О субсидировании стоимости гербицидов, биоагентов (энтомофагов) и биопрепаратов, предназначенных для обработки сельскохозяйственных культур в целях защиты растений
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О субсидировании стоимости гербицидов, биоагентов (энтомофагов) и биопрепаратов, предназначенных для обработки сельскохозяйственных культур в целях защиты растений
- Атауы (қаз.)
- Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (этномофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 638
- Қабылданған күні
- 10.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2014 AI81263_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14L0004723
- ЭКБ идентификаторы
- 81263
- Редакция идентификаторы
- AI81263_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:09
0 Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (этномофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау туралы
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 573 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес субсидияланатын гербицид түрлері және гербицидтерді жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 килограмына (литріне) арналған субсидия нормалары белгіленсін.
2. «2014 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға облыстық бюджет қаражатынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4674 тіркелген, «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2014 жылғы 17 мамырда жарияланған) Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 581 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_____________А. Мамытбеков
2014 жылғы «11» шілде
6 Қызылорда облысы әкімдігінің
2014 жылғы «10» шілдедегі
№ 638 қаулысына қосымша
Субсидияланатын гербицид түрлері және гербицидтерді жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 килограмына (литріне) арналған субсидиялар нормалары
р/с
Субсидияланатын гербицидтердің түрлері
Өлшем бірлігі
Бір өлшем бірлігінің құнын арзандату пайызы
Бір бірлікке арналған субсидия нормасы, теңге
1
Клиник, 36%, с.е.
(қышқыл глифосаты 360 г/л)
кг (л)
49,9
646
2
Ураган Форте, 500, с.е.
(қышқыл глифосаты 500 г/л)
кг (л)
49,9
1061
3
Торнадо, 50% с.е. (қышқыл глифосаты 500 г/л)
кг (л)
49,9
877
4
Солито, 320, э.к.
(претилахлор, 300 г/л+ пирибензоксим, 20 г/л)
кг (л)
29,9
2 140
5
Номини, 400, с.к.
(натрий биспирибагі, 400 г/л)
кг (л)
29,9
26 910
6
Рейнбоу, 25 ОД, м.ш.
(пеноксулам, 25 г/л)
кг (л)
29,9
4 425
7
Боливер, 50% с.д.т.
(азимсульфурон, 500 г/кг
кг (л)
29,9
84 078
8
Гулливер, с.д.т.
(азимсульфурон, 500 г/кг)
кг (л)
29,9
86 710
9
2М-4Х 750, 75% с.е.к.
(диметиламинді тұз)
кг (л)
29,9
542
10
Базагран, 48% с.е.
(бентазон, 480 г/л)
кг (л)
29,9
730
11
Гезагард, 500, с.к.
(прометрин, 500 г/л)
кг (л)
29,9
636
12
Пантера, 4% к. э. (40 г/л)
кг (л)
29,9
1078
13
Азимекс, (азимсульфурон, 500 г/кг)
кг (л)
29,9
74750
Қысқартылған сөздердің толық жазылуы:
г/кг – грамм/килограмм;
г/л – грамм/литр;
кг (л) – килограмм (литр);
э. к.- эмульсия концентраты;
м.ш. - майлы шашырама;
с.е.к.- суда еритін концентрат;
с.д.т.- сулы дисперленген түйіршік;
с.к.- сулы концентрат;
с.е.- сулы ерітінді;
с. к.- суспензиялы концентрат.