Об утверждении формы справки о происхождении вылова
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы справки о происхождении вылова
- Атауы (қаз.)
- Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 204-Ө
- Қабылданған күні
- 05.06.2014
- Көрсетілген редакция
- 08.07.2016 AI81241_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.07.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1400009570
- ЭКБ идентификаторы
- 81241
- Редакция идентификаторы
- AI81241_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:29
0 Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының 9-бабы 1-тармағының 51-38)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысаны бекітілсін.
2
2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қарғау министрінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 262-Ө "Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама нысанын бекіту туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8779 тіркелген, 2014 жылдың 01 ақпандағы № 22 (27643) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің жетекшілік ететін Вице-министріне жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитеті
Қазақстан Республикасы
Қоршаған орта және
су ресурстары министрлігінің
2014 жылғы 5 маусымдағы
№ 204-Ө бұйрығымен
бекiтiлген
нысан
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Балық шаруашылығы комитеті
____________________________________________________________________
(уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің атауы)
Балықтың қайда ауланғаны туралы анықтама
____________________________________________________________________
(заңды/жеке тұлғаның атауы, басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар
болғанжағдайда),
жануарлар әлемін пайдалануға арналған_______________
рұқсат көшірмесінің негізінде нөмірі _____ күні______).
Пайдаланушы туралы ақпарат:
№ р/р
Су айдынының және (немесе) учаскенің атауы:
Балық және басқа да су жануарларының түрлері
20_ жылдан 20 _ жылға дейін бекітілген квота (тонна)
20__ жылдың "__" ______ жағдай бойынша ауланғаны (тонна)
1
2
3
Жиыны:
Жөнелтпе көліктік құжаттың нөмірі және күні (Пайдаланушыны алып тастағанда) _________________________________________________________
Сату-сатып алу келісімшарттының нөмірі және күні (Пайдаланушыны алып тастағанда) _________________________________________________________
Инспекция балықтың қайда ауланғанын растайды:
№ р/р
Балықтың саны (тонна)
Балықтың түрі
1.
2.
3.
Жиыны:
Анықтаманың берілген күні 20 ___ ж "____" _______________
Қолы ________________________________________________________________
(аумақтық бөлімше басшысының тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда))
Мөр орны