Құжат мәтініне өту

О принятии государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения "Акмола су арнасы" при отделе жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Коргалжынского района Акмолинской области из коммунальной собственности в республиканскую собственность

Қаулы · № 348 · қабылданған 12.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-81284/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О принятии государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения "Акмола су арнасы" при отделе жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Коргалжынского района Акмолинской области из коммунальной собственности в республиканскую собственность Күшін жойған Қаулы ·№ 348 ·12.04.2014
11.09.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О принятии государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения "Акмола су арнасы" при отделе жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Коргалжынского района Акмолинской области из коммунальной собственности в республиканскую собственность

Күшін жойған Қаулы ·№ 348 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О принятии государственного коммунального предприятия на праве хозяйственного ведения "Акмола су арнасы" при отделе жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Коргалжынского района Акмолинской области из коммунальной собственности в республиканскую собственность
Атауы (қаз.)
Ақмола облысы Қорғалжын ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жанындағы "Ақмола су арнасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
348
Қабылданған күні
12.04.2014
Көрсетілген редакция
11.09.2018 81284_351063.kaz
Соңғы өзгеріс
11.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1400000348
ЭКБ идентификаторы
81284
Редакция идентификаторы
81284_351063
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:06

0 Ақмола облысы Қорғалжын ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жанындағы "Ақмола су арнасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы

«Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлiктi мемлекеттік меншiктiң бір түрінен екiншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жанындағы «Ақмола су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мүліктік кешен ретінде заңнамада белгіленген тәртіппен коммуналдық меншіктен республикалық меншікке қабылдансын және Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгiнің қарамағына берілсін.

2

2. Ақмола облысы Қорғалжын ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жанындағы «Ақмола су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта аталсын.

3 3. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгi тиісті саладағы уәкілетті орган болып белгіленсін.

4 4. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні мемлекет меншігіндегі су шаруашылығының жүйелері мен құрылыстарын ұстау, пайдалану, сондай-ақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып белгіленсін.

5 5. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгi заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;

2 2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін;

3 3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен, сондай-ақ Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

6 6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

7 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

11 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 12 cәуірдегі
№ 348 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

1 1. «Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1344 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 638-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:
«3. Топтық су құбырлары» деген бөлім мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
«24) Нұра топтық су құбыры».

2 2. «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгi» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 278-15-жолмен толықтырылсын:
«278-15. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгiнің «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».

3 3. «Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 172 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 17, 302-құжат):

Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 49-жолмен толықтырылсын:
«49. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгiнің «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».

Қолданыстағы