) жауапты орындаушы.

8 8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.

4 4. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

9 9. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібінің және рәсімдері (іс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы.

9.1 9.1. Көрсетілетін қызметті беруші рәсімдері (іс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы:

1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету үшін порталдың мемлекеттік дерекқоры ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – МДҚ АЖ) логин және құпия сөз енгізуі (авторлану рәсімі);
1-шарт – порталдың МДҚ АЖ-да құпия сөз және логин арқылы көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректер дұрыстығының тексерілуі;
2-рәсім – порталдың МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың бар болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаның қалыптасуы;
3-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін экранға сұрау салу нысанын шығару және көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушы деректерін енгізуі;
4-рәсім – «Жеке тұлға» мемлекеттік дерекқорында/ «Заңды тұлға» мемлекеттік дерекқорында (бұдан әрі – ЖТ МДҚ / ЗТ МДҚ) электрондық үкіметтің шлюзі арқылы көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұраудың жолдануы;
2-шарт – ЖТ МДҚ-да/ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің болуы тексерілуі;
5-рәсім – ЖТ МДҚ-да/ ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің жоқ болуына байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаның қалыптасуы;
6-рәсім – қағаз нысанындағы құжаттардың болуы туралы белгілер бөлігінде сұрау салу нысанының толтырылуы және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің сканерлеуі және сұрау салу нысанына оларды тіркеуі;
7-рәсім – сұрау салудың порталдың МДҚ АЖ-да тіркелуі және көрсетілетін қызметтің порталдың МДҚ АЖ-да өңделуі;
3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарына және мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған негіздемелерге сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
8-рәсім – порталдың МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты сұралған көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаның қалыптасуы;
9-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының порталдың МДҚ АЖ қалыптастырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін (электрондық қорытынды) алуы. Электрондық қорытынды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдаланыла отырып қалыптастырылады.

9.2 9.2. Көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібінің және рәсімдері (іс-қимылдары) бірізділігінің сипаттамасы.

көрсетілетін қызметті алушы порталда көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
1-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде ЭЦҚ тіркеу куәлігінің орнатылуы көрсетілетін қызметті алушының порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуы үшін құпия сөзді енгізуі рәсімі (авторлану рәсімі);
1-шарт – порталда логині (жеке сәйкестендіру нөмірі және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БЖН) және құпия сөзі арқылы тіркелген тұтынушы туралы деректер нақтылығының тексерілуі;
2-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты порталдың авторландырудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін экранға сұрау салу нысанын шығару және көрсетілетін қызметті алушының нысанды, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, қажетті құжаттарды электронды түрде сұрау салу нысанына қоса бере отырып, толтыруы (деректерді енгізуі);
4-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының сұрауды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
2-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және оның қайтарылған (күшін жойылған) тіркеу куәліктері тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректері сәйкестігінің тексерілуі;
5-рәсім – көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ-сының дұрыстығы расталмауына байланысты сұратылған көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаның қалыптасуы;
6-рәсім – қызмет көрсетуге арналған сұрау салудың толтырылған нысанының (енгізілген деректердің) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылуы (қол қою);
7-рәсім – электрондық құжаттың (көрсетілетін қызметті алушы сұрауының) порталдың МДҚ АЖ-да тіркелуі және порталдың МДҚ АЖ-да сұраудың өңделуі;
3-шарт – көрсетілетін қызметті алушының қойылатын талаптарына және қорытынды беруге арналған негіздемелерге сәйкестігін көрсетілетін қызметті берушінің тексеруі;
8-рәсім – порталдың МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаның қалыптасуы;
9-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының порталдың МДҚ АЖ қалыптастырған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін (электрондық қорытынды) алуы. Электрондық қорытынды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланыла отырып қалыптастырылады.
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы диаграммасы және көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы диаграммасы осы регламентке 3-қосымшада келтірілген.

1 Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі

«Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан ҚазақстанРеспубликасының аумағына
импортталатын тауарларды жеңіл,
тау-кен металлургиялық химиялық
фармацевтикалық ағаш
өндейтін өнеркәсіп саласында,
сонымен қатар машина жасау
және құрылыс индустрия саласында
өнеркәсiптiк қайта өңдеуге
арналған тауарларға жатқызуды
растайтын қорытындыны беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі
Рә­сім №
1
2
3
4
5
6
7
8
Құ­ры­лым­дық бө­лім­ше ата­уы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші кең­се­сі­нің ма­ма­ны
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бас­шы­лы­ғы
Бас­қар­ма бас­шы­сы
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы
Бас­қар­ма бас­шы­сы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бас­шы­лы­ғы
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші кең­се­сі­нің ма­ма­ны
Рә­сім (іс-қи­мыл­дар) ата­уы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және тір­кеу, олар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бас­шы­лы­ғы­на жі­бе­ру
Құ­жат­тар­ға қа­рар жа­зу және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бас­қар­ма­сы­ның бас­шы­сы­на қа­ра­у­ға жі­бе­ру
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны анық­тау және оған құ­жат­тар­ды бе­ру
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­ды олар­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін тек­се­ру. Олар­дың қой­ы­ла­тын та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін қа­рау, мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сін дай­ын­дау және бас­қар­ма бас­шы­сы­на қа­ра­у­ға ен­гі­зу
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сіне бұ­ры­шта­ма қою және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бас­шы­лы­ғы­на қол қо­ю­ға бе­ру
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сіне қол қою және оны жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ға бе­ру
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші кең­се­сіне тір­кеу үшін мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін жі­бе­ру
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін тір­кеу және қыз­мет­ті алушы­ға бе­ру
Ке­ле­сі рә­сім­ді орын­да­уды ба­стау үшін негіз­де­ме бо­ла­тын, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту жө­нін­де­гі рә­сім­нің (іс-қи­мыл­дар­дың)нәти­же­сі
Тір­кел­ген құ­жат­тар
Қа­рар
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­мен құ­жат­тар­ды алу
Бас­қар­ма бас­шы­сы қа­ра­ған мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Бұ­ры­шта­ма қой­ы­л­ған мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Қол қой­ы­л­ған мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Тір­кел­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру
Орын­дау мер­зім­де­рі
15 ми­нут
15 ми­нут
15­ми­нут
14 күн­тіз­бе­лік кү­ні­нен кеш емес
15 ми­нут
15 ми­нут
15 ми­нут
15 ми­нут
Ке­ле­сі рә­сім (іс-қи­мыл) №
2
3
4
5
6
7
8
-

2 Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы

«Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан ҚазақстанРеспубликасының аумағына
импортталатын тауарларды жеңіл
тау-кен металлургиялық химиялық
фармацевтикалық ағаш
өндейтін өнеркәсіп саласында, сонымен
қатар машина жасау
және құрылыс индустрия саласында
өнеркәсiптiк қайта өңдеуге
арналған тауарларға жатқызуды
растайтын қорытындыны беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2-қосымша
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы

3 Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы диаграммасы

«Кеден одағына мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына
импортталатын тауарларды жеңіл,
Тау-кен металлургиялық, химиялық,
фармацевтикалық, ағаш
өндейтін өнеркәсіп саласында,
сонымен қатар машина жасау
және құрылыс индустрия саласында
өнеркәсiптiк қайта өңдеуге
арналған тауарларға жатқызуды
растайтын қорытындыны беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
3-қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы диаграммасы
Көрсетілетін қызметті алушы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы диаграммасы
Белгілеу шарттары:

Қолданыстағы